Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еңбек аурулары,демалыс 6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113.15 Кб
Скачать

№2 ДӘРІС

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Еңбек ауырлығы, жұмысқа

қабілеттілік және өндірістік қажу.

Травматизмді талдау әдістері, еңбек

және демалыс режимдерінің

негіздеулері

Дәрістің жоспары:

1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

2. Еңбек ауырлығы ұғымы

3. Жұмысқа қабілеттілік

4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері

5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу

6. Сәтсіз оқиғалардың себебін жалпыландыру мен жүйелік талдау

7. Еңбек және демалыс режимдері

  1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар.

Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса.

Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.

Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.

2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.

3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.

4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.

Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.

2. Еңбек ауырлығы ұғымы

Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтер-дің жиынтығы ретінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді.

Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметті-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауырлығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады.

Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды.

Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өндірістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін.

Келтірілген зерттеулер медико-физиологиялық топтаудың теориялық негізін өңдеуге мүмкіндік берді, онда жұмыс ауырлығының алты категориясы және оның негіздеулері сипатталған. физиологической классификации, в которой даны описание шести категорий тяжести работ и их обоснование.

Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі.

Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда орындалатын нәтижелері өзгермейтін жұмыстар жатады. Бұл ауырлық категориясы бұған жататын жұмыс еңбектің қалыпты немесе қолайлы шарттарында орындалатынын, куәландырады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды

Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің артуынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан немесе басқа үйлесімнен шекаралық функционалды жағдайдың бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады.

Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдайдың басты белгісі осымен байланысты динамикалық жұмыс таптаурыны бөгелсе және бұзылса. Бұл категория үшін шығарылатын өнім санының азаюы мен сапаның төмендеуі, сондай-ақ қызметтің тұрақсыздығы тән. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі. Өндірістік зияндардың күшті әсер етуінде кәсіптік аурулар пайда болуы мүмкін.

Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдай негізінен ол қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайда орындалса, шектен тыс жүктеме нәтижесінде пайда болады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды.

Ауырлықтың алтыншы категориясына жұмыс күнінің бірінші жартысынан бұрын пайда болатын адам организмінде патологиялық функционалдық белгілері көрініс табатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бұл категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықталады және ауыр ағысы бар болады.

Бұл ауырлық категориясы еңбек шарты бойынша жіктелген ақы, қолайсыз еңбек шарты үшін ұсынылатын төлем ақы өлшемі және т.б. бойынша экономикалық нұсқау береді. Мұндағы зияндылықтарды сипаттай отырып, оларды жою мен еңбек шартын жақсарту бойынша шараларды дайындауға мүмкіндік береді.

Ауырлықтың бірінші және екінші категорияларына сәйкес келетін, еңбек шарты зиян немесе қауіпсіздік ошақтары сақталған өндіріс учаскелерінде шараларды дайындаудың эталоны ретінде әрекет етеді.