
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
Хань әулетінің билігі екі үлкен кезеңге бөлінеді:Батыс Хань немесе Ерте Хань әулеті(бзд.202-бд.8ж.)және Шығыс Хань немесе Кейінгі Хань әулеті(25-220ж.).
Жерге жеке меншік иелік ету мен қүл иелену әрекеті өсті.Қолөнер мен өндірістің металлургия өндірісі саласы күшті дамыды. Ел ұзаққа созылған соғыстан соң, еңсесін қайта көтере бастады.Ирригациялық жұмыстар қайтадан қалпына келтіріліп,жаңадан суару жүйелері салынады,еңбек өнімділігі артады.Сауда,қолөнер орталықтарының саны арта түсті.Ең ірілері-Чанань,Линьцзы қалаларындағы халықтың саны миллионға жетті.Хань дәуірінде империя жерінде 500-ден астам қалалар пайда болды. Қалалар,әсіресе,Ұлы Қытай жазығының орталығында (Қазіргі Хэнань провинциясы) өте тығыз орналасты.Вэнди (бзд.179-157ж.)өзінің билік құрған 23 жылында конфуциандық дәстүрлі ілімнің қайта гүлденуіне,ханьдық Қытайдың қайта өркендеп дамуына көп еңбек сіңірді.Ол оңды өзгерістер жасауға кірісті.Ең алдымен қылмысты деп жазаланғандарға рақымшылық жариялады.Бүкіл елде жаңа тәртіптер орната бастады.Қылмыс жасаған адамдардың қылмысы үшін туыстарын да жазаға тарту дегенді жойды.Конфуциандық қағидада айтылатындай,қызметкерлер әділетсіз заңдармен адамдарға зардап шеккізудің орнына ,оларды тәрбиелеуі керек деді.
У-дидің «Алтын ғасыры» және Хань империясының дамуы.Хань империясы сол кездегі әлемдегі халқының саны өте көп мемлекеттің бірі болды,У-дидің кезінде мемлекет халқының саны 60 млн. адамға жетіп,ол барынша дамыған күш қуатына жетті.Жаңа егістік жерлерін игеру агротехниканың дамуына септігін тигізді.Жаңадан ирригациялық жүйелер салынды. Жолдар салынып,оның бойында қалалар бой көтерді,олардың саны жыл өткен сайын көбейіп отырды. Б.Х. империясының сыртқы саясаты.Бзд. 127-119ж. әскери жорықтар хань іскерлеріне алғашқы жеңістер әкелді.У-дидің елшісі Чжан Цяньді массагет тайпаларын іздеуге аттандырады.Ол сапары барысында Ферғана,Канцзюэде болып,бір жылдай уақыт Бактрияда тұрып қайтты.Индия және Аньси(Парфия),Ферғана т.б. елдер Қытайды «Жібек елі» деп білетіндігін,саудагерлер бұл елдерге Қытайдан жібек маталар әкеліп сататынын білді.Ол астанаға 13 жыл өткен соң ғана оралды.Оның бұл сапарының тарихи маңызы өте зор болды.Чжан Цяннің арқасында ,ежелгі қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген әлемді ашты:олар алғаш рет Бактрия,Парфия, Ферғана және басқа Орта Азия мемлекеттері туралы мәлімет алады.Екінші сапарынан кейін осы елдердің көпшілігімен байланыс орнатты. Дәл осы уақытта Қытайға Орта Азиядан бұрын оларға таныс емес ауылшаруашылық өнімдері- жүзім,бақша жемістері, музыка спаптары, кейбір тұрмыстық бұымдар енеді.Кейінірек батыс аймақ арқылы Қытайға Индиядан буддизм енді.Бзд.115ж.Чжан Цянь екінші сапарына аттанды.Бұл елшілік ханьдік Қытайдың Орталық және Орта Азиямен сауда және дипломатиялық байланысын дамытуда зор рөл атқарды.Бзд.115-111ж. осының нәтижесінде Хань империясы мен Бактрия арасында сауда байланысы орнатылды.Сауда керуендері Қытайға сирек кездесетін аңдар мен құстар ,өсімдіктер, ағаштардың бағалы тұқымдары, бағалы терілер,дәрі-дәрмек,хош иісті косметикалық бұйымдар,зергерлік бұйымдар, қымбат тастар мен бағалы заттар,әнші-бишілер және құлдар әкелінді.Хань территориясының оңтүстік-батысқа қарай кеңеюі Индияға жол іздеумен байланысты болды.Хань империясының шабуылына ұшыраған ендігі бір территория-Корея түбегі болды.Бзд.109ж. У-ди Кореяның Часон мемлекетіне екі жақтан соққы береді:Ляодун және Бохай шығанағы жағынан. Осылайша бзд.ІІғ. екінші жартысында Хань мемлекеті өзінің шекарасын кеңейтті.Солтүстік-шығыста Хань империясы Корей түбегіне дейін созылды,солтүстігінде-Ұлы қабырғаға дейінгі жер,батысында-қазіргі Ганьсу жері,оңтүстігінде-Гуаньдун мен Вьетнамның солтүстік бөлігі оның құрамына кірді.Осылайша,Хань империясы,Парфия мен Риммен қатар,ежелгі дүниенің аса қуатты державасының біріне айналды.І-ІІІғ. Шығыс Хань мемлекеті
25ж. Лю Сю өзін император деп жариялап,астананы Лоянға көшіреді.Осылайша Кейінгі немесе Шығыс Хань әулеті(25-220ж.) пайда болады. Шығыс Хань әулеті елді ауыр дағдарыстан шығарып,жан-жақты даму кезеңіне аяқ басты. Ұлы Жібек жолындағы сауда қатынастары дамыды.Ғылым мен мәдениет саласында да Қытай бұл кезеңде елеулі табыстарға қол жеткізеді.Математика саласында ірі табысқа қол жетіп,ежелгі заманнан бері дамып келе жатқан математика ғылымының жетістіктері қорытындыланып,оң және теріс сандар,алгеьра мен геометрия туралы мәлімет беретін «Тоғыз тараулы математика» кітабы жарық көреді.Әлемдегі алғашқы деуге болатын сейсмограф жасалынады,қала құрылысы мен архитектура,көп қабатты үйлер салу әдісі игеріледі.Алғаш рет қағаз жасау ісі ойлап табылады. Бз. Басында жер бетіндегі халық саны 250млн. Болса, соның 1/5 бөлігі,яғни 50млн. Халық Шығыс Хань империясында өмір сүрді.Бұл мемлекеттің күш-қуатының артуын,салық төлеушілер санының үздіксіз өсуі нәтижесінде оның әлеуметтік-экономикалық жағдайының дами түскендігін көрсетеді.Біртіндеп империя өзінің әскери күш-қуатын нығайтып, «әлемдік держава» жағдайына жетті.Шығыс Хань империясының сыртқы саясаты.Шығыс Хань әулеті билеушілерінің алғашқы кезеңінде көрші елдермен бұрынғы байланыстар қайтадан қалпына келтіріле бастады.Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын дамыту-Қытай үшін өмірлік маңызды мәселелердің бірі болды.Хань империясының сыртқы саясатының басты бағыты Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс аймақ –Си-Юймен және одан әрі Таяу Шығыс ,Орта Азия асып,Европаға дейінгі елдермен сауда және дипломатиялық байланыс орнатуға қарай бейімделген еді.Ұлы Жібек жолына бақылау орнатуды қалпына келтіру,Орта Азия елдерімен сауда байланыстарын жандандыру мақсатына қол жеткізу үшін ең қауіпті жау-сюннуларды талқандау ең кезек күттірмейтін сыртқы саясаттың мәселесіне айналды. І-ІІғ. Хань империясы Парфиямен дипломатиялық және сауда байланысын тұрақты жүргізіп отырған.Маңызды сауда жолына ие болған Парфия Ханнің Батыс елдерімен байланысында жалғастырушы роль атқарған.Парфия арқылы Римге қытай товарлары –жібек келді.Парфияны ежелгі қытайлықтар Аршак деп атаған.Аршактан Хань астанасы Лоянға үнемі көпестер келіп кететін.Хань империясының орнында,ІІІғ. Үш дербес мемлекет-Вэй,Шу және У пайда болады.Қытай жерінде үш патшалық дәуірі басталады.