
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
13. Хань патшалығының құрылуы
Қытай империясы орталықтанған мемлекет ретінде бірнеше ғасырлар бойында қалыптасты. Империя биліктің күшке сүйенген,орталықтанған аппараты негізінде өмір сүреді. Сондықтан қытайлық империяның негізі легистік сипатта пайда болуына таң қалуға болмайды. Дегенмен, тұрақты империяның қалыптасуына бір ғана тәртіпке негізделген күштің болуы аздық етеді. Әлеуметтің тұрақтануы мен шаруашылықтың біркелкі дамуы үшін басқа да күшті ұйымдық құрылымдар қажет. Осыған жете мән бермеген легистер жеңіліске ұшырады. Ендігі кезекте,олардың орнына жаңа әулеттің билігі келді. Жаңа билік өкілдері – Хань әулетінің билеушілері әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық құрылым құру үшін күш жұмсауға кірісті.
Хань империясы бірден,б.з.д 207 жылы Цинь империясы өзінің өмір сүруін тоқтатқан соң,құрыла салған жоқ. Қытай бірнеше жылдар бойы,бос қалған император тағына ие болу жолындағы аяусыз қырқысқан саяси күрестердің сахнасына айналды. Осы өзара қырқысушы патшалықтардың ішінен жаңадан пайда болған мемлекеттік құрылымдар– Сян және Хань ең күшті жеңімпаздар қатарында болды. Олардың арасындағы бәсекелестік күрес б.з.д 202 жылы император атағына ие болған Лю Банның жеңісімен аяқталды.
Хань әулетінің билігі екі үлкен кезеңге бөлінеді: Батыс Хань немесе Ерте Хань әулеті (б.з.д 202–б.д8ж.) және Шығыс Хань немесе Кейінгі Хань әулеті(25-220ж.).
1.Лю Бан б.з.д 206 жылы өзіне "Ханнің уаңы" деген атақ алған болатын. Б.з.д 202 жылы Лю Бан енді өзін император деп жариялап,бұдан былай императорлық жаңа есіммен -Гао-цзу деген атқа ие болады. Сөйтіп ол Қытайда жаңа әулеттің – Ханнің билігінің негізін салады. Оның құрған империясы – Хань империясы деп аталады. Хань империясының қол астына бүкіл Аспан асты мемлекетінің халқы бағынды. Лю Бан империяның астанасы етіп Чаньань қаласын жариялады.
Лю Бан Хань империясының басына билікке келген кезде,оның маңында білгір әрі тәжірибелі,соның ішінде конфуцийшіл кеңесшілері де болды. Алайда олар императордың көзі тірісінде, яғни соғыстар мен бүліктер тоқтамай тұрған кезеғде,қирау мен күйреушілік заманы өмір сүріп тұрған кезде ештеңе істей алмады. Сонымен қатар,олар әлі де болса өмір сүріп тұрған кезде ештеңе істей алмады. Сондықтан Гао-цзу радикалдық реформалар жасауға,өзінің жаңа тәртіп жүйесін легистік жүйеге қарсы қоюға онша асыға қоймады. Қайта, ол Цинь дәуірінен сақталып қалған легистік әкімшілік жүйенің қалған құрылымдарына арқа суйеп ,сонымен бірге Ли Сы мен Цин Шихуанның легистік қаталдығын аздап болса да жұмсартуға тырысты.
Лю Банға империя бүкіл экономикалық және саяси жүйесі қираған қиранды күйінде тап болды. Сондықтан,император Гао-цзудың алдында тұрған ең маңызды міндет – елдің экономикасын қалпына келтіру болатын. Цинь Шихуанның жүргізген соғыстары,халық көтерілістері мен цинь үкіметінің жазалау экспедициялары,ақырында таққа таласқан топтардың арасындағы бес жылға созылған соғыс,шаруашылыққа орасан зор нұқсан келтірді. Ирригациялық жүйелер қирады, құнарлы жерлер өңделмей қалды. Елдің негізгі егіншілік аудандарының тұрғындар саны мүлдем қысқарды. Жүздеген мың адамдар өлді, одан да көбі жылы орындарын тастап,аласапыран заманның азабынан орманға қашып кетті. Император Гао-цзу өзінің жүргізетін саясатының басты міндеті,яғни осындай ауыр жағдайдан шығудың жолы – қарапайым халық бұқарасының жағдайын ескеріп, олардың мойнына түсетін салық зардабын азайту – деп түсінді.
Жаңа император өзінің алғашқы нұсқауларының бірінде:–"өзіммен бірге астанаға келген әскерлер,егер,осында қалғысы келсе,үлеске жер алады және олар 12 жыл бойына еңбек міндеткерлігінен босатылады" дейді. Сонымен қатар,бұл міндеткерліктен жас баласы бар барлық жанұялар босатылды. Соғыс кезінде қонысын тастап кеткендерге,олардың егістік жерлері мен үйлері қайтарылды. Ашаршылық кезіне өзін құлдыққа сатқандардың бәріне бас бостандығы берілді.Жер салығының көлемі бұрынғыға қарағанда,біршама азайтылды . Енді оның көлемі астықтың 1/5 мөлшеріндей болды.Кейін,бұл саясатты Гао-цзудың ізбасаралары одан әрі жалғастырды.