Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.

Қазынашылық дегеніміз – мемлекеттік бюджеттің атқарылуын жүзеге асырушы атқарушы билік органы. Қазынашылық іс-әрекеттің мазмұны – бюджетті атқару үрдісінде көрінеді. Экономикалық әдебиетте кең мағынасында, тар мағыналарында қарастырылады. Тар мағынасында қазынашылық бюджетті атқару бойынша арнайы қызметті жүзеге жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Кең мағынасында мемлекеттік қаржы ресурстарын басқару үрдісі. Бюджетті қазынашылық атқарудың мәні:

  • Тиісті бюджеттің бірыңғай шотының қызмет етуі,

  • Қазынашылық арқылы түсімдерді бөлу операциялары тиісті бюджеттің шоттарына аударылуы,

  • Бюджеттік ұйымның несие мекемелерінде ашылған шоттағы бюджеттік қаражаттардың қозғалысын айқындайтын дербес шот жүйесінің қолданылуы,

  • Қаржыландыру көлемін соңғы бюджеттік алушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ету,

  • Бюджеттік қаражаттардың жұмсалуына жүргізілетін алдын ала және ағымдағы бақылаудың жеделдігі мен сапасын арттыру,

  • Есептеу және ақпараттық қамтамасыз етуде автоматтандырылған жүйені енгізу.

Қазынашылық бақылау бюджеттің кірістері мен шығыстарын басқару, сондай-ақ бақылау функциясын да атқарады. Қазынашылық бақылау – пайда болған бұзушылықтар анықтау мен оларды жоюды бақылауды қамтамасыз етеді. Қазынашылық бақылау екі бағытта жүргізіледі: бюджет шығыстары бойынша және бюджет кірістері бойынша. Оның кіріс бойынша элементтері: салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, ресми трансферттерден түсетін түсімдер, бюджеттік неселерді өтеу, мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер және т.б. Ал шығыс бойынша элементтері: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және т.б.

Қазынашылық бақылау формалары: алдын ала және ағымдағы.

Алдын –ала бақылау – белгілі – бір қаржылық операциялар орындалғанға дейін және бюджеттік сметалардың бекітілуіне дейінгі кезеңде, кіріс әкелетін қызметпен байланысты сметалардың бекітілуіне дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын бақылау.

Ағымдағы бақылау – бюджетті атқарудың ағымдағы есептілігі бойынша, ағымдағы жүргізіліп жатқан операциялардың жағдайы негізінде бақылау жасау. Бұл бақылау түрі мемлекеттік ресурстардың қалыптасу және пайдаланылу процесіне өте үлкен әсер береді. Және де бюджетті қажетсіз шығыстардан құтқаруға көмектеседі

  1. Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

Қазынашылықтың қызметі Франция елінде Қазынашылық пен Мемлекеттік есептіліктің Бас дирекциясы арасында бөлінген. Қазынашылық Қаржы Министрлігінің құрамында, ал Мемлекеттік есептіліктің бас дирекциясы Бюджет министрлігінің құрамында. Францияның барлық қаржылық ресурстары Қазынашылықтың бірыңғай шотында шоғырланған. Ол ұлттық банктегі барлық түсімдер мен төлемдердің есебін бақылап отырады. Бірақ кірістер бойынша операциондық шешімдер қабылдауға Қазынашылық қатыспайды.

Салықтық түсімдер ір түрлі бюджеттік мекемелердің шотына түсіп отырады. Австралия, Бразилия елдерінде Қазынашылық Франциядағы сияқты ішкі және сыртқы қарыздарды басқарып отырады. Сонымен қатар ол бағалы қағаздардың шығуын қадағалап, оның шығарылу көлеміне, мерзіміне, құрылымына қатысты сұрақтарды шешеді.

Австралияда Қазынашылық органдары департамент болып табылады. Бірақ департамент мемлекеттік статусы жоқ және мемлекетке бағынады. Депртаменттің негізгі қызметі – түсімдерді жинақтау және макроэкономикалық саясатты жүргізу.

Қазынашылық департаменттің құрамына Салық басқармасы кіреді. Осы арқылы ол салық төлеушілерден салықтық түсімдерді алып отырады. Сырттан келген түсімдерді кеден қызметі атқарады. Мемлекеттік ресурстар қазынашылықтың бірыңғай шотында шоғырланады.

Бразилиядағы мемлекеттік қаржыларды басқаруды Қаржы министрлігінің екінші деңгейлі бөлімшесі болып табылатын Қазынашылық Секретариаты жүргізеді. Қазынашылық секретариат бірыңғай шот бойынша барлық түсімдер мен төлемдерді басқарумен қатар әрбір министрліктердің жасайтын шығындарына байланысты лимитті белгілейді. Қазынашылық секретариат ішкі және сыртқы қарызды бақылап отырады. Ол кез-келген заимдардың мерзімін, көлемін, шарттарын айқындайды.

Жапонияда қазынашылық қызметті қазынашылық бөлімі, қарызды басқару бөлімі, қаржы бөлімі, бюджеттік бөлім, бюджеттің атқару бөлімі мен заң бөліміне жіктелген. Бұл бөлімдер Қаржы министрлігінің бөлімшесі болып табылатын бюджеттік және қаржы бюросының құрамына кіреді. Онда қазынашылық бөлімі күндерге бөлінген қаржы жоспарын жасайды. Ол бюджетті атқару бөлімі мен бірге Жапония банкінде мемл-к шот б-ша түсімдер мен төлем-ді бақылайды.

Испанияда қазынашылық қызметтер қаржы жөніндегі хатшының орынбасары Кеңсесі мен Қазынашылық-ң бас деректораты арасында бөлген. Осы екі орган Қаржы минист-де екінші деңгейдегі бөлімшелер б.т. Елде ОБ-да Қазынашылықтың бірыңғай шоты бар. Ол б-ша түсімдер мен төлемдерді Қазына-ң бас деректораты бақылайды. Қазынашылықтың бас деректораты мем-к бағалы қағаздардың қайталама нарығын реттеу б-ша кең өкілдіктерге ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]