
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
1958 жылы ҚКП VІІІ съезінің ІІ сессиясы Мао Цзэдун ұсынғпн « Үш қызыл ту» бағытын мақұлдады. « Үш қызыл ту» дегенді партияның « Басты бағыты» деп түсіну керек болды. Мұнымен бірге өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы « Үлкен секіріс» пен «Халық коммуналары» ұйымы да мақұлданды. Жаңа бағыттын ұраны – «Үш қажырлы еңбек жылы – он мың бақыт жылы» деп жарияланды. «Басты бағыттың» мәні ҚХР – де үш жылдың ішінде коммунистік қоғам орнату деген мағынада еді. Экономиканы дамытудың қарқыны алғашқыда күмән тудырды: өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 45 %, ал ауыл шаруашылығында – 20 % болуға тиіс еді.
1958 жылдың ортасынан бастап деревняларда, ал одан кейін қалаларда мыңдаған « Халық коммуналары» құрылды. Коммуналар мүшелері тіпті тұрмыстық заттарға дейін өздерінің меншікті мүліктерінен іс жүзінде бас тарта бастады. Мұның орнына қажетіне қарай ақы алып отырды, мұндай ақымен бірге, атап айтқанда, ұжымдық тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болды. Елде меншікті жаппай мемлекет меншігіне айналдыру жургізілді. Бөлістің теңестірілген принципі белгіленіп, негізгі азық – түлік өнімдері мен тұтыну заттарын қатаң нормалау енгізілді. Мұның салдарынан жерінен және бүкіл меншігінен айырылған шаруалардың еңбек белсенділігі құлдырап, өндіріс ұйымдаспады.
Арада бірнеше ай өткенде алғашқы қорытындылар белгілі болды. Еңбек өнімділігі күрт төмендеді, ел ашаршылық шегіне жетті. Ауыл шаруашылығындағы ахуалды жақсатру мақсатымен бүкіл елде торғайларды құрту шаралары жүргізілді. Мао Цзэдунның пікірінше, торғайлар күріш егініне зиян келтіріп, ашаршылықтың басталуына себепкер болуы мүмкін еді. Сөйтіп, барлық дерлік торғайлар қырылды, бірақ жауын құртының және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерінің көбеюі салдарынан бұл проблема одан да бетер шиеленісті.
Өнеркәсіпте индустрияландыруды жеделдету жартылай майдагерлік техникасы бар ұсақ кәсіпорындар салумен байланыстырылды. « Үлкен секіріс» шеңберінде 1958 жылдың соңында « болат үшін шайқас» өткізілді. Бүкіл елде 90 млн-нан астам адам майдагерлік тәсілмен шағын домна пештерін салып, үкімет алға қойған міндетті – болат құюды екі есе арттыру міндетін шешпекші еді. Мұның салдарынан өндірілген өнімнің сапасы өте төмен болады да, оны өндіруге қыруар көп бағалы шикізат жұмсалатын болып шықты.
Бірақ Мао Цзэдун «Үлкен секіріс» саясатын жалғастыра берді. Бұл бірқатар партия мен мемлекет қайраткерлерінің наразылығын туғызды, олар жүргізіліп отырған бағытты сынады. Олардың бәрі «антипартиялық қызмет» жүргізді деп айыпталып, жұмыстарынан тайдырылды.
«Үлкен секіріс» жылдарында ҚХР – дың халық шаруашылығы өнімдерінің құны үштен бірге, ұлттық табыс төрттен бірге төмендеді, халық шаруашылығының тікелей шығындары 100 млрд юаньнен асып кетті. «Үлкен секіріс» саясатының күйрегені соншалықты, тіпті Мао Цзэдун ҚХР Төрағасы болған қызметінен кетіп, орнына өзінің партиялас орынбасары Лю Шаоциді қалдырды. Бірақ ол ҚКП Орталық Комитетінің Төрағасы қызметінен кеткен жоқ.
60 – жылдардың басынан бастап Лю Шаоци бастаған Қытай басшылығы неғұрлым шынайы саясат жүргізуді, халық шаруашылығын басқаруда бұрынғы экономикалық принциптерге оралуды жақтап шықты. « Үлкен секіріс» саясатының теріс зардартарын жою жөнінде қадамдар жасалды. Деревнядағы басты тұлғалар жерді өздері сатып алатын және бірлесіп иелік ететін принциптер негізінде шарауларды біріктіретін өндірістік бригадалар болды. Оларға көмекші шаруашылықтар және үй мүліктері қайтарып берілді. Мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан шығу басталды, өндірістің құлдырауы тоқтатылды.
Бірақ Мао Цзэдун көп ұзамай өкімет билігін бір өзінің қолында ұстау үшін күрес бастады. Ол идеялық сатқындық жасады деп партия мен мемлекеттегі әріптестеріне соққы беруге әзірленді. 1962 жылы ҚХП Орталық Комитетінің Пленумында Мао Цзэдун социализм тұсындағы « тап күресін күшейту» тұжырымдамасын қорғай отырып, пролеториат диктатурасы тұсында да революцияны жалғастыра беру туралы Ереже ұсынды. 1965 жылдан бастап ол партия, үкімет, армия, ғылым мен мәдениет саласына буржуазия мен контрреволюциялық ревизионистердің көптеген өкілдері кіріп алды деп мәлімдеді. Тек пролетарлық мәдени революцияны бастағанда ғана «капиталистік жолмен келе жатқан адамдар» басып алған өкіметті қайтадан өз қолымызға алуға болады деді. Сөйтіп «мәдени революция» Мао Цзэдунның саясатымен келіспейтіндердің бірін елдің басшылығынан аластап, елді «казармалық коммунизм» мен социализмді жеделдете құру мен экономикалық ынталандыру әдістерінен бас тарту тұжырымда, рухында бағындыру танылды. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарында, мұнымен бірге, Моа Цзэдунға табынушылықты жазу күшейді. Ол « Ұлы бағдарлаушы» деп аталды. Ал оның еңбектері сан миллиондаған таралыммен басып шығарылып жатты.
28. Юань империясы және Шығыс, Батыс қатынастары.Жалпы моңғол тайпалары көшпелі тайпалар б.т. Моңғол тайпалық одақтардың ішінде боржігін руынан шыққан Есүгей батыр басқарған кезде одақтың аты кеңінен танымал болды. Оның әрекетін баласы Темучин жалғастырды. 1206ж моңғол ақсүйектерінің құрылтайында (нойондар хуралы) Темучин бүкіл моңғолдардың билеуші ханы – Шыңғысхан деп жарияланды. Ол өз мемл Моңғол мемл д.а. Империяны құрғанға дейін басталған басқыншылық әрекеттері жаңа арнаға түсті. Моңғ бірінші кезекте Шығ Цзинь патш шабуыл жасап (1211, 12, 13, 14ж), жеңіске жетті.Кейіннен Орта Азияға (1218-23), Шығ Еуропаға (1235-41ж) жорықтар жасайды. Қытайда бұл кезде төрт мемл болды. Олар: солт шүршіттердің Цзинь мемл, солт-бат тибет-ң Батыс Ся мемл, оңт Оңт Сүң имп және Наньчжас мемл. Алғаш Батыс Ся мемл бағынд. Олар моңғол билігін мойындап, Цзинь мемл қарсы жорықтарға қатысады. Сүң имп Шыңғысхан жағына өтеді. 1227ж моңғ Батыс Ся мемл біржолата жояды. Оған дейін Цзиньдіктер тізе бүккен болатын. Бірақ толық емес. Моңғ солт-шығ жорықтарда қиындықтарға тап болады. Хыбейліктер қатты қарсылық көрсетеді.1234ж шүршіттер (Цзинь) толығымен талқандалады. 1251ж Қытайға моңғ Құбылай баст әскерлері бет алады. 1256ж Сычуан, Шэньси пров басып алынады. Ал 1260ж Құбылай хан болады. 1271ж Юань имп құрады. Осыдан соң имп 1368ж Миң имп құрылғанға дейін өмір сүреді. Имп құрылғаннан кейін де ел толығымен бағына қойған жоқ. Моңғ оңт сүңдік астана Ханьчжоуды алу ү 1279ж күресті. Астана беріледі. Бірақ басқыншыларға қарсы күресті Вын Тянсяң жүрг, ақыры жеңіледі. Сөйтіп Қытай жерінде моңғ толық билігі орнайды. Моңғ Қыт абс феод мемл-к құрылымына мұрагерлік етті, оны өзгертіп дамытты. Жаңалықтар енгізді. Моңғ орталықта үш үлкен басқарма құрды:
әкімшілік (zhong shu sheng)
әскери, қорғаныс (shu mi yuan)
бақылау (yu shi tai)
Мұның соңғы екеуі жаңалық.. С.қ саяси насихат, білім, денсаулық сақтау, дип қатынастар, таланттарды басқару және т.б оннан аса басқ жұмыс жүрг.
Халықты төрт дәрежеге бөлді:
Моңғолдар
Түсті көздер (Иран, Отт Азия)
Қытайлар
Оңт қытайлар
Жер меншігі ең басты әлеум мәселелердің бірі болды. Меншіктің екі түрі болды:
Мемл
Жеке
Жеке меншік жер ақсүйектерде, помещиктерде, еркін дихандарда болды.
Елдегі орын алған басқа да жағдайдар:
Шарулар, қолөнершілерге ауыр салықтар салынды
Саудагерлер де қатаң бақылауға алынды.Ортаазиялық, еуропалық және басқа саудагерлерге Қиыр Шығ жол ашылды. Бірақ қытайлықтардың Батысқа баруына жол жабық болды.
Қытайдың бұрынғы билік өкілдері биліктен аластатылды. Билікке еуроп, сириялықтарды, түркі халықтарын шақырды. Мыс қаржы саласын ұлты өзбек Ахмед басқ. Ал итальян Маркр Поло губернатор болды.
Құбылай даостық діни сенімді қудалап, буддизмді үстемдікке ие болатын діни уағызға айналдырмақшы болады.
Ел экономикасы құлдыраған болатын. Енді хан мемлекетті қытайлықтардың өзінсіз басқару мүмкін еместігін түсінді. Себебі моңғ мен қытай арас айырмашылықтар көп болатын. Енді басшы мемл қытай-ды ала бастады.Моңғ бүкіл елді толық бақылауда ұстап тұруға шамасы келмеді. Салықтың ауыр болуы, жердің аз адамдардың қолына шоғырлануы наразылыққа әкеп соқтырды. С.қ табиғи апаттар өзен-ң тасуы, алқаптардың су басуы жағд одан әрі әлсіретті. XIVғ 30ж бастау алған халық көтерілісі 1350-56ж кең құлаш жая бастады. «Ақ лотос» ұйымы әрекеттерінен, «Қызыл орамалдылар» көтерілісі (басш Лю Футун) нәтиж Шыңғыс тұқымының билігінде болған Юань имп тарих сахнасынан мәңгілікке жойылды.