Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы

    Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:        1) паспорт (негiзгi параметрлер);        2) кiрiспе;        3) проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау;        4) мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;        5) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi;        6) қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi;        7) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже және оның индикаторлары.        12. Паспортта: атауын, әзiрлеу негiздемесiн, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның көрсетiлуiн, мақсаты мен мiндеттерiн, iске асыру мерзiмдерiн (кезеңдерiн), қаржыландыру көлемi мен көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi қамтитын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.        13. Кiрiспеде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi мен қажеттiлiгi көрсетiледi.        14. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау сандық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, алдыңғы өткен бiрнеше жылғы қарқындағы негізгі көрсеткiштердi көрсетуге, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөнiндегі Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн шетелдiк оң тәжiрибенi шолуды қамтуға тиiс.        15. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi дәл және нақты болуға тиiс.        Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларына негiзделе отырып қалыптасады.        Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдiстермен қол жеткiзу жолдарын айқындайды.        16. Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдардың тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жөнiндегi тетiктер көрсетiледi.        17. Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттiк заемдар, мемлекеттiк кепiлмен тартылатын мемлекеттiк емес заемдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың жеке қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкiн.        Мемлекеттiк бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес жылдар, iс-шаралар және қаржыландыру көздерi бойынша қаржыландырудың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс. 

49.ҚР қазынашылық комитеті қызметін анықтаайтын нормативтік құжаттарға сараптамалық талдау жасаңыз? ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6наурыздағы қаулысымен[1] құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 12 маусымдағы қаулысымен[2] қазынашылық комитетінің қүрылымы бекітілді: басшылық; республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы; бюджет жөніндегі бухғалтерлік есеп және есептілік басқармасы; бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті үйымдастыру басқармасы;қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы;үйымдастыру және бақылау жүмыстары басқармасы;төлем операңиялары басқармасы;түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы;қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 тамыздағы қаулысымен[3] Алматы облыстық қазынашылық басқармасы оған Талдықорған қалалық қазынашылық бөлімін қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24маусымдағы қаулысымен[4] мемлекеттік мекемелер — қазынашылық комитетінің аумақтық органдарының атауы өзгертілді және комитеттің қүрылымы бекітілді: республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы; бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы; бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есепті үйымдастыру басқармасы; қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмыстары басқармасы; төлем операңиялары басқармасы; түсімдерді бөлу басқармасы; қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы; ішкі бақылау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен[5]қазынашылық комитеті туралы ереже мен оның қүрылымы бекітілді. Қазынашылық комитеті өз қүзіретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық бюджеттің атқаруылуын үйімдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; комитет органдарына бюджеттік бағдарламаларды әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер үсынатын қүжаттарды қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау. Комитеттің аумақтық бөлімшелері бар. Қазынашылық комитетінің қүрылымві: басшылық, жиынтық қаржылық жоспар басқармасы; республикалық бюджеттің ыныстарын қаржыландыру басқармасы; түсімдерді есепке алу басқармасы; төлем операциялары басқармасы; қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыствіру басқармасы; кредит беру басқармасы; мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы; мемлекет және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы; жиынтық есеп беру және Бас кітап басқармасы; бюджеттік есепке алуды үйымдастыру басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмысы басқармасы; қазвінашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы; бағдарламалық-технологиялық қүралдарды сүйемелдеу басқармасы; ішкі бақылау басқармасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]