Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ж.-. Астамбаева, Г. И. У-йісова, Ша-ын жина-ты...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.48 Mб
Скачать

Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:

1 сынып

2 сынып

6 санын қосу және азайту

Білімді тиянақтау

Мақсаты

Санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, қосылғыштардың біреуі 6 болатын өрнектер құрастыра білуге және тез есептеуге дағдыландыру

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдерін көрсетіп беру, оны есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру; есеп құрастыру және шығару, түрлендіру.

Сабақтың түрі; аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері; әңгіме, көрнекілік, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: карточкалар, геометриялық фигуралар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

Ескерту: ** - мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.

1 сынып

2 сынып

1** Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, қазір математика сабағы, мен сендерге жұмбақ оқимын, шешіп көріңдер.

а) Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Бұл не? (8 саны)

ә) Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай үйректің

Оқымасаң, білмесең

Мені аласын күнде сен. ( 2 саны)

2** Өткен материалмен жұмыс

а) Сандарды оқы, жаз:

Тақтада мынадай сандар жазылған?

Бір таңбалы сандарды 1 сынып, екітаңбалы сандарды

2 сынып оқушылары жазады.

0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.

(жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).

ә) көркем жазу сәті

6. . . . . . . . . 1 66 . . . . . . . . . . 61

3. * + 6,  - 6 өрнектер жазыңдар.

3**. Жаңа материалмен жұмыс.

- Балалар № 1 жаттығуға қарайық не берілген?

- түсіндірмелер және кесте.

- Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік.

4**. Қандай қосындылар жаздық.

0 + 6 2 + 6 4 + 6

1 + 6 3 + 6 6 + 4

6 + 0 6 + 2

6 + 1 6 + 3

Енді мәнін табайық

- Неше қосынды болды?

- 10 қосынды.

- Басқа қосынды жаза аламыз ба? (жоқ)

5**. а) Оқулықпен жұмыс.

№ 3 жаттығуға қарайық

а) 0-ден болатын өсу ретімен жазайық. 0, 5, 10.

1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық.

1, 6; 2, 7; 3, 8; 4, 9;

ә) Кему ретімен жазайық

10, 5, 0. 9, 4; 8, 3; 7, 2; 6, 1;

5*. № 2 жаттығуды талдап жіберейік.

(Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.

6**. Сергіту сәті

Бір, еік, үш,

Дем аламыз жинап күш.

Қандай есеп болса да,

Шығарамыз біз.

7*. Сандардың парын табыңдар

әр оқушының тапсырмаларын алып, тексеремін.

  1. ** Балалар, № 3 тапсырмаға қарайық.

- Берілген өрнектердің мәнін тауып көрелік.

- Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік.

- Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз.

- Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар.

8.** Әр оқушының білім деңгейлерін тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі.

№ 1 тест

  1. 6 + 1

а) 5 ә) 6 б) 7 в) 4

№ 1 тест

  1. 15 + 10

а) 20 ә) 25 б) 30 в) 35

№2 тест

х + 0 = 5

а) 5 ә) 4 б) 3 в) 6

№2 тест

х + 2 = 24

а) 22 ә) 24 б) 25 в) 26

№2 тест

Нүктені тап.

а) ○ ә) б), в) .

№2 тест

Шаршыны тап

а) ○ ә) б), в) .

9. ** Сабақты қорыту

- Балалар біз сабақта не өттік?

- Математика сабағы сендерге ұнады ма?

10.** Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған. Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады.