Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?

Бюджеттік процестегі жоғары тұрған ж/е төмен тұрған бюджеттер деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп есептейді. Бюджеттік кодексте бюджетаралық қатынастарды реттеу формалар түрлері ретінде келесілер көрсетілген:

  • Республикалық бюджет пен облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бюджеттері арасында - ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер;

  • Облыстық бюджет пен аудан, облыстық маңызы бар қала бюджеттері арасында - ресми трансферттер бюджеттік несиелер, кірістер бөлу нормативтері.

Бюджеттік реттеу бюджет рес/ң нақты ағындарын есепке алу мен бірге іске асырылады. Бюджеттік ағындар бюджеттік ресурстарды пайдалану бағыттарына байланысты жоғары көтерілуші ағын мен төмен түсуші ағындарға бөлінеді. Жоғары көтерілуші ағын арқылы респ/қ бюджет кірістері қалыптасады, ал төмен түсуші ағын жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге қарж/қ рес/ң қосымша түсімдерін қ.е. сондықтан, әр ағынның қалыптасу қажеттілігіне байланысты оларды реттейтін нақты механизмдері анықталады. Бюджет қараж/ң жоғары көтерілуші ағынын реттеу механизмдері мемл/ң салық саясатында анықталады ж/е салықтық заңнамаларда бекітіледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу формаларын анықтағанда бюдж/ң әрбір деңгейлері б/ша салықтық потенциал, аймақтар б/ша бюдж/к мұқтаждықтарын объективтік бағалау нәтижелері, бюдж/к нормативтер ж/е халықты мемл/к қызметтермен қ.е/ң бірыңғай стандарттары есепке алынады. Ал бюд/ар қат/ды реттеудің нақты формалары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады. Төмен түсуші ағын қозғалысын реттеу әр түрлі бюджеттік субсидиялау әдістерін (субвенция, дотация, бюджеттік несие, ресми трансферттер) пайдалану арқылы і.а. дотация – ақшалай қосымша көмек. Ол жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттер тапшылығын теңгеру үшін тағайындалған сомамен беріледі. Субвенция- -арнайы ақшалай көмек. Ол жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге қатаң мақсатпен тағайындалған шараларды қаражаттандыруға берілетін ақша құралдары. Несиелік бюджет ресурстары жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге несие түрде пайызбен н/е пайызсыз міндетті қайтарылатын ақша құралдары. Бюдж нес тек қана инвестиц/қ жобаларды іске асыруға беріледі. Ресми трансферттер ол гранттардан басқа ақысыз ж/е қайтарылмайтын бюджет түсімдері н/е бюджет шығындары. Кірістерден алынатын пайыздық бөлектеулер нормативтері бірыңғай әдістеме пайдалану арқылы тағайындалады. Оларды есептеу әдістерін жерг мемл билік орг жасайды,себебі кірістер бөлу нормативтері тек қана бюджет жүйесінің облыс ж/е аудан деңгейлері арасында қолд.

26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?

Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының ҚМ қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады. Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі. Бюджетті атқару кассалық негізде ж/е бюджет атқару принципт/ң талаптарына сәйкес і.а. бюджетті кассалық атқару деген ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджеттен төлемдер төлеу жөніндегі есеп шоттағы барлық операциялар қазынашылық комитет н/е уәкілетті банк арқылы іске асырумен маңыздалады. Біздің елде бюджетті кассалық атқару Қаржы мин/ң Қазынашылық комитетіне жүктелген. Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі белгіленген: бюдж/к құралдарды мақсатты ж/е бірқалыпты пайдалану, кассаның өз уақыттылығы мен ынтымақтылығы. Мақсатты принцип ол бюдж/к құр/р тек бюдж/к бағдарламалар паспорттары ж/е мемл/к мекемелердің азаматтық құқықтық келісімдерімен қарастырылған шараларға пайдалануы мүмкін екеніне маңыздалады. Бірқалыпты атқару принципі ол жыл соңында төлемдер көлемі көп болмауына байл бюдж/к құр/ң қаржы жылы бойы бір қалыпта бөлінуі. Өз уақытындылық принцип бюдж/к құр/ды есепке алу мен пайдалану б/ша барлық операциялар белгіленген мерзімде іске асырылу тиіс болуы. Кассаның ынтымақтылық принципі ол бюджет жүйесінің барлық деңгейлері б/ша барлық түсімдер мен қарастырылған шығындар бойы барлық төлемдерді есепке алу ұлттық валюта негізінде бірыңғай қазынашылық шоттан іске асыруына маңыздалады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]