
- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
Бюджет жүйесінің маңызды қағидаларының бірін бюджет балансы, яғни бюджеттің дефицит немесе профицит жағдайын ұшырамау қағидасы теңдік қағидасы құрайды. Бұл дегеніміз бюджетке келіп түсетін кірістер шығыстардың көрсеткішіне тең болуы. Бұл бюджет түсімдері деп отырған тек қана кірістер емес сонымен қатар займдық қаражаттар есебі де бюджет кірістерін құрайды. Бюджет дефицитін егер ол шығыстардың кірістерден асып кетуін білдірсе бюджет деп есептеуге болмайды, тұрақты емес бюджет яғни дұрыс есептелмеген бюджетті тең қалыпты бюджет деп есептеуге болмайды. Себебі, ол дұрыс жоспарланып, есептелмеген.
Ал бюджеттің профициті кірістердің шығыстардан көп болуы өзінің соңында жағымсыз факторларға әкеп соғады. Бұл бюджет профицитінің салдары бюджет қаражаттарының пайдалыну көрсеткішінің тиімділігінің төмендеуі, бұл өз кезегінде экономикаға теріс әсерін береді. Сол үшін бюджет теңдей дәрежеде жоспарланып, білікті мамандардың көмегімен жасалынуы керек.
Тең балансталған бюджет жүйесін жоспарлау үшін мынадай шаралар қолданылады:
Бюджет шығындарын лимиттеу, яғни әр түрлі бюджеттік кәсіпорындарға әр түрлі шығыстар жоспарланады
Бюджет табыстарын әр түрлі бюджеттік кәсіпорындар бойынша әр түрлі етіп бөлу
Бюджет табыстарын жоғарылату үшін әр түрлі іс шаралар
Бюджет аралық қатынастар шеңберінде бюджеттік реттеуді модернизациялау
Экономикада және әлеуметтік салада болашақта үлкеен табыс әкелетін кәсіпорындарға бюджет шығындарын жоспарлау
Шығыстар қағидасын сақтау: яғни қоғам пайдасына табыс алып келмейтін шығындардан бас тарту
Қаржы нарығынан болашақта сенімді және тиімді ақша қаражаттарын тарту
Осы жердегі бюджет шығындарын лимиттеу шарасында, мынадай факторлар ескеріледі: мемлекеттік бюджеттен болашақта үлкен пайда алып келмейтін, яғни болашағы жоқ өндіріс саласына ақша қаражаттарын жұмсамау; экономикада кризис жағдайында бюджет шығыстарын қысқарта тұру; елде соғыс, табиғи апаттар орын алған кезде өнеркәсіп салаларына шығыстарды қысқарта тұру; мемлекеттік сектордағы жемқорлықты қысқарту; салық саясатының дұрыс жүргізілмеуі бойынша бюджет шығындарын тоқтата тұру.
48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Бюджеттік кодексінің 32-бабына сәйкес:
Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтиже көрсеткіштерімен өзара байланысты, нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығынын қаржыландыру көлемі бар бюджет шығынының бағытын айқындайды.
Бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерімен әзірленеді және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының қрамында бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік қағидаты негізінде әзірленеді.
Бюджеттік бағдарламалар бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің өз мазмұны бойынша ұқсас мемлекеттік функциялары, құзыреттері және мемлекеттік қызмет көрсетулер мен қызмет ету бағыттары бойынша топтастырылған болуы тиіс.
Бюджеттік бағдарламада оның жүзеге асырылуын бағалау үшін тікелей және ақырғы нәтижелерінің шамалары, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштері болуы тиіс.
Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылардың үміті мен мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкестігі дәрежесін көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері бекітілген бюджеттік қаражат көлемін пайдалана отырып тікелей ең жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін немесе аз бюджеттік қаражатты пайдаланумен тікелей нәтижеге қол жеткізілгенін көрсетеді.
Бюджеттік бағдарлама бюджеттік қаражаттардың шығын бағыттарын нақтылайтын қосалқы бағыттарға бөлінуі ықтимал, бюджеттік қосалқы бағдарламаларға бюджеттік бағдарламаға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдануға болады деген шартпен.
Бюджеттік бағдарламаларды (қосалқы бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттiк бағдарламаларға қойылатын негiзгi талаптар:
-Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша әзiрленедi. -Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған салааралық сипаты бар мәселелер бойынша жүзеге асырылады. -Мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар әзiрлейдi. -Мемлекеттiк бағдарламалар орта мерзiмдi (кемiнде 3 жыл) немесе орта мерзiмдi үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып, 3 жылдан астам ұзақ мерзiмдi кезеңге әзiрленедi. -Ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары тиiстi орта мерзiмдi кезеңдерге арнап жасалады. Мемлекеттiк бағдарламалар мынадай негiзгi белгiлерге ие болуға тиiс: 1) мемлекеттiк бағдарламаның нақты мақсаттарын, оны iске асыру жолдары мен тетiктерiн айқындаудың нақтылығы; 2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығы, оларды iске асыру мерзiмдерiнiң нақты айқындалуы және дәйектiлiгi, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдар ұстануы; 3) басқа бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзу; 4) қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың және оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмдiлiгi. Мынадай: 1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерге проценттiк арақатынаспен берiлген шығыстар көлемiн регламенттейтiн; 2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қабылданғаннан кейiн олардың кiрiстерiн кемiтуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын; 3) Республикалық бюджет комиссиясының қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде қаржыландыру көлемi бойынша оң қорытындысы жоқ; 4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн, сондай-ақ осы бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қайталайтын; 5) жекелеген саланың немесе нақты өңiрдiң (қаланың, аумақтың) проблемаларын шешуге бағытталған; 6) осы Ережелердiң 6 және 9-тармақтарында белгiленген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттiк бағдарламаларды бекiтуге жол берiлмейдi.