
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
Бұрындары Қытайды жаулап алған қыйсарлы чжурчандардың тұқымы маньчжур тайпалары қытай империясның солт шекараларында мекен етіп XVII ғ басында саяси консолидация процесін басынан өткерді. Бұнда ерекше ролді XVII ғасырдың бірінші он жылдығында манчжурлардың ең бірінші мем-н құрған манчжурлардың әскери басшылары Нурхаци ойнады. Ал оның баласы Абахай Цин ( таза) мем-н құрып, оның ең бірінші билеушісі болды. Бұл уақытқа қарай манчжурлар қытай мәдениетінің көптеген элементтерін , соның ішінде әсіресе мем-к билеудің маңызды принциптерін қабылдады. XVII ғ 40жж басында мачжурлар үнемі Қытай террит-на шабуыл жасап, мыңдаған тұтқындарды өздерімен ала етіп, құлдарға айналдырды. Манчжурлардың Қытайды жаулау үрдісі У Саньгуйдің көмегімен 1644 ж көктемде басталып , қырық жылдай жалғасып , тек 1683 ж ғана аяқталды. 1644 ж 27 мамырда Ұлы Қытай қорғаны маңындағы Шаньхайгуан аймағында Ли Цзычэн мен У Саньгуй көмегіне сүйенген біріккен манчжурлар күштері арасында қырғын шайқас болды. Ли Цзычэн армиясы манчжур аттылар соққысы нәтижесінде кері шегініп, кейін Пекинді тастап батысқа қарай шегінуге мәжбүр болды. Пекинге кіргеннен кейін манчжурлар Қытай императоры етіп Абахай ханның балаларының бірін тағайындады. Осы моменттен 267 ж тарта уақыт бойы Қытайда манчжурлық Цин империясы билік етті.Манчжуларды біріктіруші Нурхаци (1559-1626ж.ж.)өмір сүрген.1587ж. манчжур ру тайпалардың басын біріктіріп,өзін хан деп санаған.алғаш пиарада болды,1599ж. Ол өзінің атақты оқытушысы Гердений Гилайға манчжур жазуын жасауға тапсырыс берген екен.Ол моңғол жазуына негізделіп шығарады(42 әріптен тұратын жазуды).1603ж.Астанасын Хатоалаға көшірді,1608ж.сол кездегі Миң патшалығына салық беруден бас тартты.ХVIIғ. Миң патшалығы манчжурларға шабуыл жасады,кейін астанасын Шиниаңға көшірілді.1617ж. Миң патшалығына қарсы шаруалар көтерілісі болды.манчжурлар «Жин» мемлекетің құрды,бұл тарихта «Соңғы жин» деп те аталады .Император және оның кеңесі 5 адамнан, орда мүшелері 10 адамнан тұрады да орталықта билік жүргізеді.Сонымен қатар,бұлар өздерінің әскери жүйесін қалыптастырады. «8 ту» әскер түзімі,бұл кезде орталықта Лижічн мен Жаңщианжуң Қытайдың Шанши провинциясында болған.1626ж.Нурхациға оқ тиіп өлді.
15. ҚХР-КСРО қатынастары (1949-1956)
Қытайдың сыртқы саясатындағы бағытында өте күрделі болған х/қ жағдай , яғни «қырғи қабақ соғыс» әсер етті. Азаматтық соғыстың аяқталуында Мао Цзедунға «2 жақты ұстану»деген қағидадан бас тартуға тура келді. Яғни 2 даулы елдің арасындағы жағдайына өзін байланыстырмау . ҚХР-ның басшыларына кеңестер үлкен көмек берген , ол азаматтық соғыста да ж/е жаңа мем-ит құру барысында байқалды. ҚХР-сын мем-т деп ж/е дип-қ қарым-қатынас орнатуда Кеңестер ең 1-ші болып мойындады. 1949 ж 16 желт Мао басқарған ( ҚХР-сы делегациясының) Мәскеугесапары , екі жақты қатынастарды кеңейту үшін 1950ж 14 ақпанда «Достық келісімі , бірлестік ж/е көмек беру » деген келісім шарты ( 30 жылдық) қабылданды. Бұл келісімнің басты көңілі әскери-саси бірлестікке бөлінген. Ол екі жаққа өте тиіімді еді. Осыған байланысты көптеген келісімдер қабылданған болатын. Саяси ж/е заңды базаларға қол қойылған. Осыған сәйкес Кеңестер ҚХР-ның сыртқы саудада басты серігі болды. 1952 ж тауар айналымның 50 % Кеңестер үлесінде болған. Кадрлармен алмасу , студенттерді оқыту, шаруашылықты жоспарлау, білім жүйесін қалыптастыруға байланысты шаралар да жүргізілген. Әрине, осы Ееңестік тірек ҚХР-ың Кореядағы соғысына көмектесуіне үлкен көмек болды. 25 маусымдағы 1950 ж Корей Халық –демократиялық армиясы оңтүстікке шабуыл жасайды , Корей Республикасына. Инициаторы Ким Ир Сен болды. Комунмстік режимді орнатып, екі елді қосу үшін . Сталин бұған өз қолдауын берген . Бірақ БҰҰ бұны агрессиялық әрект деп, АҚШ пен олардың одақтастары соғысқа араласуға мәжбүр болды. Қыркүйекте АҚШ әскері 38 паралельді өтіп , Корей әскерлерін ығыстырып , ҚХР-ң шекарасы Пхеньянға жақындады. ҚХР –сы қиын жағдайға тап болды. Бірақ та Мао мен ҚХР-ның басшылары Ким Ир Сенге көмек беру деген шешімге келді. 25 қазанда 1950 ж Қытай әскері Пэн Дэхуая басшылығымен Корей жеріне келді. Ал, Кеңестер өз тарапынан қару-жарақиен , әскери техникамен , әскери мамандармен , әуе техникасымен қамтамассыз етіп отырды. Қытай халық әскерлері ұзақ ж/е қатал соғыс нәтижесінде 1951 ж жазында АҚШ әскерлерін 38 паралельге ығыстырды. Ұзақ келіссөздер нәтижесінде бейбіт келісім шартына 27 маусымда 1953ж қол қойлды.1949ж. 2-Қазанда КСРО бірінші болып ҚХР-ң тәуелсіздігін мойындайтындығын, әрі ҚХР мен липломатиялық қатынасты ресми орнататындығын жариялады.ҚХР-КСРО сынды екі елдің достығын нығайту, екі ел халықының достық қатынасын онан ары дамыту үшін,1949жылдың соңында,Маузыдуң ҚХР уәкілдер үйірмесін бастап,КСРО-ны көзден кешіріп,ҚХР-КСРО келісімін өткізді.Келесі жылы екі жақ «ҚХР-КСРО достық,өзара көмек беру келісіміне» қол қойды.келісімде келісімге келген бір жақ егерде үшінші бір мемлекеттің шапқыншылығына ұшыраса,енді бір жақ әскери жақтан,сондай-ақ басқа жақтардан бар күшімен көмектесетіндігі белгіленді.КСРО ҚХР-ға 300 миллион америка долларын қарыз берді.Бұл ҚХР-ң шаруашылығын қалпына келуі мен дамуын ілгерлетті,империализмнің ҚХР-ны оқшау қалдыру,құрсалау саясатын талқандау,Қытай-КСРО екі ел халықының ынтымағын нығайтуда келелі маңызға ие болды.
!6, Хань патшалығының орталық Азия елдерімен байланысы
Батыс хань империясының сыртқы саясатының ең маңызды және алғашқы кезектегі міндеті елді көшпелі сюңну тайпаларының үздіксіз шабуылдарыан қорғау болды.
Ұлы Қытай қабырғасы сюңну шабуылдарының қаупін біршама әлсіретті.Бытыраңқы тайпалардың бірігіп,сюңну тайпалық одағын құруы Хань билігіндегі Қытайға үлкен қауіп төндірді.Сюңнудің ең жоғарғы көсемі Шаньюй Модэ (б.з.д.200-174) дәстүрлі,жеңіл қаруланған атты әскерме қатар,әскерге ауыр қару-жарақтармен жарақтанған соғыс күштерін енгізді,сөйтіп сюңнудің әскери қуатын кұшейтті.Модэ орасан зор жерлерді жаулап алды:солтүстікте Орхон өзенінен шығыстағы Ляохэ өзеніне дейінгі,батысында Тарим өзені бассйнін дейінгі жерді иеленді.Б.з.д. 205 жылы сюңнулар Ордосқа ие болған соң,олардың хань империясының әскеріне шабыл жасауы жиілей түседі.
Сюңнумен соғысқа әзірленіп жатқан У – ди б.з.д.138жылы Чжан Цянь деген елшісін сюңнумен жауласушы даюэчжи тайпасын іздеуге аттандырады.Ол тайпа сюңнудан соққы жеп,Ганьсюден батысқа қоныс аударған еді.Жол-жөнекей Чжан Цянь сюңнулардың тұтқынына түседі,одан он жыл өткен соң қашып шығып,өзінің сапарын жалғастырады.Юэчжи тайпасы бұл кезде Орта Азияда өмір сүріп жатқан болатын және олар Бактрияны бағындырып алған еді.Өзінің саяхаты кезінде ол,Даваньда,Канцзюэде болып,бір жылдай уақыт Дася жеріде тұрып қайтты.Жергілікті саудагерлерден Чжан Цянь Шэньду және батыстағы алыс елдер жайлы,соның ішінде Аньси,Ферғана мен Орта Азияның басқа да елдері туралы жәе бұл аталған елдердің Қытайды “Жібек елі” деп білетінін,саудагерлр бұл елдерге Қытайдан жібек маталар әкеліп сататынын білді.Әлемге әйгілі болған Ұлы Жібек жолының аты осыдан келіп шыққаны белгілі.
Чжан Цянь,астанаға 13 жыл өтке соң ғана оралды,алайда ол осы сапарында алдына қойған мақсатына толық жете алмайды.Бірақ оның бұл сапарының тариха маңызы өте зор болды.Чжан Цяннің арқасында,ежелгі қытайлықтар,өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген әлемді ашты:олар алғаш рет Бактрия,Парфия,Ферғана және басқа Орта Азия мемлкеттері туралы мәлімет алады.Чжян Цянның б.з.д. 119 жылы болған екінші сапарынан кейін Хань империясы осы мемлекеттердің көпшілігімен байланыс орнатады.Бұл байланыстардың тек саяси маңызы ғана болып қойған жоқ,олар мәдени жетістіктердің Азиядан бұрын оларға таныс емес ауылшаруашылық өнімдері-жүзім,бақша жемістері,сондай-ақ мзыка аспаптары,кейбір тұрмыстық бұйымдар енеді.Кейінірек батыс аймақ арқылы Қытайға Индиядан буддизм діні енеді.
Осы уақыттан бастап,Хань императорларының сыртқы саясаттағы басты мақсаты империяның бұл елдрмен арадағы сауда жолдарыа ие болу,осы лдрмен тұрақты байланыс орнату болды.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін,сюңнуларға қарсы жорақтардың бағыты өзгертіліп,оларға қарсы жорықтардың орталығы болып Ганьсу белгіленді,себебі бұл жерден батысқа баратын сауда жолы,атақты Ұлы Жібек жолы,өтетін еді.Б.з.д. 121 жылы хань әскерлері сюңнуларды Ганьсудан ығыстырып,оларды одақтасы цяндерден бөліп тастайды.Сөйтіп Хаь империясына Шығыс Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндік жасалды.Басып алынған бекіністерге әскери және азаматтық қоныстар салынды.Ганьсу бұдан былай Ұлы Жібек жолына ие болу үшін шайқастарға плацдарм болды.Осы кезден бастап Ганьсуге мықты бекінген Қытай саудагерлері Чяньянна керуен саудасы күшейтті.Керуен жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Хань империясы Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Шығыс Түркістанның оазистік қала-мемлекеттеріне өз ықпалын жүргізу үшін,дипломатиялық және әскери әдістерді де кеңінен пайдаланды.
Б.з.д. 115 жылы Чжан Цянь екінші рет сапарға шығып,ол бастаған елшілік үйсіндерге аттандырылады.Бұл елшілік ханьдік Қытайдың Орталық және орта Азиямен сауда және дипломатиялық байланысын дамытуда зор рөл атқарды.Өзінің үйсіндерге келген кезінде,Чжан Цян,сол жерлерден Даваньға,Кацзюйге,Юэчжиге және Дася,Аньси,Шэньду мен басқа да елдерге Қытай еленің атынан елшіліктер жіберді.Бұл өкілдер,ежелгі Қытайдың бүл елдерг келген алғашқы елшіліктрі болды.Б.з.д 115-111 жылдары осының нәтижесіде Хань империясыме Бактрия арасында сауда байланыс орнатылды.