
- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуынан және оның нарықтық экономика жолында қадам басқан сайын бұрынғы экономикалық құрылымдарын, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық басқару саласын реформалау қажеттілігі туындады. Елдегі ақшалай қаражатын қатаң түрде есепке алуды және экономикалық құрылымдарын, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық басқару саласын реформалау бойынша күрделі мәселелерін шешу үшін 1994 жылдың қаңтарында Қаржы министрлігі жанынан Бас Қазынашылық басқармасы құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің есеп айырысу – кассалық орталықтары бар аймақтарында қазынашылық жүйесін құрудағы кезеңінде 180 бірлік штаттық санымен аумақтық қазынашылық бөлімшелері құрылды. Осы негізде, барлық есеп айырысу – кассалық орталықтары Қазынашылықтың базасында құрылып бюджеттік банктің қаралуына берілді. Бүгінгі күні Қазақстанның Қазынашылығы – бұл көптеген білімді мемлекеттік қызметшілер, барлық облыстар мен аудандар. Қазынашылықтың алдына қойылған барлық міндеттер табысты істер асырылуда және қазынашылық жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыстар әрі қарай жалғастыруда.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкестендірілген барлық бағыттағы қызметтерін қайта құрды. Қазақстанның экономикалық әлеуеті жоғары болғанымен реформаны жүзеге асыру өте қиын макроэкономикалық жағдайларда өтті. Тоқсаныншы жылдардың басында жаңа туындаған нарық жағдайында екінші деңгейдегі банктердің көптеп пайда болуы бұрынғы орталықтандырылған кассалық жүйенің бұзылуына әкеп соқты. Экономикалық реформа барысында экономиканы басқару жүйесінде республикалық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттікті бөлісу жүргізіледі. Экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында басқару субъектілерінің дербестігі салықтық-бюджеттік тәртіптің құлдырауына әсерін тигізді. Бюджеттік қаражаттың мақсатты және дұрыс пайдалануына бақылау қажетті деңгейде жүргізілмеді. Ескі бюджеттік сыныптама қаржылық және экономикалық деректерді дұрыс бағалай алмағандықтан бюджеттің орындалуын толыққанды бақылау мүмкіндігі күрделенді. Бюджеттік қаражаттың жұмсалуына тиімді бақылаудың болмауы қаржылық тәртіп пен қаржылық заңнамаларды бұзушылықты күшейте түсті. Қаржылық тәртіптің бұзылуы негізінен бюджеттік тәжірибеде бюджеттік қаражаттың есептілігі нақтылы кассалық орындалу әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылып келгендіктен туындады. Осыдан барып республикалық және облыстық деңгейде барлық шығындарды бақылау қаражатты болашақ міндеттемелер аясында резервте сақтау сатысында емес, төлем мерзімінің басталу сатысында жүзеге асырылды. Көбіне қолма-қол ақшаны басқару да болған жоқ. Үкіметтің шотындағы қолма қол ақшаның жағдайы туралы мәліметтерді алу мен оны талдау құралдары жоққа тән. Мәліметтер барлық сатыда қолдан жасалды, автоматтандырылған жүйе болған жоқ. Осындай жағдайда қолма-қол ақша ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі болмады, ал бюджеттік мекемелердің шығыстар сметасы нақтылы кірістерге байланыстырылмаған нормалар негізінде жасақталды. Жедел де нақты мәліметтердің болмауы бюджеттік қаражатты тиімді де ұтымды пайдалануға оңтайлы мүмкіндік бере алмады. Сонымен бірге, бақылаусыз қалған еркін ақшалай қаражаттар қозғалыссыз жатып қалды немесе керісінше, еркін ақшалай қаражаттың жоқтығы оны қарызға алуға мәжбүр етті және ол болашақ шығыстар көлемінің өсуіне әкеліп соқты. Бюджеттік үдеріс келісілген, бюджетті қабылдайтын заң шығарушы және оның орындалуы мен бақылауына жауап беретін тұлғаларға бағытталған екі бағыттылық есептілік жүйесін құруды талап етті. Жергілікті жерлерде мемлекеттік қазынаның қаражатын жұмсау және толтыру үдерістерін басқаратын, сонымен бірге, атаулы бір аймақтың барлық қаржылық ресурстар көлемінің қозғалысына оң ықпалын тигізетін орган құрудың қажеттілігі туындады. Еліміздің қаржы ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Үкіметі қазынашылық жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік қазынаны басқару дегеніміз, қолма қол ақша ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыратын және қарыздық қаражаттардың құнын азайтатын тәртіп, норма және ережелер жүйесі. Қазынашылық механизмінің көмегімен еліміздің бюджет қорының тиімді пайдалануына, сол арқылы мемлекеттік бағдарламалардың жедел қаржыландырылуына, мемлекеттік қаражаттың мақсатты және үнемді пайдалануына, сонымен бірге, қаржылық заңнамалардың сақталуына қол жеткізу көзделген еді. Сонымен, қазынашылық органдары дегеніміз, бүгінгі күнде республикалық бюджеттің орындалуын және жергілікті бюджеттің орындалуына қызмет көрсету саласында арнайы функцияны жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады. Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамына кіретін қазынашылық Комитетінен және оған бағынатын облыстардағы аумақтық бөлімшелерден тұрады. Біздің облыстық департаменттің құрамына, орталық аппараттан басқа, 16 аудандық және 2 қалалық басқарма енеді. Департамент облыс бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 146, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 1195 мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Жылдан жылға облыс бойынша бюджет көлемі өсіп келе жатқанына қарамастан департамент қызметкерлері бюджеттің орындалуына елеулі үлес қосып келеді. Мәселен, 2005 жылы бюджеттің түсімі (республикалық және жергілікті бюджетті қосқанда) 112 млрд. 401 млн. болса , 2009 жылы – 299 млрд.812 млн. теңге болды, немесе 2,66 есе өсті. Ал бюджеттің шығыстары 2005 жылы 88 млрд. 694 млн. болса, 2009 жылы–262 млрд. 449 млн. теңге болды, немесе 3 есе өсті. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарының көлемі де өсті. 2005 жылы облыс бойынша операциялық- қаржылық құжатайналым 208406 құжат болса, 2009 жылы 561157 құжат құрады. Осы жылдар арасында департаменттің штаттық құрамы елеулі өзгеріске ұшырамаса да (2005ж. –313 адам, 2009ж.– 318) жылдық құжатайналым 2,7 есе өсті. Соған қарамастан департамент қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейі мен қазынашылық жүйесінің толық автоматтандырылуы бюджеттің уақытында және мақсатты орындалуын жылдан жылға қамтамасыз етіп келе жатыр . Бұл бір жағынан осы бюджеттік үрдіске қатысушылардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе жұмыс жасауының арқасы деп білемін. Мәселен, биылғы жылдың бюджетін қарастырған кезде мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері және жергілікті бюджетке қатысты уәкілетті органдармен тәртіпке салынған жұмыс жасау негізі арқылы жылдық жоспарды қаңтар айының 12- не дейін бекітіліп, бюджет саласында жұмыс істейтіндердің жалақыларын қаңтар айында төлеуге қол жеткіздік. Былтырғы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 ақпандағы №220 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақылары айма ай төленеді. Бүгінгі таңда қазынашылықтың алдында тұрған келелі міндеттердің бірі – «Электрондық Үкімет» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы «Қазынашылық–Клиент» бағдарламасын енгізу болып табылады. Осыған байланысты, Қаржы министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін қазынашылық пен клиент (мемлекеттік мекеме) арасындағы өзара іс-әрекет бөлігінде жетілдіру жөніндегі міндеттер көзделген. Қазынашылық жүйесін дамыту шеңберінде 2008 жылы мемлекеттік органдармен электронды құжат айналымын құру бойынша «Қазынашылық – клиент» атты бағдарламалық өнім (бұдан әрі – Жүйе) әзірленді. Жүйенің мақсаты қазіргі заманғы, кірістірілген және жоғары тиімді ақпараттық ортаны қалыптастыру арқылы Қазынашылықтың қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелермен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болып табылады, жалпы алғанда, Жүйенің енгізілуі мемлекеттік органдарға қызмет көрсету рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Облыс көлемінде мемлекеттік мекемелерге қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, қағаз түріндегі құжатайналымды азайту, қаржылық құжаттарды өңдеу жұмыстарының уақытын қысқартуға бағытталған бұл бағдарламаны іске асыру үшін жалғыз қазынашылық органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар, барлық мемлекеттік мекемелер, бір сөзбен айтқанда, бюджеттік үдеріске қатысатын барлық органдар атсалысуы керек.
42.Жергілікті бюджеттің үдерістегі рөлі қандай?Жергілікті бюджеттің мемлекеттік бюджеттегі үлесіне динамикалық талдау жасаңыз? Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктері арасындағы және респ. бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің төмендегідей механизмдері қолданылады:а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және олар бойынша шығын көлемін жоспарлау;ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салық және басқадай түсімдер түрін анықтау;б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін әрі қарай жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш. органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру.Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады