Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.

Халық бұқарасының жағдайының нашарлауы маньчжур династиясының саясатына наразылықтың өсуіне әкелді. Қытайлықтардың көзіне маньчжурлар жатжерліктер болып қалды.

Қытайды қамтыған маньчжур өкіметіне наразылық 1850 жылы қуaтты шаруалар көтерілісіне ұласты. Оның көсемі Хун Сюцюань Тайпинь тянго – ұлы игілікті аспан мемлекетін құруға ұмтылды. Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады. 1851 жылы көтерілісшілер Қытайдығ оңтүстігін жаулап алып, жаңа мемлекеттің құрылғаны туралы жариялады. Хун Сюцюань император болып жарияланды, ал оның жақтастары князь титулын алды.

Тайпиндер деп аталған шаруалар көтерілісі 14 жылға созылды. Ол бірнеші кезеңге бөлінді. Шаруалардың бұл көтерілісінің ең шарықтаған кезі 1853 жылғы тайпиндердің «Ұлы игілікті аспан елі» деп аталатын мемлекетін құруы болды. Тайпиндер мемлекетінің астанасы Нанкин қаласы болды. Тайпиндер идеологиясы ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне әлеуметтік ережелерді және христиан дінін құрметтеуді уағыздады. Бірақ тайпиндер Қытай қоғамына түбірлі жаңа өзгеріс әкеле алған жоқ. Олардың құрған мемлекеті де кәдімгі дәстүрлі монархия мен феодалдық құрылысты қолдады. Сондықтан бұл көтеріліс қаншама кең аумаққа таралып, біраз уақытқа созылғанымен, түбіне жеңіске жете алмайтын еді. 14 жылға созылған тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталады.

. Тайпинь көтер/н негізінен үш этапқа бөлеміз:

1-этап 1850-53: Бұл кезең көтерілісшілердің күш жинап, қарулы отряд құрып, солт/ке қарай бағытталған кез. Ол Нанкинді жаулап, өздерінің астанасы етіп жариялаған.

2-этап 1853-56: Ол кезде Янцзы өзенінің төменгі ағысындағы провинцияларда тұрақты мем/т құрумен қатар, Цин дин/на үрей туғызған период.

3-этап 1856-64: Соңғы этап. Нанкиннің құлауы мен Тайпинь көтер/ң негізгі жетекшілерінің қазасымен бейнеленеді. Хун Сю Цюань 1964ж 1-маусымда жеңілгенін сезініп, у ішіп өледі. Осы көтер/ң нәт/де 15-20 адам қаза б/ы.

Тайпин армиясы ерекше тәртіпке бағынды. Тайпин армиясының саны жағынан өсуіне халық арасында жүргізілген үгіт-насихат себепші болды. Тайпин басшылығы «Каждая семья в Поднебесной и все вместе должны наслаждаться великим благоденствием!» деген ұран қағидаларын ұстанды. Сондықтан болар цин армиясы Цзиньтяньнан бастап бір шайқастан кейін екіншісінде жеңіліп жатқаны. Тайпиндер армиясы өз соғысында партизандық әрекеттер қолданды, мобильді болды, шешуші шайқастан бас тартты, «жалған және шынайы шабуыл» тактикасын қолданды. Осындай прогрессивті стратегия мен тактиканы Тайпиндер Цзянкоусюй түбіндегі шайқаста қолданды.

Тайпин көтерілісі басталғаннан оның басшылары өздерінің идеологиясын анықтауға кірісті. Тайпиндер қозғалысының негізінде әрине қозғалыстың басшысы Хун Сю-цюань діни, дүниетанымдық, саяси, әлеуметтік және экономикалық көзқарастары жатыр

Тайпин қозғалысын зерттеген ғалымдардың барлығы, оның ішінде кеңес тарихшылары да көтеріліс пен Тайпин мемлекетіндегі идеологияға антиманьчжурлық, ежелгі қытайлық әлеуметтік утопиялармен және дәстүрмен байланыс, аскетизм, христиандық сипат тән екенін айтады. Әсіресе көтеріліс идеологиясындағы антиманьчжурлық сипаты ерекшеленеді. 1852 жылы Тайпин қозғалысының басшылары Ян Сю-цин мен Сяо Чагуйдің «Аспан еркімен солтүстік варварларды жою қажеттілігі туралы манифесті», «Аспан еркімен ібілісті жою, әлемді құтқару және халықты тыныштандыру туралы манифест» сияқты бағдарламалық құжаттар жариялады. Бұл құжаттарда тайпиндердің идеологиялық негізі анықталды.

Қорытындылай келгенде тайпиньдер көтер/те жеңіске қолын жеткізе ала ма екен, егер жеткізсе олардың жеңісі Қыт тарихына қалай әсер етеді екен деген сұрақ туындайды. Олардың жеңіске қол жеткізу мүмкіндігі б/ы. Себебі 1856 ж Цин дин/сы билікті әрең ұстап отырды. Бір жағынан тайпиньдер билікке келгенде олар билікте ұзақ мерзім отыратын еді. Бірақ елдің ішінде оларға қарсы тек билік басындағылар емес, с.қ оларға қарсы Шэньшилар мен өздерінің ата‑бабаға сиыну сенімімен ажырасқысы келмеген қарапайым шаруаларда тұрды. Тайпиндер көтерілісінің жеңілу себептері – жетекшілік ететін әлеуметтік күштердің болмауы, еуропалық державалардың Цин өкіметіне көмектесуі және Қытай халқына жат христиан дінін тайпин көсемдерінің ұран етуі болды. Хун Сюцюань, Ян Сюцин сияқты жетекшілері өз төңірегіне қытай халқын топтастыра алған жоқ. Тайпиндер көтерілісі 1864 жылы күшпен басылды. Қытайда Цин билігі сақталып қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]