
- •1.Бюджеттің экономикалық категория ретіндегі мәнін ашыңыз?
- •2.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық категория және қаржылық жоспар ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •3.Бюджеттік реттеудің салыстырмалы халықаралық талдауын жасаңыз.
- •4. Бюджет және макроэкономикалық тұрақты даму арасында қандай баланыс бар? « Бюджет экономикаға әсер ету құралы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
- •5.Қазынашылық бақылаудың құрылымы: элементтері, формалары.
- •Қазынашылықты ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •7. Бюджеттік құрылғы және бюджеттік жүйе арасындағы байланыстың мәнін көрсетіңіз, оны сызба түрінде бейнелеңіз.
- •8. Бюджеттік субсидиялау әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- •9.Ұлттық қорды қр бюджет жүйесіне енгізудің себептерін атаңыз
- •10.Ұлттық қордың экономикалық мәнін ашыңыз және оның бюджеттен тыс қорлардан айырмашылығын көрсетіңіз?
- •11.Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?
- •12.Бюджеттік үдеріс және бюджет саясаты арасындағы байланысты талдаңыз?
- •Стратегиялық жоспарлау:
- •13.Қр бюджеттік жүйесінің мәнін,құрылымын,ерекшеліктерін ашып сипаттаңыз?
- •14. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау шығындарының маңызын көрсетіңіз?
- •15.Жалпы сипаттағы мемлекеттің шығыстардың қажеттілігі немен түсіндіріледі?
- •16.Бюджеттің реттеуші және тіркелген табыстарының ерекшелігі неде?
- •17.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың құрамына сипаттама беріңіз?
- •18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?
- •19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?
- •20.Әртүрлі деңгейде бюджеттік комиссияларды құрудың қажеттілігін және олардың қызметтеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіздер?
- •21.Біріңғай бюджеттік сыныптаманың қолтаңбалы маңызын көрсетіңіз?
- •22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
- •23.Қазақстанда бюджетаралық аралық қатынастарды мемлекеттік басқару органдарының қызметтеріне сипаттама беріңіз және сызба түрінде бейнелеңіз?
- •24.Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бағалауда мемлекеттік органдар мониторингті қандай жолмен ұйымдастырады?
- •25.Қазақстан Республикасында бюджетаралықаралық қатынастар қандай нысандар арқылы реттеледі?
- •26.Бюджеттің атқарылуын қалай түсінесіз?
- •27.Бюджеттік жоспарлау және болжаудың қажеттілігін дәлдеңіз?
- •28. Бюджет тапшылығының мәнін ашыңыз және оны қаржыландырудың қандай көздерін білесіздер?Теңгерімді бюджетті қалай түсінесіз?
- •29.Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі процедуралары және технологияларын сипаттаңыз
- •30. Республикалық және жергілікті бюджетті жүргізудегі қазынашылық жүйесінің тәртібін «оң және теріс» тараптары тұрғысында талдаңыздар?
- •31.Қазақстанда бюджет шығыстарын қалыптастыру үрдісін талдаңыз?
- •32.Қазақстан тәжірибесінде бюджет кірістерінің құрылымын сипаттаңыздар,және оны арнайы сызбада көрсетіңіздер?
- •33.Бюджеттік несиелеудің мәнін ашыңыз және оны жүзеге асырылу тәртібін көрсетіңіз?
- •34.Мемлекеттің несиелеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау негізінде swot әдісінде ұсыныңыздар?
- •36. Қазынашылықтың бюджет жүйесіндегі негізгі функциялары мен міндеттері қандай?
- •37.Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролін сипаттаңыздар?
- •38. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет ететін шоттардың сипаттамасын беріңіздер, оны сызбада бейнелеңіздер?
- •39.Бюджет шығыстарының басымды бағыттарын атаңыздар және себептерін анықтаңыздар?
- •40.Бюджеттің нақтылануы қандай жағдайларда орын алады және қалай жүзеге асырылады?
- •41. Қазақстандағы қазынашылықты дамыту,қайта құрудың қажеттілігі мен себептерін көрсетіңіздер?
- •43. Қазақстан аймақтарының субвенциялық тәуелділігінің себептері қандай?
- •44.Қазақстанда бюджетаралық қатынастар бюджеттік аймақшылдықтың қайсы үлгісіне жақын?Пікіріңізді дәйектеңіз?
- •45. «Жасыл экономика» және «болашық энергиясы» басымдылықтары бюджет шығыстарын қалыптастыруға қалай әсер етуі мүмкін?Пікіріңізді дәлдеңіз?
- •46.Субвенциялар мен бюджеттік алымдар,олардың көлемін анықтау әдістемесін сипаттаңыз.
- •47.Бюджет шығындары лимитін есептеуде қандай факторлар ескеріледі?
- •48. Бюджеттік бағдарламалардың сапасы мен құрамына қандай талаптар қойылады?.
- •3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
- •50. Қазіргі уақытта ұлттық қорды дамытудың қандай перспиктивалы бағыттарын айта аласыз.Мысал келтіріңіз,жауабыңзыды негізденіз
- •51. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің шикізаттық тәуелділігі туралы пікіріңіз
- •52. Білім беру саласын бюджеттіқ қаржыландыруды адам капиталын инвестициялау ретінде қарастыруға болады ма
- •53. Бюджеттің қоғамдық артықшылықтарды институциаландыру қызметінің мазмұны неде және оны жүзеге асуын қалай бағалайсыз.
- •54.Қр бюджеттік үдерісінде орын алып отырған бюджет қаражатының игерілмеуі туралы пікіріңіз қандай. Ойыңызды дәйектеңіз
- •55. Қр бюджет жүйесі қызмет етуін жетілдіру мақсатында қандай бағыттарды ұсынар едіңіз?
- •56. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
- •57.Қр заңнамасына сәйкес, 2010-2013жылдары секвестрлеуге жатпаған бюджеттік бағдарламаларды
- •59. Қр қазынашылык комитетінің құрылымы, міндеттері және қызметтерінің мәнін ашыңыз
- •60.Қр қазынашылық жүйесінің даму перспективалары қандай?
22.Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидаларды сақтаудың қажеттілігі қандай?Мысал келтіріңіз,тұжырымды дәлдеңіз?
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады: - жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату; - бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу; - барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату. Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
Бюджетаралық қатынастарды құрауда қағидалардың сақталуы төмендегілерге негізделеді: - мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу; - бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу; - бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі негізінде анықтау. Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың формалары мен әдістерін қарастырудан бұрын, бюджетаралық қатынастар үлгілерінің түрлері толық зерттелмегенін айта кеткен жөн. Мысалы: Ағылшынның мамандары Г. Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда – Жаңа Зеландия, Ирландия, Люксембург)бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар мына белгілер бойынша бағалайды: - бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар; - бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері; - орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы. Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді. Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді. Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия. Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия, Германия, Швейцария. Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания. Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді, екіншісі – аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі — әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің автономдығы, төртіншісі – аймақтардың орталық бюджетке қаржылық тәуелділігі. Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай (1,2кесте), экономикалық дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар мемлекеттер бар. Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті бюджеттердің табыстары барлық соманың 99,2% — 72,8% құрайды. Жапония, Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің қаржылық автономдығы 68 – 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің жеке табыстарының үлесіне 59,5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен трансферттерге 40,5% келеді. Алайда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті органдар өзінен жоғары тұрған органдарға тәуелді болып келеді. Олар – Нидерланды, Италия, Ирландия, Португалия. Олардың трансферттері ағымдағы табыстың 62 -80% құрайды. Мұндай орталық әкімшілік жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру, аймақтардың дамуындағы диспропорцияны жою мақсатында бюджеттік каналдар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу (перераспределение) үшін жасап отыр. Бұл елдерде негізгі салықтардың барлығы орталық органның бюджетіне түседі, ал жергілікті органдарда салық салу ағымдағы табыстың 10% — на жетер-жетпес.