Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?

12-бапБюджет шығыстары

1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары б.т.2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты б.т.3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша б.т.4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде хал/қ ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемл-к меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты б.т.5. Қарыздарды өтеу ҚР ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты б.т.Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Шығ-ң 1-ші тобы қорлардың    толық айналымымен б/ты және өндіріс шығ-ң орнын толтыру   б.т және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан к/о-р б/ша мемл-ң шығыстары шығ-ң 2-ші және 3-ші топтарын қамтиды. Жерг. бюджет шығ-ң басым бөлігі қоғ-қ тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге н/е олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл жергілікті бюджет  шығ-ң рөлін айқындайды. Әлеу-к-мәдени мақс-ға, қорғанысқа, құқық төртібін қорғауға, басқаруға, мемл-ң инфрақұрылымдық к/р мен ұй-ң, өнімі мен қызмет керсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге эк-ң нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттан-дыруы тиіс.Жерг.бюджет шығ-ң 2-ші тобы қоғ-қ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен б/ты.3-ші топтың жергілікті бюджет шығ/ры—мемл-к резервтерді жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығ-р төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өнд/к, сондай-ақ, өндірістік емес сфер-ң қажеттіл-н қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және к/о-ды, мекем/ді азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған.

40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?

      106-бап. Бюджетті нақтылау

      1. Тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.       2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау:       1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;       2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген;       3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға кеміген;       4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;       6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарындакөрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.       3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.       4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.       5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы. Республикалық бюджетті нақтылау

      1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.       2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.       3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.       4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.       4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.       5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды он жұмыс күні ішінде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.       6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.       7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.    Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау

      1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.       2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.       3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.       4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.       2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.       3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.       4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі.       5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]