
- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады . 2000 жылдың 23- маусымында ҚР Ұлттық Қоры туралы ҚР Президентінің жарлығымен Ұлттық Қор құрылды. Нарықтық қатынастардың дамуы және тәуелсіз Қазақстанның құрылуы бюджет жүйесінің құрылымында ҚР-ң Ұлттық қоры сияқты элемментті құру қажеттілігін көрсетті. Тұрақтандыру қорлары болашақ ұрпақтың қорлары, егеменді байлықтың қорлары басқа да мемлекетте әрекет етеді. Бұл мемлекеттерде бюджеттік түсімдердің басым бөлігі табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетін түсімдер есебінен құралады және олар жағымсыз жағдай орын алатын шығындарды қаржыландыру үшін арналады. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезінде Норвегия, Канада, Персид жағалауындағы елдердің тәжірибесі қолданылды. Болашақ ұрпақтың қорлары экономиканы тұрақты даму мақсатында құрылатын және қолданылатын арнайы мемлекеттік қор. Қор келесі қызметтерді атқарады:
Прогрессивті салық және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы;
Мемлекеттік қаржыға қосымша тұрақтылықты қамтамасыз ете алады;
Болашақ кезеңдердегі бюджеттік шығындардың төмендеуін қам ететін инвест-қ бағдараламаларды қаржыландыру-ң көзі бола алады.
Мұндай қорларды құрудың жағымды кезеңдері және себептері мыналар:
Бағалардың жағдайы және республткалық бюджет шығындарына тәуелді табиғи ресурстардың секторынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер арасындағы корркляцияны азайту;
Бағалардың жағымсыз жағдайында мем-ң қаржылық міндеттемелерін сақтау үшін жағымды жағдай кезеңінде қаражатты жинау;
Болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін толтырылмайтын табиғи ресурстарды сатудан түскен қаражатты жинау;
Валютаның шектен тыс келуі нәтижесінде монетарлық параметрлерге шектен тыс қысым жассаудың алдын алу мақсатында ақша массасын тазарту;
Ұлттық қордың мақсаты-песпубликалық бюджеттің әлемдік бағалардың жағдайына қатысты тәуелділігін төмпндету болып табылады, яғни тұрақтандыру қызметін атқарады.
10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы;бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:
1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
ҚР Ұлттық қоры екі функция атқарады:
республикалық бюджеттің әлемдік бағалар коньюктурасына әсерін төмендетуді жүзеге асыратын тұрақтандыру функциясын;
болашақ ұрпаққа жинақ ақша қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын жинақтау функциясы.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік бередіҚазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады.