Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.

Мемлекеттің бюджеттік реттеудің салыстырмалы анализі – бюджеттік жүйелерді құрылымдау мен оларды құру қағидаларын бағалауға мүмкіндік береді.

Халықаралық бюджеттік реттеудің әлемдік жаһанданудың бір бөлшегі болып табылады. Мемлекет бюджеттік реттеуді экономикалық ресурстардың тұрақтылығын сақтау, пайыз төлеу мен сыртқы қарызды өтеуге байланысты сыртқы қарыздық міндеттемелерді орындау секілді мәселелерді қарастырады.

Бюджетті реттеуді талдау келесідей шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді:

  1. Салықтық потенциал арасындағы салыстырмалы сәйкессіздік бюджеттік қамсыздану деңгейдегі салыстырмалы сәйкессіздікке әкеледі.

  2. Бюджетаралық қатынастарда әртүрлі бюджет деңгейлерінің табыстарын теңестіруге бағытталған

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей бүгінде нақты аймақтарға бюджеттік қажеттіліктің деңгейін анықтау мүмкін емес.Бүгінде мемлекет қазынасына түсіріп отырған пайда есебіне байланысты бөлінетін ресурс көлемі соған сәйкестеледі.

Бюджеттік реттеудің халықаралық талдауы:

Қазақстан

Ақш

ресей

  1. Бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру

  2. Ұлттық табысты тиімді бөлу

  1. Штаттардың бюджеттерін экономикалық және әлеуметтік талдау

  2. Заңдық құқықтық нормативтердің нысанында бюджеттік бөліністі қамтамасыз ету

  1. Мемлекеттік бюджет пен автономиялар бюджетінің тиімді бөлінісін қамтмасыз ету

  2. Салықтық тиімділік пен бюджеттік тиімділікті сәйкестендіру

4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?

Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы  ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз  үлестiрiлiп және қайта  үлестiрiледi.Ол ақша қорын  ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында  үлестiрiледi. Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде  ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету  үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.Бюджет — мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген  салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры. мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Ол жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

2012 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 6 068,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 736,9 млрд. теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады.

2012 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі 4 729,9 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 4 763,4 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2 975,6 млрд. теңгені немесе 62,4%-ды, салықтық емес түсімдер – 249,9 млрд. теңгені немесе 5,2%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 17,3 млрд. теңгені немесе 0,4%-ды, трансферт түсімдері – 1 520,7 млрд. теңгені немесе 31,9%-ды құрады.

Бұрынғы жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 25,6 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға төмендеген, бұл ретте салықтық емес түсімдер – 141 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,2 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға, трансферт түсімдері – 195,3 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға өскен.

Тауарлардың импортына акциздердің төрт түрі, арнайы және қорғау баждарының үш түрі бойынша түсімдер жоспары іске асырылмаған.

2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түскен түсімдер 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген.

2009-2011 жылдар кезеңінде бюджетке корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) төлеген салық төлеушілердің саны 53,4 мыңнан 64,6 мыңға дейін өсті.

Сонымен бірге, салық базасының өсуіне қарамастан, КТС бойынша түсімдер жоспары 5 жыл бойы орындалмай келеді: 2012 жылы 40 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға, (КТС-тың төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған); 2011 жылы – 99,0%-ға, 2010 жылы – 98,7%-ға, 2009 жылы – 97,6%-ға, 2008 жылы – 97,5%-ға орындалмаған.

2012 жылы бюджеттен 451,0 млрд. теңге мөлшерінде қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомасы қайтарылған, бұл өткен жылғы қайтарылған сомадан 144,7 млрд. теңгеге көп. Мониторингіде тұрған 37 салық төлеушіге ҚҚС-тың асып кеткен сомасы оңайлатылған тәртіппен (салық тексерулері жүргізілместен) қайтарылды, 2009 жылдан бері қайтарылған сома 59,0-ден 196,9 млрд. теңгеге дейін өсті.

Осы бюджетке қатысты көрсеткіштердің барлығы макроэкономикалық дамуға әсер ететін басты факторлар болып табылады. Яғни көріп отырғанымыздай бюджет пен макроэкономикалық даму арасында тікелей байланыс бар. Бюджеттің дұрыс атқарылуы, әлде ауытқулардың болуының барлығы жоғарыдағы көрсеткіштерден байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]