
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
Гоминдан билігі астында Қытайды біріктіру мақсатында солт/ке жорық идеясы Сунь Ятсенге жатты. Алайда оны жүзеге асыру шарттары тек 1926ж жазына қарай қаланды.«30 мамырдағы қозғалыс» елдегі саяси жағдайды өзгертіп, әртүрлі әлеу/к буындарға ұлт‑азаттық қозғалысқа шығуға қуатты мәртебе берді. 1926ж жазда Ұлттық үкімет билігіне Гуандан, Гуанси, Гуйчжоу ж/е Хунань пров/ң бір бөлігі бағынды. 1926ж 9‑шілдеде Чан Кайши бастаған Ұлттық Рев/я әск/ң Солт/ке (яғни Пекинге) жорығы басталады, ол 1927ж көктемде сәтті аяқталды: Гоминдан билігі айтарлықтай көптеген тер/да орнады. Алдымен, Ұлттық Рев/я әскері бүкіл Хунань тер/на, кейін Хубейге, жылдың аяғына – Фунцзянь мен Цзянси пров/на бақылау орнатады. Жорықтың сәттілігі бір жағынан, Ұлттық рев/я әскерінің Хунаньды жаулап алғаннан кейін екі топқа бөлінуі – солт/ке (яғни Уханьға қарай) ж/е шығ/қа, яғни Нанкинге, Нанчан мен Шанхайға бағытталған. Ал Чан Кайшидің өзі солт/ке бағытталды. Бір уақытта солт/тегі әскер қыркүйек айының басында Хубей пров/на басып кірді, 1 айдан кейін 10 қазанда толығымен Уханьды жаулап алады.
1927ж ақпанда Ұлттық рев/я әскері шығыста басты эк/қ ж/е саяси орталық – Шанхайды азат етуге бағытталды. Наурыздың ортасында Нанкинді азат етеді. Сөйтіп Шанхай мен Нанкин азат етіліп, елдің оңт/гі провинциялар, Янцзы бассейіндегі маңызды эк/қ аудандар Ұлттық Үкімет қол астына біріктіріледі. Солт/ке жорық кезінде кәсіподақ мүшелерінің саны 1,2 млн/нан 2,9 млн/ға дейін өседі. Жұмысшы класының саяси белсенділігі тез өседі. Оған мысал ретінде – 1927ж басында Ханькоу мен Цзюцзяндегі жұмысшылардың ағылшындық концессийді қайтару үшін күрес. Шетелдік кәсіпорындарда сәтті ереуілдердің санының өсуі, мұнда жұмысшылар жалақыларының өсуін, еңбек шарттарының жақсаруын талап етті, Солт/ке жорық Гоминдан партиясын біртұтас майдан ұйымы ретінде көрсетті. 1927ж 1‑қаңт/да Гоминдан жетекшілігі Уханьды Қыт/ң астанасы деп жариялады. Алайда бұған Чан Кайши өз келісімін берген жоқ. Сөйтіп 2 саяси орталық орнайды: солда – Ухань, оңда – Наньчан.
+
Қытайды Гоминьданның астында біріктіруді мақсат ретінде тұтқан солтүстік жорық идеясы Сунь Ятсенге тиесілі болды және ол Гоминьданда өте беделді болды.Бірақ бұл идеялардың жүзеге асырылуы тек 1926 жылдың жазында қолға алында.1926 жылы жазына қарай Ұлттық үкіметтің қол астында тек Гуандань провинциясы ғана емес,сонымен қатар Гуаньси,Гуйчжоу және Хунань провинциясының бір бөлігі тиесілі болды.Батысқа шегінсе де,өзінің әскер күшін сақтап қалған Фэн Юйсаннің «ұлттық армиясы» ұлттық үкіметтің одақтасы болды.Гоминьдандардың есептеулерін ескере отырып,коммунистер өз алдарына мынадай мақсат қойды.Биліктен ұлттық-құқықтық элементтерді ығыстыру және революциялық процестің дамуын басқару үшін жалпы жұмысшы шаруалар қозғалысын солтүстік жорық барысында ұйымдастыруды көздеді.
1926 жылы 1 шілдеде Ұлттық үкімет ресми түрде солтүстік жорықтың басталуы туралы манифес жариялайды.Солтүстік жорықтың жоспары В.К.Блюхер басқарған Кеңестік әскер мамандарының қатысуымен жасалды.Ұлттық революцияның армиясы азат етілген провинциялардың тұрғындарына сүйенді.Ұлттық революция армиясының басты ұрандары-«имперализм жойылсын,милитаризм жойылсын» болды.Бұл ұран офицерлер,солдаттар,армия генералдары арасында үндеу тапты.Ұлттық революцияның армиясы екі негізігі бағытты жылжыды.Солтүстік жорықтың негізгі күштері шілде-тамыз айларында Хунаньді азат етуді аяқтады және өз жорықтарын Янцзы өзенінің орта ағысында орналасқан маңызды экономикалық және саяси орталығы саналатын Уханьға бағытталды.
Қыркүйек айында Ұлттық революция армиясы Цзянсидегі Сунь Чуаньфанның әскеріне қарсы жорыққа шықты.Ұлттық революция армиясының бөліктерінің Уханьнан ығыстырылуы қараша айында Наньчан қаласын азат етуге және өз күштерін Фуцзянь провинциясына бағыттауға мүмкіндік берді.1926 жылы аяғына қарай Ұлттық үкіметтің бақылауында жеті провинциясы болды,ал қалғандарында әлі соғыстар жүріп жатты.Елдегі әскери саяси жағдай өзгертілді.Бұның бәрі елдің солтүстігіндегі ұлттық әскердің іске қосылуына әсер етті.Қараша айында осы әскердің бөлігі Шэньси провинциясын алып,желтоқсанда Хэнанның сотүстік-батыс бөлігіне енді.1927 жылы ақпанында өз жорықтарын шығысқа бағыттады.Олардың көздеген мақсаты-Қытайдың экономикалық және саяси орталығы-Шанхайды азат ету болатын.Наурыз айында Ұлттық революция армиясы Нанкинді азат етті.Олардың Шанхай мен нанкинді азат етуі елдің оңтүстік аудандарымен қатар,экономикалық маңызы жоғары Янцзы бассейнін Ұлттық үкіметтің қол астында шоғырландырылуына ықпал болды.
25.Монғол мемлекетинин курылуы жане Кытайды багындыруы. 1206 жылы нойондардың құрылтайында Тимучин бүкіл моңғолдардың билеуші ханы – Шыңғысхан деп жарияланды. Ол өзінің мемлекетін Моңғол деп жариялап, бірден басқыншылық әрекеттерін бастайды. Шыңғысхан өзінің мемлекетті басқару әдістері мен заңдары туралы атақты Ясасын жазады. Онда басқыншылық соғыстар моңғолдардың өмір сүру тәсілі деп көрсетіледі. Шыңғысханның әскерінің барлық күш-куаты оның көшпелі өмірден әбден шыныққан атты әскерінде болатын. Моңғолдардың әскери өмір салтын нойондарға қызмет етіп, ру ақсүйектерінің ішінен құрылған әскери жасақтардан моңғолдардың қарулы күштері құралды. Моңғолдардың әскери қатары олардың жаугершілік кезінде қолға түсірген тұтқындары есебінен толықтырылып отырды.
Моңғол хандыры Қытайды толық басып алғаннан кейін, өздері қытайға қоныс аударып, астананы Пекин етті. Қытайдағы өздері құрған мемлекетті қытайша атаумен Юань д.а. моңғолдар Қытайда билік ету үшін сол елдің сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекетті институттарын сақтауға, биліктің қытайлық түрін қабылдауға мәжбүр болды.
Кесксілескен қанды қырғындармен әзер дегенде басып алынған Қытай елі, моңғолдарға өте ауыр экономикалық күйреу жағдайында мұра қалдырады. Бұрынғы аспан асты империясы, әсіресе оның солт.жағы, көшпелілердің шабылуы салдарынан терең құлдырау кезеңінде өиір сүреді. Бір кездерде гүлдену кезеңін бастан кешірген қытай дамуы енді мүлдем кері кетті. Бірнеше жылдан кейін, моңғолдық ақсүйектердің қытай мәдениетімен біртіндеп жақындасуының көрінісі ретінде, әкімшілік аппарат пен білім беру саласының қызметі үшін аса маңызды, емтихан алу қызметінің қайтадан қалпына келтірілуін айтуға болады. Бұл мемлекеттік басқару жүйелерінің барлығында қытайлық қызметті сақтап қана қоймай, хань этносының мәдениетімен өмір салтының сақталуын да қамтамасыз етті. Мемлекеттік құрылыс пен білім беру саласындағы моңғол билеушілерінің саясатына, соның ішінде, қытайлық емтихан алу жүйесіне қатысты саясатына, бүкіл юаньдық кезеңнің басынан аяғына дейін тоқтамай келген қытайлық және моңғолдық екі этностың өмір сүру салтының айырмашылығына байланысты туындаған, отырықшы егіншілер мен көшпелілердің мәдениеті арасындағы қарама-қайшылық күрес әсер етіп отырды. Алғашқы кезде күйреуге ұшыраған қытай мәдениеті біртіндеп қалпына келе бастады. Қытай үлесіндегі моңғол мектептерінің құрылуы, онда моңғол тіліне аударылған қытайлық классикалық оқулықтар мен моңғол жастарының білім алуы үлкен жаңалық еді. Қытай мәдениетінің маңызды ықпалының көрінісі болған екінші бір мысал – тарихты жазу ісінің қайтадан қолға алынуы еді. Моңғолдар өздерінің осыған дейін билік еткен әулеттердің мұрагерлері – заңды билеушілер етіп көрсетпек болып, ресми әулеттер тарихын жазуға көп көңіл аударды.