
- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс, аудандардың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады. Мысалы, республикалық бюджет бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдарламаларды, соның ішінде қорғаныс, басқару, аппарат, күрделі ғылыми зерттеулер т.б. қаржыландырылады. Ал жергілікті бюджеттер ең алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге байланысты бағытталған мақсаттарды қаржыландыру үшін жауапты. Қазіргі уақытта Қазақстанның бюджет жүйесін реформалауда бірнеше маңызды шешуді қажет ететін мәселелер бар. Олар табыстар мен шығындарды бөлудегі, бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық трансферттерді бөлудегі тұрақсыздық, басқару деңгейлерінің функцияларын үнемі қарастыру, олардың бюджет ресурстармен қамтамасыз етілмеуі, т.б. Мысалы, Алматы қаласы бойынша жалпы кірістер 127 млрд. теңгені құрайды, Алматы қаласының бюджетінде 55 млрд. теңге қалып отырған күнде қала бюджетінен қосымша қаржы бөлуді қажет ететін ауа атмосферасының ластану мәселесі тұр.Қазіргі уақытта облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық деңгейлер арасындағы қызметтерді бөлу өкілеттігі облыстық деңгейге жүктелген. Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерді тәуелсіз деп қарастыру қажет, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері заңнамалық актілер деңгейінде, соның ішінде ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару» заңы бойынша реттелуі қажет. Қазір республикада бір басқару деңгейінен басқа басқару деңгейіне қаржыландырудың өкілеттіктері мен қызметтерін беру проблемасы және бюджетаралық қатынастарды реформалау Концепциясын жасаумен айналысатын арнай комиссия жұмыс істейді. Соның өзінде қиын проблемалардың бірі болып, төменгі бюджеттерге қаржыларды беру (передача) болып табылады. Бұл проблеманы шешудің екі жолы бар: 1) жоғарғы бюджеттің қаржыларын субвенция түрінде беруге болады; 2) жергілікті бюджеттердегі жеке салықтардың үлесін ұлғайтуға болады. Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері арасындағы территориялық айырмашылықтар табиғи-климаттық жағдайына, географиялық орнына және демографиялық жағдайына байланысты. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын 5 кестедегі көрсеткіштерден көруге болады.
24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау келесілердің негізінде жасалады:
— бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарының;
— қаржыландыру жоспарының;
— қызмет көрсетулердің, жұмыстардың орындалуын және т.б. куәландыратын құжаттардың;
— республикалық және жергілікті бюджет есебінен құрылған мемлекеттік ұйымдардың кредиторлык берешегі туралы есеп;
— Тауарды жеткізушілердің мемлекеттік ұйымдардың бекіткен келісімшарттарының;
— т.б. құжаттардың (таңдалған критерийлердің көрсеткіштерін көрсететін).
Бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың алдына қойылған шаралар мен мақсатқа жету қалай жүзеге асатындығын көрсету қажет (көрсетілген қызметтердің сапасы, олардың сапасымен тұрғындардың қанағатталуы, мақсатқа жетудің ең үнемді әдісін таңдау, бюджеттік қаражаттарды үнемдеу немесе артығымен жұмсау, бағдарламаның сандық көрсеткіштері).
Бағдарламаларды орындау критерийлері келесі түрлерге бөлінеді:
а) бағдарламаның сандық қорытындысы — бұл қандай тауарлар және қанша тауар жекізілетіні жөніндегі көрсеткіштер. Бюджеттік бағдарламаларды бағалау үшін жалпы көрсеткіштермен жай көрсеткіштердің байланысын көрсету қажет. Мысалы, «Туберкулез» бағдарламасы сандық критерий — емделген аурулар санын олардың жалпы санымен салыстырғанда, жату орындарының саны мен олардың толтырылуы және т.б.
ә) сапа критерийі бекітілген талаптарға жауап беретін көрсетілген қызметтердің бөлігі сияқты факторларды кіргізеді. Сапа критерийі алынған қорытынды қалай бағаланатынын көрсетеді. Мысалы, қызмет көрсету, қабылдайтын адамның қанағаттануы, орындалған жұмыс сапасы, қателер, бұзушылықтар, клиенттердің арыздарының саны және т.б. Егер бұл бағдарлама сапалары критерийлердің түрлерімен өлшенетін әр түрлі жұмыстарды қарастырса, критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мысалы, «Қайта ұйымдастыру және банкроттық процедурасын жүргізу» бағдарламасы. Сапа критерийлері — процедураны жүргізген кезде заңдылықты сақтау деңгейі, өзінің міндеттерінің, қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа жататын ұйымның орындауларының пайыздық мөлшері, жалпы жоспарланған көлемде ұйымдардың қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа ұшыраған бөлігі;
б) бағдарламаны орындаудағы қаржылық тиімділік критерийлері — көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың бір бірлігіне келетін шығындар көлемімен өлшеу. Қаржылық тиімділік критерийі аз шығындармен қаншалықты үнемді бағдарлама орындалатыны анықталуы қажет. Бағдарламаны орындауының тиімділік критерийі бағдарламаның сандық ресурстармен және оларды өндіруге қажетті ресурстар көлемінің арасындағы байланысты орнатады. Әдетте, олар индекс, қатынас, бірліктің бағасы немесе салыстырудың т.б. формаларында келтіріледі. Мысалы, «Мамандарды орта арнайы оқу орындарында дайындау» бағдарламасы. Бағдарламаны орындаудың қаржылық тиімділігі: бір оқушыны орташа оқыту бағасы;
в) мезгіл критерийі. Берілген критерий бағдарламадан қандай уақыт аралығында болған және болатын қорытындының немесе қандай да бір қызмет көрсетулердің немесе орындалған жұмыстардың орташа ұзақтығы қандай екенін анықтайды. Егер бағдарлама бірнеше түрлі жұмыстарды мезгілдік көрсеткіштерінің түрлерімен бірге қарастырса, онда барлық критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мезгілдік критерийлерді қолдануға мынадай мысалдар келтіруге болады:
— сауалнаманың жауабын алу кезіндегі күту уақыты;
— жедел жұмыстарды қарастыру кезіндегі күту уақыты;
— алынған арыздарды өңдеу уақыты;
— қызмет көрсету үшін орташа уақыт;
— белгілі бір уақыт аралығында алынған сандық қортындылар.
1-мысалы, «Инфекцияны алдын — ала емдеу және онымен күресу» бағдарламасы. Мезгілдік критерийі: санитарлық өңдеудің орташа ұзақтығы, бөлек аймақтарда санитарлық эпидемиологиялық жұмыстардың өткізілуін күтудің орташа ұзақтығы.
Осы кезде мезгілдік критерийді барлық бағдарламаларға анықтаудың қажеті жоқ;
г) нәтижелілік критерийі. Нәтижелілік критерийі — бұл бағдарлама қандай деңгейде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуді көрсететін көрсеткіштер. Кейбір бағдарламалар олар жүзеге аспас бұрын бірнеше жыл қажет етеді. Осымен байланысты бұл критерий бағдарламаның жүзеге асу жылы бойынша анықталуы қажет.
2-мысал, «Жоғары оку орнында мамандарды дайындау бағдарламасы.
Нәтижелілік критерийі: мемлекеттік ұйымдарды белгілі бір мамандық бойынша жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір бағыттар бойынша мамандардың санын көбейту.
3-мысал, «Көшелердің құрылысы» бағдарламасы».
Нәтижелілік критерийі: елді мекендер арасында автокөліктердің өтуін көбейту, автокөліктер ағынын жаңа жолға көшіруге байланысты басқа жолдардың автокөліктермен басым болу деңгейі.
Бағдарламаларды орындау критерийлерін анықтау кезінде келесідей талаптарды сақтаған жөн:
1) орындау критерийлері бағдарламасының мақсаты мен міндетіне бағытталуы керек;
2) критерийлерді орындау бағдарламаның белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асуын бағалауға мүмкіндік беру керек;
3) орындау критерийлерін анықтаған кезде бағдарламаны жүзеге асыру мезетінде қол жеткізген мәліметтерді қолдану;
4)орындау критерийі бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қол жеткен өзгерістердің динамикасын көрсету керек;
5)орындау критерийін анықтаған кезде ақпаратты қолданушыларға түсінікті терминдер мен түсініктемелерді қолдану;
6) орындау критерийі нақты түрде құрастырылуы керек;
7)орындау критерийлері көбінесе толық және сенімді болу керек, оларды оңай алу ұстанымы бойынша таңдаудың қажеті жоқ;
8) бағдарламаның жүзеге асыру мезеті ішінде орындау критерийлерінің салыстырмалығын және сабақтастылығын сақтау қажет.
Сонымен қатар өткізілген тексерістің қорытындысы туралы есептілікте келесілерді көрсеткен жөн:
— белгіленген мерзімде жоспарланған шараларының орындалмау жағдайлары бар ма және бюджеттік бағдарламалар шараларының уақытында орындалмау себептерін анықтау;
— берілген бағдарлама бойынша ағымдағы уақытқа болған жағдайларды көрсету, сонымен қатар берілген бағдарламаның немесе осы сұрақ және осы сұрақтың нәтижесі бойынша басқа бағдарламаның жүзеге асуы кезіндегі қабылданған шаралар;
— ұсынылған бағдарламаға байланысты қабылдауға жоспарланған қажет т.б. шаралар және күтілетін нәтиже;
— осындай қажеттілікпен бағдарламаларды дәйектілікпен және қаржылық ресурспен орындау критерийлері бойынша салыстырмалы кестелерді қосымша енгізіп, көрсету;
— берілген бағдарламаны қаржыландырылуды қыскартудан немесе тоқтатқаннан болатын нәтиже;
— берілген бағдарламаны жүзеге асырғаннан болатын теріс салдар және басқа ведомстволардың, ұйымдардың және қоғамдардың осы сұрақ бойынша көзқарастары;
— республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен берілген бағдарламаның жүзеге асу қажеттілігін және берілген бағдарламаны қаржыландыру көздерін негіздеу;
— мүмкін болғанша берілген бағдарламаның орындалуын басқа ұйымдарда өткізілетін жұмыстармен, шаралармен, басқа мемлекеттік ұйымдардың сондай бағдарламаларымен, сонымен қатар шет мемлекеттердегі әлемдік стандарттармен немесе нарықтық жағдайдағы берілген жұмыс, қызметтердің түрлерін орындауға қойылатын талаптармен салыстырмалы талдауын өткізу қажет.
— әр варианттың оң және теріс жақтарын сипаттай отырып, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың баламалы варианттары.