
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
Қытай – жапон соғ кейін Қытайдың ұлттық құтқаруы өте өзекті мәселеніңбіріне айналып, реф-қ қозғалыстарға түрткі болды. Ұлттық буржуазия мен помещиктердің бір бөлігі Орталық қытай үкіметіне капитализмнің дамуына жол ашатын ж/е шет ел мем-ң эк/қ экспанциясынан мем-ті қорғау реф-н жүзеге асыруды талап етті. Кан Ювей, Лян Цичао ж/е т.б бірқатар реформаторлар конститутциялық монархия үшін күресті. Олардың көзқарасы бой/ша Қытай өзінің феодалдық құрылысын өзгертпеу керек еді , тек а/ш мен өнеркәсіп , сауданың ғана дамуын қажет еткен еді. Бұл идеялар соңында император Гуан Сюидің 1898 ж жарлығында көрініс тауып, бұл- буржуазиялық қысқа мерзімді реф-ң бастамасы еді. Алайда , көптеген реф-қ көзқарастар мен іс-әрекеттер регент Цысы бастаған консерваторлық күштердің қарсылығына тап болды. Гуан Сюйдің реформалары тек 103 күн ғана өмір сүрді. Бұл кзең Қытай тарихында «рефор-ң 100 күні» деген атауға ие болды. Реформалық қозғалыстармен қатаң , жауыздықпен басылып , көптеген реформаторларды елден кетіп үлгермей өлтіріп отырды. XIX ғ соңында Қытайда Батыс саяси-эк-қ ж/е әлеуметтік терр-р кең тарала бастады. Прогрессивті көңіл күйдегі қытайлықтар батыс филос-ң , социал-ң , эк-ң еңбектерінен қытайлықтар сол кезде туындаған қиын жағдайдың шешімін тапқысы келді . Солардың ықпалымен Кан Ювейдің «Реформаға ұсыныс» «Ұлы бірігу туралы кітап» ( Da tong shu ) ж/е Сунь Ятсеннің «үш ұлттық принцип» ( San min zhuyi) ( яғни ұлтшыл ел) сияқты еңбектер жарық көрді. Сол реформаторлардың ішінен суырылып шыққан бірден –бір дара тұлға Сунь Ятсен болды.Оның негізгі концепциясы республикалық мем-т құруды ұсынды. Бұл оның Sanmin zhuyi еңбегінде көрініс тапты. Яғни , ол 1) Монархияны құлатып, маньчжурларды билік басынан қуып, қытай-ң билікті өз қолына алу қажет . 2)Халықтық республика құру. 3) Халық тұрмысын жақсарту, жерге деген тең құқылық идеясын алға қойды. Жалпы саяси жүйеде реф-ма жасау 3 жолды көрсетеді: 1) Империяның шексіз билігін шектейтін , Конституциялық монархиялық жүйені орнату. 2) Абсолюттік монархияны қолдау 3) Сунь Ятсен концепциялары.
49. ҚКП –ның зиялыларға қолданған саясаты.
1957-1958 жж антиинтеллегенцияға қарсы қозғалыс жүреді. ( яғни идеологичлық жағынан тазарту) Мао өзінің қарсыластарын жою үшін «Ұлы мәдени рев-я » жүогізді.Осның салдарынан бүкіл интеллигенция жанышталды. 1966 ж оартасында елде мәдени рев-я басталды. Оның салдарынан Қытай үлкен дағдарысқа ұшырады . Зиялы қауымды , қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кіналап, оларды жазалауға кірісті. Барлық Қытай шеңберінде «революциялық комитеттер» құрылды. Мәдени рев-ны іске асыруда хунбейвиндер ( қызыл сақшылар – оқушы жастардың әскериленген ұйымдары) ж/е цзаофандар ( бүлікшілер) зорлық – зомбылық әрекетерін қолданып, 10-млн –нан астам кінәсіз адамдар жазаланды.
1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін билік жүйесі ғұмыр бойлық болып бекітілді. Бұл заңды мүмкіндікті толық пайдаланған жалғыз тұлға Мао Цзедун ғана еді. Ол билік басында жүріп, бірнеше үлкен қателікке бой алдырды. Сондықтан одан кейін мемлекет басына келген Дэн Сяо-Пин билік ауысуы мәселесіне өзгерістер енгізді. Дэн Сяо-Пинның реформасынан кейін билік ғұмыр бойғы емес, екі мәрте билік басына отыру мүмкіндігімен шектелді. Үлгі болу үшін Дэн Сяо-Пин өз орнын Цзян Цзэминьге ерте босатып берді. Ал енді «төртінші ұрпақ» деп аталатын бүгінгі Ху ЦзиньТаоның кезеңі келді. Оның да билігі заң бойынша екі мәрте кезекпен, 10 жыл отырумен шектеледі. Қытайдың саяси кадр дайындау мәселесі өзгелерге, әсіресе Батыс елдеріне ұқсамайды. Кадр дайындаудың өзіндік мектебі қалыптасқан. Сол дәстүрдің бір партиялық жүйе ережесі бойынша билікте Қытай коммунистік партиясы ғана отырады. Қытайда коммунистерден де басқа партиялармен саяси ұйымдар бар, бірақ олардың билікке таласуына, тіпті үміттенуіне мүмкіндігі жоқ. Тек қана Қытай коммунистік партиясымен одақтасу, ынтымақтасу негізінде ғана саяси партиялық міндетін атқарады. Сондықтан кадр дайындау мәселесі осы Коммунистік партияның үлесінде болып табылады. Қытайда кадр таңдаумен айналысатын арнайы бөлім бар. Саясаткер мемлекет басшысы дәрежесіне жету үшін оған белгіленген көптеген міндеттемелер бар. Билік адамдарына қойылатын талаптардың ең бастысы – тәжірибе болып табылады. Мысалы, провинция басшысы, министр, Үкімет басшысының орынбасары, орынбасар басшысы, коммунистік партия секретариятының хатшысы, хатшы орынбасары деген секілді көптеген құзырлы орындарда қызмет ету сатысынан өту керек. Қадр таңдаумен айналысатын Саяси бюро «саясаткер мекемені басқару кезінде қаншалықты оң өзгерістер болды ма?» деген сұрақтың төңірегінде әлеуметтік сауалнама және жеке пікір жинау арқылы анализ жасайды. Қысқасы, адам қанша жерден дарынды болып тұрса да қоғамдық тәжірибеден өтпей, жасы жетпей құзырлы орындарға қол жеткізе алмайды.
1957-1958 жж антиинтеллегенцияға қарсы қозғалыс жүреді. ( яғни идеологиялық жағынан тазарту) Мао өзінің қарсыластарын жою үшін «Ұлы мәдени рев-я » жүргізді.Осының салдарынан бүкіл интеллигенция жанышталды. 1966 ж ортасында елде мәдени рев-я басталды. Оның салдарынан Қытай үлкен дағдарысқа ұшырады . Зиялы қауымды , қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кіналап, оларды жазалауға кірісті. Барлық Қытай шеңберінде «революциялық комитеттер» құрылды. Мәдени рев-ны іске асыруда хунбейвиндер ( қызыл сақшылар – оқушы жастардың әскериленген ұйымдары) ж/е цзаофандар ( бүлікшілер) зорлық – зомбылық әрекетерін қолданып, 10-млн –нан астам кінәсіз адамдар жазаланды.