Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары

VІғ. орт. Орталық Азияның кең байтақ терр\да, Алтай тау\ы ауданы мен Жетісу дала\да, Орта Азияның отырықшы мәдениеті жоғары дамыған халық\н шекаралас жерде көшпелі тайпа\ң жаңа одағы құрылады. Түркі тайпа\н құрылған бұл мем. көне деректерде түркі елі деген атпен белгілі болады. Түркілер осы соңғы аталған қағанның тұсында көшпелі жужандарды талқандай отырып, Орталық Азия мен Оңт. Сібірге ие болып, одан әрі қидан ж\е моңғол тайпаларын бағындыра отырып, Оңт\батыс Манчжурияға, одан әрі түркі тілдес қырғыз тайпалары мекен еткен Енисейге, одан әрі Сары теңізге дейінгі аралықта қамтыған кең территорияға ие болды. Қытай им\ы түркі қағанына жібек маталарды салық рет. Сыйға тартып отырған. VI ғ. екінші жарт., Түркі қағанаты сол замандағы ірі мем\р – Византиямен, сасанидтік Иранмен, Қытаймен саяси ж\е экон. байланыс\ға түсе отырып, Қиыр Шығыстағы Жерорта теңізі жағалау\ы ел\н байланыстыратын ірі сауда жол\на бақылау жасау ү. күреске түседі. Қытай им\ң шекаралық аудан\ы мен Орталық Азия арқ. Оңт\батыс аудан\ға апаратын керуен жолдары Түркі қағанатының қол астына қарады. Түркілердің аса қуатты атты әскері ауық-ауық Қытай қала\на шабуыл жасап, байлықтарын тонап, егіс алқап\н таптап, адамдарын тұтқындап әкетіп отырды. Таң им\ң негізін салған алғашқы им. тұсында Қытай Түркі қағанатына тәуелділік жағдайда болып, қағанға алым да төлеп тұрған. Таң әулеті өздері билікке келеген алғашқы кезеңде, Түркі қағанаттарымен тек қорғаныс, бейбіт бағыттағы сяасатты ұстануға мәжбүр болды. Сондықтан Таң әулетінің Ли Юань, Ли Шиминь сияқты билеушілері алғашында күшті түркі қағандарымен тіл табысуға тырысып, олармен достық қатынаста болуға тырысқанымен, олар өздерінен бұрынғы әулет билеушілерінің жүргізген сыртқы саясат принциптерді қалыптастыруға кірісті. Им. Тайцзунның тұсында Таң им. күшейіп, түркілерге щабуыл жасауға дайындық басталады. Түркілерді өз\не бағынышты етудің тағы бір жолын іске қосты, яғни түрік қағанына Қытайлық ханшайымдар мен ақсүйек адам\ң қыз\н күйеуге беру арқылы олармен құдандалық қат. орнатты. Күйеуге ұзатылған бұндай қыздарды түрік қағанының ордасына керемет сән-салтанатымен қоса, көптеген адамдарды аттандырыды. Ол адамдар кеңесшілер, әкімдер, саудагерлер, тыңшылар болатын ж\е оларға жүктелген негізіг міндет – түркілер ордасында қытайлық ықпалды күшейту, олардыңәлсіз тұстарын біліп отыру еді. Ең сыналған ұтымды тәсілдің бірі – тайпа көсем\ң арасында өзара бақталастық, бәсекелестік тудырып, оларды араздастыру, сөйтіп олардың арасында соғыс өртін тұтандыру болды. 630 жылы қытай әскерлері Шығыс түркі\ң Эль қағанына ойсырата соққы беріп, оның өзін тұтқынға түсіріп, оңт. Моңғолиядағы бірқатар жерлерді өзіне қосып алады. Сөйтіп, Шығыс түрік қағанаты өзінің өмір сүруін тоқтатты. Осы жеңістен кейін Таң им. ашық басқыншылық саясатқа көшті. 639 жылы қытай әскерлері батыстағы Қытайдың Ұлы Жібек жолын жауып тұрған Гаочанға шабуыл жасап, оны талқандаған соң, оның территориясы им. құрамына қосылғаннан кейін, қытай әскер\ң батыс жаққа жорығына жол ашылғандай болды. Қытай ежелгі Ұлы Жібек жолына ие болуға бет алды. 640 жылы батыс тркі\ң қағаны Шэгуй Таң им\ң астанасына елші жіберіп, бейбітшілік қатынас орнатуды сұрайды. Бірақ Ли Шиминь келісімге бармайтындығын айтып, қағаннан 5 қаланы Қытайға беруді талап етеді. Батыс түркілермен Таң им\ң қақтығыс\ы VIIғ. аяғында қайта жанданады. Батыс түркілер Ұлы Жібек жолына шабуыл жасап, қытайлық\ң жолын бөгеген еді. 720-721 жж. Таң им\н болған соғыс қағандықтың Қытаймен жүргізілген ең соңғы соғысы болды. 744 жылы ішкі ж\е сыртқы дағдарыстардан кейін, Шығыс Түрік қағанаты да ыдырап кетті. Сөйтіп, Таң им. түркі тайпалары тарапынан болатын қауіптен құтылды.

Таң ипериясы мен Түрік қағанаты арасындағы қарым қатынастар

Мемлекеттің сыртқы саясат доктринасының тағы бір маңызды принципі ретінде қабылданған таза қытайлық «Қытай – варвалар» концепциясы Таң әулетінің тұсында мейлінше кеңінен қолданылған, аса өміршең концепция болып табылады. Таң императорлары Қытай дипломатиясының барлық дәстүрлі әдістерін өздерінің басқыншылық саясатында шебер пайдалана білді. Мұның өзі Таң әулеті мен Түрік Қағанаты арасындағы дипломатиялық қарым қатынастардан анық көрінеді.

VI ғ. ортасында Орталық Азияның кең байтақ территориясында, Алтай таулары ауданы мен Жетісу далаларында, Орта Азияның отырықшы мәдениеті жоғары дамыған халықтарымен шекаралас жерде көщпелі тайпалардың жаңа одағы құрылады. Түркі тайпаларынан құрылған бұл мемлекет көне деректерде түркі елі деген атпен белгілі. Түркі тайпаларының көсемі Бумын 551ж. қаған деген билік дәрежесін алады. 552ж. Бумын қаған өлген соң, Түркі Қағандығындағы билікке Қара қаған (552-553), Муқан қаған (553- 572) келеді. Түркілер осы соңғы аталған қағанның тұсында көшпелі жужандарды талқандай отырып, Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірге ие болып, одан әрі Қидан және монғол тайпаларын бағындары отырып, Оңтүстік батыс Манчжурияға, одан әрі түркі тілдес қырғыз тайпалары мекен еткен Енисейге, одан әрі Сары теізге дейінгі аралықта қамтыған кең территорияға ие болды. Аса қуатты Түркі державасының күш қуаты артып тұрған кезде солтүстік – қытайлық Ци мен Чжоу мемлекеттерінің билеушілері оған тәуелділік жағдайға түсіп, қағанаттың сюзеринитетін мойындауға дейін, барған кездері болған. Бұндай жағдай, әсіресе 572 – 581 ж.ж. билік еткен Таспар қағанның тұсында күшейе түскен. Қытай императорлары түркі қағанына жібек маталарды салық ретінде сыйға тартып отырған. VI ғ. екінші жартысында, сөйтіп, Түркі қағанаты сол замандағы ірі мемелкеттер – Византиямен, сасанидтік Иранмен және Қытаймен саяси және экономикалық байланыстарға түсе отырып, Қиыр Шығыстағы Жерората теңізі жағалаулары елдерімен байланыстыратын ірі сауда жолдарына бақылау жасау үшін күреске түседі.

Қытай империясының шекаралық аудандары мен Орталық Азия арқылы солтүстік- батыс аудандарға апаратын керуен жолдары және Ұлы Жібек жолы сияқты ежелгі сауда жолдары Түркі қағанатының қол астына қарады.

Түркі қағанаты Қытайда ТАҢ империсы орныққанға дейңн, Суй әулетімен ұзақ жылдар бойы қақтығысқа келіп, соғысқан болатын. Қазіргі Ганьсу, Ішкі Монғолия территориясын мекендеген, Суй императорларының қатыгездік әрекетінен әбден күйзелген халықтар, бас сауғалар, Түркі қағанына келіп қосылды. Түркілермен арадағы күрес көшті талап етіп, ол жүз жылдан астам уақытқа созылды.

VI ғ. екінші жартысынан бастап Қытайға осы қуатты Түркі державасы басты қауіп төндіре бастайды. Түркілердің аса қуатты атты әскері ауық – ауық Қытай қалаларына шабуыл жасап, балықтарын тонап, егіс алқаптарын таптап, адамдарын тұтқындап әкеліп отырды.

Түркілердің жүргізген үздіксіз соғыстары олардың материалдық ресурстарының азаюына алып келді, сондықтан түркілер өздеріне бағынышты тайпаларға қысым көрсетуді күшейтіп, оларға салықтан салық мөлшерін көбейтті. Наразы болған бұл тайпалар Түркі қағанатына қарсы бас көтере бастады. Мұндай қолайлы сәтті шебер пайдалана білген Суй императорлары батыстағы арандатушылық әрекетін күшейте түсті. Бұл кезде қуатты біртұтас Түрік қағанаты жиырма жылға созылған ішкі соғыстар нәтижесінде, 588ж. екіге бөлініп кетеді. Бірі – Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірген Батыс Түрік қағанаты, екіншісі – Моңғолиядағы Шығыс Түрік қағанаты.

Таң империясының негізін қалаған алғашқы император тұсында Қытай түркі қағанатына тәуелділік жағдайда болып, қағанға алым да төлеп тұрған. Осы уақыттан бастап ұлы түркілер даласында Таң сарайының жансыздары белгілі мақсатпен келе бастады. Солардың бірі болып, Батыс Түрік қағанытаны алғаш рет Қытай саяхатшысы, буддалық монах Сюань Цзан келеді. Оның жазбаларында Батыс Түрік қағанатының құрамындағы қалалар былайша суреттелді: Мөлдір көлден (Ыстықкөл) солтүстік бастықа қарай 500 ли (250км) жол жүріп, Суй-Е (Суя) қаласына келдік. Қала 6-7лиге (3,5км) созылып жатыр. Мұнда әр елден келген судагерлер мен хулар, яғни соғдылықтар бірге тұрады. Жерлері қызыл тары өсіруге қолайлы, климаты желді, суық, орман тоғайлар сирек кездеседі. Суй-е ден батысқа қарау тура оысндай онға жуық қалалар бар. Оларды қала көсемдері басқарады. Әр қала өз алдына болғанмен бұлардың бәрі түркілерге бағынады. Қытай саяхатшысы Талас қаласын да дәл осылай суреттейді.

Таң әулеті өздері билікке келген алғашқы кезеңде, Түркі қағанаттарымен тек қорғаныс бейбіт бағыттағы саясатты ұстануға мәжбүр болды. Сондықтан Кан әулетінің Ли Юань, Ли Шемин сияқты билеушілері алғашынды түркі қағандарымен тіл табысуға тырысып, олар достық қарым қатынаста болуға тырысқанымен олар өзднрінен бұрынғы әулет билеушілері жүргізген сыртқы саясат принциптерін қайта қарап, түркі қағанатына қатысты жаңаша саяси принциптерді қалыптастыруға кңрңсті. Император Тай Цзун тұсында Таң империямы күшейіп, түркілерге шабуыл жасауға дайындық басталады. Тай Цзун соғысқы әскер дайындауға тікелей өзі қатысып, қолбасшылардан атты әскермен садақ ату сияқты әскери әдістерге жеті мән беруді талап етті.

Шекаралық аудандардың билеушілері әскери күш қолдану, көршілес халықтарды бір біріне айдап салу, ішкі қарсылықтарды пайдалану арқылы түркі қағанатын әлсіретуге тырысып, бақты. Таң билеушілері түркілерді әлсірету үшін тікелей әскери соққылар беріп те көршілерін айдап салу арқылы да, қағанаттығ өз ішінде үнемі алауыздық ьуғызып көрді. Түркілердің өздеріне бағынышта етудңғ тағы бір жолын іске қосты, яғни түрік қағанына Қытайлық ханшайымдар мен ақсүйек адамдардың қыздарын күеуге беру арқылы, олармен құдандалық қатынас орнатты. Күйеуге ұзатылған бұндай қыздарды түрік қағанынң ордасына керемет сән салтанатымен қоса, көпдеген адамдарды бірге аттандырды. Ол адамдар кезекшілер, әкімдер, саудагерлер, тыңшылар болатын және оларға жүктелген негізгі міндет-тайпа көсемдерінің арасында өзара бақталастық, бәсекелестік тудырып, оларды араздастыру, сөйтіп олардың арасында соғыс өртін тұтандыру болды.

Ли Шиминь Қытайдағы өзінің билігінм нығайта салысымен бұрынғы қорғаныс саясатынан енді Шығыс Түркі қағанытына қарсы шабуыл жасау әрекеттеріне көшті. 630ж. қытай әскерлері Шығыс Түркілердің Эль қағанына ойсырата соққы беріп, оның өзін тұтқынғы түсіріп, оңтүстік Монғолиядағы бірқатар жерлерді өзіне қосып алады. Сөйтіп, Шығыс Түркі қағанаты өзінің өмір сүруін тоқтатады. Осы жеңістен кейін Таң империясы ашық басқыншылық саясатқа көшті. 639ж. қытай әскерлері батыстағы Қытайдың Ұлы Жібек Жолын жауып тұрған Гаочанға шабуыл жасап, оны талқандаған соң, оның территориясы империя құрамына қосылғаннан кейін, Қытай әскерлерінің батыс жаққа жорығына жол ашылғандай болды. Қытай ежелгі ұлы жібек жолына ие болуға бет алды. Тария бассейндегі қалған мемлекеттер Қытайға бас иіп, оған тәуелділіктерін мойындай бастайды. 632ж. Хотанның билеушісі, 635ж. Қашғар мен Жаркенттің билеушілері Чаньанға сый сияпетпен елші жібереді.

640ж. батыс түріктердің қағаны Шэгуй Таң империясының астанасына елші жіберіп, бейбітшілік қатынас орнатуды сұрайды. Бірақ Ли Шиминь келісімге бармайтындығын айтып, қағаннан 5 қаланы Қытайға беруді талап етеді.

Солтүстік түркілер Аспан асты мемлекетінің шекарасына қауіп төндіруін тоқтатпады. 645-646ж.ж. императодың Кореяға жорығы кезінде ұйғырлардың атты әскері Шэньсиге басып кіріп, астанаға қауіп төндіреді. Ли Шиминь оларға қарсы үлкен әскери күштерді аттандыруға мәжбүр болды. Солтүстік түркілер хандығы жойылып, Орхон мен Селенга өзендеріне дейінгі территория әскери губерния ретінде Қытайдың құрамына қосылады.

647ж. 100 мыңдық таң әскенрлері таримге қарай бет алады, ең маңызды Куча және басқа да жеті қаланы басыпа алады. Осыдан кейін, Таң империясының шекарасы Тяньшань тауларына дейін созылады. Ферғана өзін Қытайдың вассалымын деп моындайды. Самарқаннан да Таң императорына тәуелділіктің белгісі ретінде сыйлықтар келеді. Қытайдың ықпалының бұндай екпінмен ілгері қарай ұлғаюының сыры орта Азиялық мемлекеттердің түркілер мен тибеттіктердің қарсы тұру үшін Таң имрериясынан көмек сұрап, оны қалқан тұтуынан еді және бұл кезде орта Азияға араб жаулаушылығы да таяп келе жатқан болатын. Сондықтан кішігірім мемлекеттер бұндай жаулаушылықтардан сақтану үшін Қытйға арқа сүйеуді жөн көрген сияқты. Тіпті Ирандағы соғы Сосанидтік билеуші Иездигерд Ш Мервке қашып барып, Таң императорынан көмек сұраған.

Таң империясы Тянь-Шанның арғы жағындағы қырғыздармен де байланыс орнатты. 648ж Чанъаньға қырғыз елшілері келген және Лишимин оларға атақ, шен беріп, олардың қол астындағы империяның бағынышты аймағы деп жариялайды.

Батыс Түркменмен Таң империясының қақтығыстары ҮІІ ғ аяғында қайта жанданады. Батыс Түркілер Ұлы Жібек Жолына шабуыл жасап, Қытайлықтардың жолын бөгеген еді. Атақты Таң әскерінің қолбасшысы Су Динфан басқарған әскер батыс түркілерді батысқа қарай ығыстырып тастайды. Ташкентке дейін шегінген түркілер толық талқандалып, оның Ышпар қаған, немесе Қытай деректерінде Ашина Хелу деп аталған көсемі, Қытайлықтар оны Чанъаньға алып кетеді. Сонымен 657ж батыс түрік қағанаты іс жүзінде аяқтап, оның негізгі территориясы – Тянь-Шанның солтүстігі, кейін оңтүстігі Қытайдың қол астына өтті. Бірақ Батыс Түрік қағанатының орнында қалған әлсіз бірлестік 702ждейін өмір сүрді. Түркілердің қаупі жойылған соң Таң империясының өкіметі нығайды. Империяның шекарасы Тибетке дейін жетті. Таң өкіметі өзінің жаулаушылық саясатын алысқа, Азияның батысына дейін жүргізді.

679-687ж.ж.шығыс түркілер Қытайға қарсы толастамаған күрес нәтижесінде өз мемлекетін қайта құрды. Ашина руынан шыққан Кутлуг –чор 682-687жж Шаньсиде Таң императорының әскеріне қарсы соғыста жеңіске жетіп, Түркі тайпаларының империясын қайта қалпына келтіріп, өзің Ильтериш қаған деп жариялайды. Күш алған шығыс түркілер батыс қағанат терриориясында пада болған түргештерге шабуыл жасады. Тоғыз оғыз деп аталған тайпалар мекендеген орталық және солтүстік Монғолияны шабуылдап осы жердегі Ұйғыр тайпаларымен қоса өзіңне бағындырады. Түркі тілдес тайпалар мен тоғыз оғыз тайпалық одақтарын біріктірген Илтериш қаған басқарған түркі қағанға Таң империясының аса қауіпті қарсыласына айналады. Бірақ дәстүрлі Қытайлық дипломатияның қуатымен Шығыс түркі қағанаты ұзақ өмір сүрген жоқ. 720-721ж.ж Таң империясымен болған соғыс қағандықтың Қытаймен жүргізілген ең соңғы соғысы болды. 744ж ішкі және сыртқ дағдарыстан кейін, Шығыс Түрік қағанаты да ыдырап кетті. Сөтіп Таң империясы түркі тайпаларынан болатын қауіптен құтылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]