Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)

1894-1895жж Қытай мен Жапония арасында Корея түбінде соғыс болды. Кореяда Қытайдың вассалы болған.1894ж Жапонияда шаруалар көтерілісі болды, Қытай әскерлерін шақырды. Жапония 1868ж реформадан кейін «Мейджи» дәуірінде дамып кетті.Соғыстың нәтижесінде Жапония жеңді, Қытай соғысты тоқтатып,50жылдық қарызға батты. 1894ж Қытай ең алғаш саяси ұйым құрған болатын. Құрушы Сун Ятсен «Қытайды қайта көркейту» ұйымы. Саяси ұйымдар қалыптаса бастады. Маньчжурларды биліктен тайдыру, республика құру, билікті тең бөлу қарастырылды. Симоносек келісімі.

1876 жылы Жапония Кореямен тең емес келісім жасасты және Кореяның толығымен сыртқы саудасын монополизациялап, 1882 – 1884 жылы Кореядағы Қытайға қарсы ұлт – азаттық көтеріліске көмектесу сылтауымен сол елдегі экспансиясын кеңейтуге мүмкіндік алды. Бір мезетте Қытайға да қысым көрсетілді. 1885 жылы Тяньцзиньде екі ел арасындағы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша формальды түрде Қытайдың егемендігі астындағы Кореяға екі елдің әскері кірмеуге міндеттелді. 1893 жылы басталған Кореядағы жаппай Тонхак шаруаларының көтерілісін басуға Қытайдың әскер енгізуін Жапония түбекке өз әскери күштерін кіргізуге сылтау ретінде қолданды. Қытайды Тяньцзинь келісімін бұзумен айыптап, жапондықтар маңызды стратегиялық пунктерін басып алды. Жапондықтар құрылған Корей үкіметі Кореяны Қытайдан тәуелсіз деп жариялап, бірден Жапония көмегіне жүгінді. 1894 жылы 25 шілдеде соғыс ашпастан Японияның әскери кемесі ағылшын транспортын, Қытай әскерлерін тасушы батырды. Жапон әскері Кореяға басып кірді, сосын әскери қозғалыс Қытайға көшірілді.

1894 жылы шілдеде жапон флоты Қытайға вассалдан тәуелді болған Корея жағалауларына шабуыл жасады. Жаңа басталған жапон-қытай соғысы барысында жапондықтар Корея мен Маньчжуриядағы Қытай әскерлерін талқандады. 1895 жылы көктемде қытайлықтар жапондықтар тарапынанбірнеше ауыр соққыларалуға мәжбүр болды. Нәтижесінде,Ляодундық жарты арал мен Вейхайвей порттарын жаулап алды және Қытай астанасы Пекинді де басып алу қаупі төнді.

1895 жылы 17 сәуірде Симоносеки атты Жапония қаласында Қытай Жапониямен келісімге отыруға мәжбүр болды. Бұл келісім Симоносек келісім-шарты деп аталды.

Шарт мына мәселелерді қарастырды:

  • Қытай бұрыннан өзіне вассалды тәуелділікте болған Корея тәуелсіздігін мойындады;

  • Қытай Жапонияға Тайвань, Пяньху аралдарын және де Ляодун жарты аралын беруге мәжбүр болды;

  • Соғыс шығыны ретінде Қытай Жапонияға 300 млн. иен контрибуция төлеуі тиіс;

  • Қытай порттарының бірқатарлары теңіз сауда қатынастарына ашылды;

  • Жапондықтар Вейхайбейді уақытша оккупацилады;

  • Қытайлықтармен абақтыға жабылған жапон агенттерін босату керек.

Бұл шартқа Ресей, Германия және Францияның наразылық

жасауы нәтижесінде Жапония Ляодун түбегін аннекциялаудан

бас тартты. Бірақ Қытайдан қосымша 30 млн. контрибуция алды.

Одан бөлек Жапония Қытайда кәсіпорын салуға және онда машина енгізуге құқылы болды. Парламент Симоносек келісімін ұлғайтуға ұсыныс жасады. Бірақ Батыс елдері мен Ресей оны өздеріне қауіп ретінде көрді.

41.ҚХР-ң сыртқа есікті ашық ұстау саясаты.

1949-80 жж арал-да, Америка мен Еуропа елдері тарапынан экономикалық қысым көрсетуі және ҚХР КП саяси басшыларының елді изоляцияда ұстауы себепті сауда жүйесі негізінен тек соц. бағыттағы елдермен , соның ішінде Кеңестер Одағымен арада ғана жүргізілді. Негізінен елден сыртқа жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіп өнімдері шығарылды. А/ш өнімдері ішкі қажеттілікті де өтеуге жеткіліксіз болды. Тек 1978 ж желтоқсанда Аньхуей провинциясынан Феньян уезіндегі 21 шаруа отбасының әбден кедейшіліктен зардап шегіп, аштан өлместің амалы үшін өз бригадаларындағы жер телімдерін әр үйге бөліп беріп, алғашқы арендалық қатынастарды қалыптастырып, осылай бүкіл елде отбасылық мердігерлік жүйесі пайда болып, а/ш өнімдері тек шаруалардың қажеттілігін орындап қана қоймай, артық өнімдерін сатуға, ал кейіннен сыртқа шығаруға мүмкіндік алды. Еркін эк-қ аймақ құру арқылы шетелдік капиталдың иеленуіне жеңілдіктер жасалып, инвесторлар келе бастады. Олар өздерімен бірге жаңа технологияларды ала келіп, жеңіл өнеркәсіпті, электроника саласын дамытуға ықпал етіп, өнімдерін экспортқа шығара бастады. Сыртқы саудадан түскен валюталық қаржыны жаңа технологиялар сатып алуға жұмсалып, осы аймақтарда тұрақты түрде дамыған, заманауи өнеркәсіп аймақтарын тұрақтандырып, және оны басқа аймақтарға да таратуға күш салынды. 1990 ж ж ҚХР астық жинаудан , көмір өндіруден, цемент шығарудан, мақта өндіруден , ет өндіруден ж/е телевизор шығарудан әлемде бірінші орынға шығып, халықтың тұрмысы жақсарып , жан басына шаққанда өнім 250-ден 500 долларға дейін құрады. Осы кезеңнен бастап елдің сыртқы эономикалық қатынастары жақсарып, тұрақты даму жолына түсті. Сыртқы сауда көлемі 200 млрд. Долларды құрады. Бүгінгі күні ҚХР бүкіл д/ж-не алдыңғы қатарлы технологияларда, соның ішінде мұнай-газ өндіру саласында, машина жасауда, тұрмыстық техникаларды жасауда алдыңғы орындардың бірінде.

+

44. 1976ж. Мао Цзедун 83 жасында қайтыс болды. Енді билік үшін тартыс басталатынын ҚХР – дың басындағылар анық түсінді. «Мәдени революцияны» қолдағандар, бұл жерде ерекше артықшылыққа ие болды. Бұл мәдени революция «онжылдық түсініспестік» жылдары КПК-ға партияның үштен екі бөлігін құрайтын 20 млн. адам кірді. Ал, 1976ж. Олардың саны 30 млн. болды. Мәдени революция қозғалысшылар лагеріне көптеген партия қызметкерлері мемлекет басқармасы басшылығының көптеген шенеуніктері кірді. Ал, олардың ішіндегі ең берік ұстанымға ие болғандары ол «төрттіктер» болды. Олар БАҚ-ты басқарды. Шанхайда мықты базалары болды. Сол жылдары үкіметте айтарлықтай билікке ие болған, ол Мао Цзедуннан кейін Хуа Гофен, генерал Чень Силянь, Ван Дунсин, Пекин әкімі У Де болды. Осы кезде төрттік өкілдері Хуа Гофенге қарсы шықты және олар жалпы студенттер мен университеттер мұғалімдері арқасында қозғалыс ұйымдастырғысы келді. 6 қазанда 8341 әскери бөліміің көмегімен төрттік мүшелер тұтқындалды. Енді елдегі саяси жағдай жеңілденді. Тек мәдени революция мен ескі кадрлар фракциясы арасындағы теке тірестік қана сақталды. Партияның 11-щі съезіне дейін «онжылдық түсініспеушілік» жылдарында репрессияға ұшыраған тұлғаларды ақтау туралы шаралар жүргізілді. «Төрттік модернизация»: ауыл шаруашылығын, өнідіріс, қорғаныс, ғылым мен техниканың дамуын жоғарылату мақсаты қойылды.

Сыртқы есік ашудың жаңа арнасы:

Партияның 11 – кезекті орталық комитетінің үшінші жалпы мәжілісінен кейін, Қытай сыртқа қарата есік ашудың аршынды қадамын тастады. 1979ж. Гуанцудың, Фужиан екі өлке Гоконг пен Аумынға жақын, мұра жырлардың көп болуындай тиімді шарт – жағдайға сүйеніп, партия орталық комитеті мен мемлекеттік кеңес осы екі өлкенің сыртқа қаратқан экономикалық қимылынан қарата ерекше тиімді саясатты жолға қоюды белгілейді. Келесі жылы, Гуанцзудағы шінжін, жухай, шанту және фужианның қалаларын экономикалық ерекше рацион етіп құруды ресми белгіледі. Экономикалық ерекше рациондар шикізатты өңдеп құрастыру, төлемді сауда, бірлесіп қаржы қосқан тижарат, коперативтік тижарат жасау. Сондай ақ, шетел саудагерлері дербес қаржы қосып басқару саясаты түрлі формаларды қолданып, шетел қаржысын қабылдап, шетелдің озық техникасын және тижарат басқару тәсілін үйреніп, теңдік, өзара тиімділік жарату принципі астында, сыртқы сауданы кеңейтті. Кейін келе Қытай да бірте – бірте «экономикалық ерекше район – теңіз жағалауындағы ашық қала – теңіз жағалауындағы экономикалық район – ішкі жерлер» сынды көп жікті маңызды түйіні болған, түйін, арна, жалпы көлем бірлестіктерімен барлық жақтан сыртқа қарата есік ашылған жаңа арна қалыптасты. Қытайдың негізгі саясатына айналып, социалистік экономиканы дамытуда аса маңызды рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]