
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
1976 ж 9қыркүйекте 83 жасында Мао Цзедун қайтыс болып, саяси илік үшін күрес шиеленісе түсті. Мао Цзедун Қытайды терең дағдарыс жағдайында қалдырды. Ресми мәліметтер бойынша, сол жылдарда Қытайда мүлдем жұмыссыздардың қатары 20млн адам, жұмыс іздеушілердің қатары, 8 млн адам болса, 100 млн-нан астам тұрғындар ашыққандар қатарында болды. Мао Цзедун дүниеден өткеннен кейін партия мен мем-т басшылығында Дэн Сяопин бастаған қытайдың жаңалау тобы басымырақ дауысқа ие болды. Кең түрдегі эк-қ реформаларды іске асыру шешімі ресми түрде 1978 ж желтоқсанда Қытай коммунистік партиясының Орталық комитетінің үшінші Пленумында жарияланды.Пленумда Дэн Сяопин баяндамасы тыңдалды. Эк-қ реформа ауылда басталды. Қытай қоғ-ң тұрақтылығы мен қытай эк-ң даму қабілеті қытай ауылының даму мүмкіндігі мен шаруалар жағдайының жақсаруна байланысты болатын. Ауылда халық коммуналары таратылып , олардың орнын отбасы көтермесі басты. Отбасы көтермесі жерді жалға алуға құқылы болды. Әрбір шаруа отбасына керекті жер үлесін 15-50жылдық мерзімге алды. Ірі қара , қой, ешкі, шошқа ж/е құс шаруаларға арзан бағамен сатылды. Мал басынаң өсуіне мем-т тарапынан қойылған юарлық кедергілер мүлдем жойылды. Шаруалар өндірген өнімдерін алдан ала жасалған шарттар негізінде сатуға мүмкіндік алды. Мем-ң шаралары ауыл тұрғындарының ынтасын көтеріп, шаруашылықтың дамуына жаңа рух берді. Ауылдағы реф-ң барысында еңбекті ұйымдастырудың жаңа түрлері байқалды. Бұл ауылдық-болыстық кәсіпорын түрі. Аталған кәсіпорындар ауыолдағы фермалар мен ауылдық индустрияның ұштасқан түрі болды. Ауылдағы реформаның нақты әрекеттері коммунналарды таратуға кооперативтік шаруашылықты жоюға , мем-к жоспардың қысымын жұмсартуға, отбасы көтермесін барынша қолдауға бағытталды. Қытай басшылары социализм идеясынан біржолата бас тартпай , «қытай ерекшелігіне тән социализм» құрылысын насихаттады. 1989 ж көктемде Коммунмстік партияның жоғарғы тобында Чжао Цзян басқарған саяси реформаларды жақтайтын либералдар тобы құрылды. Қытай астанасында ж/е басқа қалалрда Қытай Коммунистік партиясының үстемдігін жою, көп партиялық жүйені енгізу, әділетті құқықтық мем-ті енгізу талаптарын жақтаған топтар көшелерге шықты. Үкімет әскерлері толқуларды басып , тыныштық орнатты. Чжао Цзян партиялық қызметінен босатылып , Қытай Коммунистік партиясының бас хатшысы қызметіне Цзян Цзэминь сайланды. Цзян-Цзэминь XX ғ 90жж партия мен бұқара халықтың арасындағы жағдайды «тұрақтандыру мен өркендету» үндеуі арқылы оларды топтастырып, Қытайда ұзаққа созылған әлеуметтік-эк-қ реформалар жолына шығарды.
19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
Суй дин-сы ( 581-618) ұзаққа созылған тұнжырау заманнан кейін елді біріктірген қытайлық әулет. Оның негізін қалаушы Yang Zhan болды. 24 жыл билік етіп , үлкен өзгерістер алып келді. 2 түрлі тұжырым : 1) тарихи тәжірбиелерді саралай отырып, эк-қ үнемділік .2) хаалық бұқарасына жеңілдік беру. Суй дин-сы кезінде феод-қ мем. Құрылым кемелденді. 2 реформа жүргізді. Жергілікті басқару орган-н қысқартып, орталық-ң жергілікті басқару орг-ң бақылауын күшейту. Жергілікті басқару орг-ң қажетс-е қысқартып, ұсақтарын рілендіру ( біріктіру) арқ-лы билікті күшейту. Жерг. Басқару орг-ғы адамдар санын қысқартты. Шенеуніктерді 9 дәрежелі аттестациядан өткізді. ( ke jiu zhe – конкурстық жүйе)Суй патш-ң ойынша қылмыстың көп болуы қатаң заңға байланысты . Ол кездері жазалау тәсілдері өте қатаң болды. Сол себептен 583 ж жарлық шығарды: Жаңа заң жасау , жаза түрлерін жеңілдету. Жергілікті билікті бақылайтын эк-қ шараларды күшейтті. Жарлық бой-ша жер бөлу ж/е құн төлеу . Шаруаларға жер бөлу: 80 му жерді азық төлеуге берді. 20 му жер мәңгілік кәсіптік жер. 40 му әйелдерге жазық жер берілді. Ер адамдар мен әйел ад-ң қанша орам жібек, кендір мата төлеуі белгіленді.
Император Ян Цзянь конфуцийлік доктринаға сәйкес елдегі ішкі қарым-қатынастарды реттеуге, гүлдену мен тұрақтылыққа бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға кірісті. Жаңа үкімет салықтарды төмендетіп, қазынаның тұз бен шарапқа монополиясын жойды, жаңа ақша бірлігін шығарды. Конфуцийлік ілімді жақтаушы Вэньди император қызметке ғалымдарды шақырып, әрбір Аспан асты мемлекетінің мүшесі өз білімдерін сынақтан өткізу үшін жүргізілетін, әкімдік мемлекеттік қызметке орналасуына жол ашатын емтихан тапсыру жүйесін енгізді. Суй сарайы хань дәуірінің бюрократтық жүйесін қабылдап, елдің әкімшілік бөлінісі қайта реттелді, мемлекеттік қызметкерлердің саны біршама қысқартылды.
Ян Цзянь орталық өкіметтің барынша күшейтілуін табанды түрде жүзеге асырып, жеогілікті ақсүйектердің қарслықтарын аяусыз басып тастап отырды. Өзі билік басына әскери күштердің көмегімен келгеніне қарамастан, ол біртіндеп әкімдік-бюрократтық топтарға көбірек арқа сүйеп, елде азаматтық биліктің негізін салған болатын. Бірақ 604 жылы өзінің ұлы Ян Гуанның қолынан қаза тауып, баласы таққа ие болды. Ян Гуанның саясатының негізі қазынаны байытуға, экономикалық және саяси орталықтандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға арналды. Ян Гуанның билігі көп жағдайда қатал үстемдік, яғни деспоттық сипатқа ие болды.
Ян Гуан цзиньши (парасатты еркек) дәрежесін алу үшін емтихан тапсыру тәртібін енгізді, бұл кейінірек елдегі адамгершілік және азаматтық бастамаға басымдық беретін саясаттың негізін қалаған, мемлекеттік қызметке ұсынуға апаратын бірден бір тәсіл болды. Ал әскери адамдар болса, олар провинциялық азаматтық өкіметке бағынышты болатын болы.
Жаңа император Ян-ди елдің астанасын Чанъаньннан Лоянға көшірді, астанаға 10 мың бай отбасыларын әкеп қоныстандырды. Керемет әдемі сарай ансамбльдері, сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы аң-құстары бар , арықтары мен каналдары бар ғажайып парктер сол кездің адамдарын ертегідей таң қалдыратын.
Суй империясында ішкі және сыртқы сауда байланыстары жақсы дамыды. Лоян ірі сауда орталығына айналып, өзендер мен каналдар арқылы және құрғақтағы сауда арқылы да астанаға әралуан тауарлар жан-жақтан ағылып келіп жатты. Қытайдың жібегі, қағазы мен темірі батыс пен шығысқа көптеп шығарыла бастады. Сыртқы байланыстар да біршама дұрыс дамыды. 607 жылы Сиамнан императорға сый-сияпат әкелген елшілік келді. Ал 603 жылы қытайлықтармен ұзақ соғысудан шаршаған Вьетнам Қытайдың суверинететін мойындады.
даму үрдісін, жоғарылау және құлдырау бағытын айқын көре аламыз: алдымен императорлық билікті күшейту, мәдени өрлеу, негізгі өндірушілерге жеңілдік жасау, содан кейін сыртқы басқыншылық соғысты күшейту, халықты тонаушылыққа әкелетін салықтарды ұлғайту мен ірі жер иелерінің көбеюі, сөйтіп, ақырында елді күйзеліске ұшырату сияқты әрекеттер.
Ірі жер иелері елдегі қалыптасқан дағдарысты пайдаланып, өз иеліктеріне басқа жерлерді түрлі жолдармен қосып алып, әртүрлә атақ-шендерді иеленіп, тіпті өздерін жергілікті жердегі император деп те жариялай бастайды. Ірі қалаларда жергілікті кіші императорлар көбейді. Сонымен қатар билеуші әулеттің өз ішінде де тартыс басталады. Осындай кішігірім императорлардың бірі, Шаньсидің билеушісі Ян Гуанға шешесі жағынан туыс болып келетін Ли Юань деген күшейіп шығады. 617 жылы Цзянду (Нанкин) қаласында ол сарай күзетшісінің қолынан қаза табады. Сөйтіп, 589-617 жылдары билік құрған Суй әулетіқұлатылаы. Ли Юань 618 жылы елдегі билікті қолына алып, Чанъаньда өзін император деп жариялап, Қытайда Таң әулетінің билігінің негізін салады.