Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?

Қазынашылық қызметі құрылғаннан бастап, оның Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық атқарылуы бойынша алдын-ала және ағымдағы бақылау, яғни мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны, міндет алу мен төлем бойынша қаржыландыру жоспарлары көлемінде және бюджет шығысының экономикалық классификациясының негізінде мақсатты жұмсалуын қадағалау негізгі функционалдық міндеті болып табылады.

Қазынашылық басқармасының басқа да міндеттері:

  • Мемлекеттік мекемелердің бюджет қаржысы есебінен орындалатын жұмыстар мен қызметтердің келісім шарттарын қазынашылық жүйесінде тіркеу арқылы қаржыландыру, яғни тіркелмеген келісім шарттар өзіндік заңды күшіне ие бола алмайды;

  • жергілікті бюджеттің шоты мен Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу, олар үшін аударым операцияларын жүргізу арқылы бюджет қаржысының мақсатты және белгіленген жоспар бойынша жұмсалуын алдын ала бақылау;

  • мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын есепке алуды, сондай-ақ ақылы қызметтерді іске асырудан, депозиттік соммалардың және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде алынатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алу мен жүргізу операцияларын қамтамасыз ету;

  • екінші деңгейдегі банктер мен банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиялары бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел айлық, тоқсандық, жылдық есепті және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен кірісі және шығысы жағдайы туралы күн сайынғы ақпарат дайындау.

Жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазынашылық мынадай функцияларды орындайды:

  • республикалық бюджеттiң орындалуын жүзеге асырады;

  • республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттардың есебiнен ұсталатын ұйымдарға есептеу және есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады;

  • республикалық бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың және нысаналы қаржыландырылатын қорлардың арасындағы қаржылық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды қаржыландырылады;

  • республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында жалпы мемлекеттiк салықтарды бөледi және оларды әртүрлi деңгейдегi бюджеттерге есептейдi;

  • республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара есеп айырыстар мен бюджеттiк несиелердi (қарыздарды) есепке алуды жүзеге асырады;

  • республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын, сондай-ақ ұлттық болсын және шетелдiк болсын валютамен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарамағындағы өзге де орталықтандырылған қаржылық ресурстарды басқаруды жүзеге асырады, Қазынашылықтың шоттарындағы, банктердегi қаражаттарға билiк жасайды, сондай-ақ осы қаражаттармен операцияларды жүзеге асырады;

  • республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың кассалық шығыстарын есепке алуды қамтамасыз етедi;

  • республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың есебiнен ұсталатын ұйымдардың тапсырмалары бойынша есеп айырыстар мен ақша аударымдарын жүргiзедi;

  • клирингтiк (есеп айырысулық) операцияларды жүзеге асырады;

  • екiншi деңгейдегi банктер арқылы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

  • республикалық бюджеттiң орындалуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдар тапсыратын төлем құжаттарын бақылауды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi және жүзеге асырады;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетелдiк валютадағы Қазынашылықтың банктiк шоттары арқылы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың валюталық операцияларын жүргiзудi және есепке алуды жүзеге асырады, оларды жүргiзген кезде заңдардың сақталуы жөнiнде тексерулер ұйымдастырады

  • бюджет жүйесiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және iшкi аудиттi өткiзудiң әдiстемесiн, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]