Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

26. Іі апиын соғысы

1851-1864 жж Қытайда азамат соғысы жүріп жатты. Бірінші апиын соғысынан қатты әлсіреген қытай үкіметінің әлсіреуі- Қытай тарихында құлдырауға кеткен кезеңін көрсетеді. Қытай территориясында қытай үкіметі қарқынды күрес жүргізген Тайпин мемлекеті пайда болды.

Бірінші этапта, Ұлыбритания,Франция,АҚШ тайпин көтерілісінде өздерінің бейтараптығын көрсетті. Бірақ , негізі олар 1854 ж бастап Азамат соғысын өз мақсаттарында қолдануға тырысты. Ұлыбритания, Франция, АҚШ дипломатиялық өкілдері Кытай императорына 1842-1844 жж келісім-шартты қайта қарауды ұсынды. Державалар Қытайдың барлық территориясында шексіз сауда құқығын, Пекинде тұрақты елшілердің болуын, апиынды ашық түрде сату құқығын талап етті. Қытай үкіметі державалардың бұл ұсынысынан бас тартты, бірақ бұл ашық қақтығыстарға алып келмеді, себебі Ұлыбритания осы кезде Ресей, Иран, Индия елдерімен соғыста болатын.

Ұлыбритания, Франция, Ресей Қырым соғысынан кейін өз әскерлерін босатқаннан соң, ағылшындықтар Қытайдағы әскери қақтығыстарды шиеленістіретін сылтау іздеді. Оған сылтау болған- қытай әскерлерінің контрабандылық саудамен айналысатын «Эрроу» ағылшын кемесінің қолға түсіруі болды.

1856 ж 8 қазанында Гонконг портында қытай шенеуліктері Ұлыбритания жалауымен жүзген «Эрроу» кемесінің бортына кіріп, 12 адамды тұтқындады. Оларға қарақшылық, контрабандалық саудамен, апиын сатумен айналысыды деген айып тағылды. Ұлыбританияның қойған талаптарына қарамастан, бұлар тұтқынға жабылды. Міне, осы жайттан соң Ұлыбритания Қытайға соғыс жариялады.

1856ж соңына қарай ағылшын әскерлері Гуанчжоуды варварлық атқылауға алды, нәтижесінде қаланың 5мың үйі өтрке оранды.1857ж басында ағылшындарға, кытай үкіметіне еш ескертусіз, американдықтар қосылды.Американ әскерлері Гуанчжоу порттары мен ауыл-аймақтарды атқылауға қатысты.

1858 ж соғыс қимылдары Қытайдың солтүстігіне көшті. Ағылшын-француз әскерлері Дагу бекінісі мен Тянь-цзинь портын жаулап алды. Қытай үкіметі тез арада бейбітшілік жөнінде келіссөздер жүргізе бастады. 1858 ж маусымында Тяньзинде ағылшын-қытай және француз-қытай келісім-шарттары жасалды.Келісім-шарт бойынша Пекинде тұрақта ағылшын және француз дипломатиялық миссиялары болуы тиіс және Қытай жерінде шетел көпестерінің еркін жүріп-тұру құқығы мен Янцзы өзенінде саудамен айналысу құқығы болуы керек.Одан басқа, шетел саудасына арналған жаңа порттар ашуға, кеден мен транзит салығының айтарлықтай мөлшерде азайтуға, апиынның заңды түрде сатуға, және Қытай үіметі Англия мен Францияға контрибуция төлеуге міндеттелді.

АҚШ соғысқа тікелей қатыспағанымен, Англия мен Францияға әскери көмек беріп отырды. АҚШ-Қытай келісім-шарт нәтижесінде, американдықтарға 7 порт ашық болып, сол порттарда өздерінің консульстваларын ашуға, ғимараттар, жер телімдерін жалға алуына құқылы болды. Пекинде тұрақты дипломатиялық миссия ашуға және Англия мен Франиядағыдай артықшылықтары болды.

Англия, Франция, АҚШ пен Қытай арасында жасасқан Тяньзин келісімі-Қытайдың жартылай отар елге айналуына жаңа қадам екенін көрсетті.1842-1844жж келісім бойынша капиталистік державалар тек Қытайдың теңіз жағалауларына ғана қол жеткізсе, 1858 ж олар барлық ішкі провинцияларына кіру мүмкіндігіне ие болды, соның ішінде тайпиндерге тиесілі болған Янцзы өзеніне де қол жеткізді. Жаңа артықшылықтарға ие болған Англия мен Франция Тянцзин келісімінің нәтижелеріне қанағаттанбады. 1860ж маусымында ағылшын-француз біріккен әскерлері Қытайдың солтүстігі мен Ляодун жартыаралында соғыс қимылдарын жүргізд.і Олар Тяньцзинді басып алып, тұрғындарын тонап, құрғынға ұшыратты. Қыркүйектін соңында, шешуші шайқас Пекин маңындағы Балицяо көпірінде ағылшын-француз артилериясы маньчжур-монгол әскерін қырып салды.Сөйтіп, Қытай астанасына жол ашылды.

Астанаға шетел әскерлері басып кірер алдында, император мен оның көмекшілері Жахэ провинциясына қашып кетеді. Пекинде тек Гун ханзадасы қалады. Ол ағылшын-француз әскерлерімен Тяньцзнь келісімін мақұлдайтын конвенцияға қол қояды. Қытай үкіметі Англия мен Францияға 8 милн лян контрибуция төлеуге, шетел миссионерлері Қытайда еркін жүріп-тұруына,Тяньцзинді шетел саудасына ашуға келісім береді. Англия Коулунь жартыаралының оңтүстігін басып алады. Қытай үкіметі жұмыс күшін шетелге шығаруға рұқсат етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]