Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбек аурулары,демалыс 6.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113.15 Кб
Скачать

5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу

Травматизмді талдау мақсаты сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды дайындау мен себептерді анықтау болып табылады.

Сәтсіз оқиғалардың себептері мен жағдайларын білікті анықтау, олардың дұрыс есепке алынуы мен олардың қайталануының алдын алу үшін ғана маңызды емес, сондай-ақ әлеуметтік мәні зор, ол жәбірленушіге шығынды қайтару туралы сұрақты тез шеше алады, қауіпсіз жұмыс шартын қамтамасыз ету бойынша жетекшімен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағалау, травматизм себептерін жою бойынша шараларды өңдеуге көмегін тигізеді.

Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы. Өндірістегі сәтсіз оқиға – жұмысшы еңбек міндеттерін немесе жетекшімен берілген жұмысты орындауда қауіпті өндіріс факторларының әсер етуі. Сәтсіз оқиғаларға өткір уланулар, жылу соққылары, үсу мен найзағай түсу де жатады.

«Жұмыспен байланысты сәтсіз жағдай ұғымының жалпы сипаты бар, оған «өндіріспен байланысты сәтсіз оқиға» ұғымы енеді.

Сәтсіз оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады:

- жұмыс жетекшісіне жылдам хабар беру;

- жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып, оны емдеу мекемесіне жеткізу;

- сәтсіз оқиға туралы жоғары тұрған жетекшісіне хабар беру;

- тергеуге дейін оқиға болғандағы жағдаймен құралдарды сол қалпында сақтау (егер ол қоршаған ортаға денсаулығы мен өміріне зиянын тигізбесе, апат болмаса және үздіксіз жүргізілуі керек технологиялық процесті бұзбайтын болса);

- сәтсіз оқиғаны тергеу бойынша құзырлы комиссияны құру;

- сәтсіз оқиғаны тергеу 24 сағат ішінде өтеді (жағдайлар мен себептер анықталады, сәтсіз оқиғаның қайталануының алдын алу бойынша шаралар анықталады);

- тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады;

- сәтсіз оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі.

Топтық сәтсіз оқиға ауыр немесе өлімі бар сәтсіз оқиғалар арнайы тергеуге жатады.

Сәтсіз оқиғалардың барлық материалдары мен Н-I формасы бойынша акт мұрағатқа 45 жыл көлемінде сақталуға беріледі. Сәтсіз оқиға біліктілігі мен тергеу бойынша барлық дау сұрақтар әкімшілік тәртіпте немесе сот органдары арқылы шешіледжі.

6. Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау

Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау статистикалық немесе экономикалық, монографиялық және топографиялық әдіс және байқау, анкеталау және сараптық бағалау әдістерімен жүргізіледі.

Статистикалық әдіс сәтсіз оқиғаларды тіркеудің материалдарын зерттеуге негізделген және оларды келесі факторлар бойынша топталады:

• сәтсіз оқиғаның пайда болу уақытына;

• сәтсіз оқиға пайда болған себептерге;

• жарақаттанған жұмысшының кәсіптік-біліктілігі және жынысжастық белгілеріне;

• жарақаттың сипатына (кесулер, егулер, тоқ соғулар және т.б.);

• жарақаттылық факторына.

Статистикалық әдіс алынған жарақат ауырлығы мен кәсіпорындағы жұмысшылардың санына өндірістік жарақаттың сандық сипаттамасына салыстыра отырып зерттеуге көмегін тигізеді.

Өндірісте травматизм жағдайының жалпы сипаттамасы үшін еңбекке жарамсыздық коэффициенті Кн қолданылады, ол 1000 жұмысшыға адам – күннің еңбекке жарамсыздық саны өндірістік травматизмнің статистикалық көрсеткіштері эконо-микалық көрсеткіштері – сәтсіз оқиғаның материалдық нәтиже-нің көрсеткіштері, сәтсіз оқиғаның алдын-алуға жұмсалатын көрсеткіш, уақытша жұмысқа жарамсыздығында жұмыс уақытының жоғалуы және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда травматизмді талдаудың экономикалық әдісі пайдаланылады.

Травматизмді талдаудың монографиялық әдісі қауіпсіздік техникасының негізгі және қосалқы құралдарының ережелеріне, еңбекке қабылдау құрылымдарына, өндірістік жағдай көрсеткіштері мен жұмыс зонасында метеорологиялық шарттарға (жарықтандыру, газдалған, электромагниттік сәулелену, шуыл мен дірілдер), және жеке қорғау құралдарының бар болуы мен оларға сәйкес, өндіріс процесінің қауіпті және зиянды факторларын талдауды қарастыратын, өндірістік жағдайларды бөлшектеп талдауда жүреді.

Талдаудың монографиялық әдісінің әрі қарай дамуы травматизмнің «адам-техника-орта» жүйесін кешенді зерттеуге негізделген, эргономикалық әдіс болып табылады. Осы әдіс бойынша терең талдау эстетикалық және әлеуметті-психологиялық факторларды енгізе отырып, өндірістік жарақат себептерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар әрекет ететін мүмкін қауіпсіздікті анықтайды.

Топографиялық әдіс сәтсіз оқиға жүйелі түрде болып жататын кәсіпорын жоспарында шартты белгілер түріндегі бейнелердің көрнекілігі үшін пайдаланылған. Сәтсіз оқиғалардың себептері мен жиілігі көрсетіледі, ол белгіленген зонада тұрғанда аса қауіптіліктің алдын алу мен детальді талдау үшін негіз болып табылады.

Байқау әдісі жұмыс орнында еңбек шарттарын зерттеуге негізделген сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды өңдеуге арналған (жарықтандыру, шаң және газ, шуыл, қауіпті жағдайлардың бар болуындағы дірілдің метеорологиялық шарттары, еңбек қабылдаулары, жұмыс түрі, жеке қорғану құралдары.

Анкеталау әдісі өндірістік процеске тікелей қатысушылардан алынған, анкеталық мәліметтер негізінде дереу қауіпті жағдайлар мен себептердіанықтау мен жобалауды қарастырады.

Сараптық бағалау әдісі қауіпсіздік техникасының талаптары технологиялық құрал-жабдық, процестердің жағдайына, еңбек шарттарына сәйкестігі туралы сараптық қорытындыларына негізделген.

Өндірістік жағдайға адамның белсенді бейімделу деңгейі жұмыс ауырлығының үшінші категориясымен шектеледі және категорияларды әрі қарай өсуі сәтсіз оқиға санының, әсіресе автоматтандырылған жолдарда тез өсуіне әкеліп соғады.

Өндірістік процесс пен құралдарды жобалауда еңбек ауырлығының бірінші категориясына сәйкес келетін еңбек шартының жетістіктері мен оңтайлы өндірістік орта құруды қарастырады. Еңбек шартын жақсартуда травматизмнің өсуі төмендейді, ал төмендеуде – жобалық жарақат қауіптілігі процесіне қатысты травматизм өседі.

Еңбек қорғау жөнінде нұсқау беру.

Жұмыс орнында өндірістік травматизмді азайту үшін жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдері жөнінде дер кезінде және сапалы нұсқау беріліп отыру керек.

Барлық кәсіпорындарында олардың қауіп-қатерлік өзгешелігі мен дәрежесіне және жұмысшылардың мамандық дәрежесімен еңбек стажына қарамай еңбек қорғау жөнінде нұсқау міндетті түрде жүргізілу керек.

Нұсқаудың бірнеше түрлері болады: кіріспе нұсқау, жұмыс орнында бірінші нұсқау, қайталанған нұсқау, жоспардан тыс нұсқау, күнделікті нұсқау.

Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жанадан алынатын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы бағдарлама бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық қызметкер жүргізеді. Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары, жарақаттанған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы басқа жағдайлар.

Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді.

Жұмыс орнында бірінші нұсқау. Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамен келген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мастер немесе басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процеспен, құрал-саймандармен, жұмыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт және электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады.

Нұсқау өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 смена бойынша мастердің (бригадирдің) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркелінеді.

Қайталанған нұсқау мамандық дәрежесі мен еңбек стажына қарамай барлық жұмысшылармен өткізіледі. Мамандықтардың өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілу керек. Бұл нұсқаудың мақсаты – жұмысшылардың еңбек қорғау ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады. Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек.

Жоспардан тыс нұсқау еңбек қорғау ережелері немесе технологиялық процестер өзгергенде, жұмыскерлер қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайларда, жұмыста үлкен үзіліс (30-60 күн) болғанда өткізіледі. Бұл нұсқауда журналға тіркелінеді.

Күнделікті нұсқау наряд-допуск дайындап істелетін жұмыстарды жүргізу алдында өткізіледі. Бұл нұсқаудың өткізілгендігі сол наряд-допусктің өзінде көрсетіледі.