Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhet_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
177.2 Кб
Скачать

18.Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі неде?

Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады: шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады; шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады; бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.

Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады: ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары; күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар; бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша; қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың , оның ішінде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар; қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.

19.Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі мен тиімділігі қалай бағаланады?

1. Осы Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, атқару және олардың атқарылуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.

2. Бюджеттiк бағдарламалардың тиімдiлігін бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттi жоспарлау, бюджеттi атқару және бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

3. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi.

Тиiмділік өлшемi - бұл мемлекет ұсынған қызметтер (орындалған жұмыстар) бiрлiгiне болған шығыстардың көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.

Уақтылылық өлшемi - iс-шараларды (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу) орындаудың белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын сипаттайтын көрсеткiш.

Сапа өлшемi - мемлекеттiк қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiш.

Нәтижелiлiк өлшемi - бюджеттiк бағдарламалардың мақсатына қол жеткiзу деңгейiнiң (дәрежесiнiң) көрсеткiшi.

Нәтижелiлiктi бағалау бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей және соңғы нәтижесiн айқындау жолымен қамтамасыз етіледi.

Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң есептi кезеңде ұсынған қызметтерiнiң (орындалған жұмыстарының) көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң соңғы нәтижесi - бұл бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджетті атқару процесiнде мемлекеттiк саясат мақсаттарына қол жеткiзуiн сипаттайтын сапалық көрсеткiш.

Көрсетілген өлшемдер өлшенетiн және тексерілетiн болуы тиiс.

Жоғарыда аталған өлшемдер арқылы:

бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау;

бюджеттiк бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау;

бюджеттік бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн әзiрлеу жүзеге асырылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың әрбiр өлшемi бойынша түрлi көрсеткiштердi айқындайды.

5. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың сапалы деңгейiн және бағдарламаны iске асырудың жоғары нәтижелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне тиiстi бюджет комиссиясының шешiмi бойынша алдағы қаржы жылына қосымша бюджет қаражаты көзделуi мүмкiн.

2. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды

жүргізу тәртiбi

6. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды:

бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бюджет үш сатыда (бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде, бюджеттің атқарылуы кезiнде, бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау кезiнде);

бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган;

бюджеттiң атқарылуы кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi орган;

бюджеттiң атқарылуын ішкi бақылау кезiнде ішкi бақылау жөніндегi уәкілетті орган жүргiзедi.

Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау Бюджет кодексінің 113-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларының қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін нәтижелерді бағалаудың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.

44. Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдауды өз функциялары шегінде мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштер бойынша нәтижелерге қол жеткізуде қатысатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізеді.

45. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында анықталған бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау қаржы жылының қорытындылары бойынша жүргізіледі.

46. Жергілікті бюджеттерді атқару қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау: 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережеге сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының деректері негізінде жүргізіледі және бағдарламаның мақсаттарына қандай дәрежеде қол жеткізілгенін анықтайды; 2010 жылы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

47. Нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдау деректері бойынша бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесіне қол жеткізу және түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу анықталады.

48. Тікелей нәтиже бойынша қол жеткізу жыл сайын өткізіледі. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі қызметінің тікелей нәтижесін анықтау - бюджеттік бағдарлама әкімшісінің көрсеткен қызметінің (орындаған жұмыстары) мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мен бюджеттік бағдарламасында көзделген көлемін анықтау.

49. Түпкілікті нәтижені анықтау – мемлекеттік саясаттың қойған мақсатына қол жеткізу деңгейін (дәрежесін) анықтау. Түпкілікті нәтиже бойынша қол жеткізуді талдау – іс-шараны толық көлемде орындау үшін белгіленген мерзімде күтілетін нәтижеге қол жеткізілген кезде жүргізіледі. Егер түпкілікті нәтижеге қол жеткізу есепті кезеңнен кейінгі қаржы жылдарына көзделетін болса, онда нәтиже көрсеткішіне қол жеткізуді талдауда есепті қаржы жылында түпкілікті нәтижеге қол жеткізу дәрежесі көрсетіледі.

50. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі нәтижелері туралы есепті ұсыну кезінде онымен бір мезгілде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің стратегиялық жоспарында анықталған бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша талдамалық ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады.

51. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттар, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу бойынша талдау жүргізеді.

52. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткішіне қол жеткізудің талдауын оның негізінде алынған ақпаратты түсімдер бойынша тиісті бюджетті атқару туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке енгізу үшін жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]