Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_ME31k_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.85 Кб
Скачать

13. Бақылау түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз

Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, күнделікті және қорытынды. Бұлардың жүзеге асыру нышаны бір біріне ұқсас, көздейтін мақсаттары бірдей: нақты алынған нәтижелердің талап етілетін нәтижелерге жетуіне ықпал ету.

Алдын ала бақылау. Бұндай бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс тұрыс линиясын іске асыру. Жүріс тұрыс ережесі мен линиясы жоспарды орындауды қамтамасыз ету үшін жасалатындықтан оны мүлтіксіз сақтау бұл жұмыстың белгіленген бағытта дамитындығына көз жеткізудің әдісі. Осы секілді егер қызмет міндеттері айқын жазылса, мақсат тұжырымдамалары бағыныштыларға нақты түсіндірілсе, басқарудың әкімшілік аппаратына білікті адамдар алынса, осының барлығы ұйымдық құрылымның ойлаған мақсатта жұмыс істеуі мүмкіндігін арттыра түседі. АЛдын ала бақылау үш салада адамдар материалдық және қаржы ресурстары тарапында жүзеге асырылады.

Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттірін орындауға қажетті кәсіптік білімі мен шеберлігін мұқият талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргізіледі. Жұмысқа қабылданушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды немесе міндеттіерді орындай алатындығына көз жеткізу үшін жалданушылардың осыф саладағы тиісті білім дәрежесін немесе жұмыс стажын айқындап олардың құжаттраы мен мінездемелерін тексеру қажет. Ұйымғм білікті жұмыскерлеерді тартуда әрі тұрақтандыруда оларға еңбек ақысы мен өтемін әділ белгілеудің сондайақ жұмыскерлер жалдар алдында әңгіме өткізудің зор маңызы бар. Көптеген ұйымдарды адам ресурстарын алдын ала бақылау жұмыскерлерді жалдағаннан кейін де жұмысқа баулу арқылы оларға негізгі міндеттеріне кіріспес бұрын тағы да нені үйрету қажеттілігін білуге мүмкіндік береді.

Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігі жаңадан келіп түскен материалдардың жай күйі жарамдылығы айқындалады.

Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буыны бюджет (яғни ағымдағы қаржы жоспары), мұның өзі де жоспарлау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі болып саналады.

Күнделікті бақылау. К.Б жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы.К.Б нақты жұмысты орындаумен бір мезетте жүргізілмейді.Оның өзі жұмыс орындалғаннан кейінгі нақты нәтиженің өлшемін білуге ойланған мақсатқа жетуге негізделеді.К.Бды жүзеге асыру үшін бақылау аппаратына ақпараттар яғни кері байланыс қажет. Кері байланыс жүйесі алынған нәтижелер туралы деректер.Кері байланыстың қарапайым мысалына басшының қарамағындағы адамның қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы хабарын айтуға болады.Кері байланыс жүйесі басшыға көптеген күтпеген проблемаларды айқындауға, соған сәйкес тиісті шаралар қолдануға қойылған мақсаттан ауытқуды дер кезінде болдырмауға мүмкіндік береді.Кері байланыстың барлық жүйесі (биологиялық және ұйымдық) бірден бір іргелі элементтерден тұрады, әрі бірден бір принциптермен жұмыс істеуді.Кері байланыстың барлық жүйесінде: мақсаты болады, сыртқы ресурстарды пайдаланады, сыртқы ресурстарды ішкі ресурстарға пайдаланады.Белгіленген мақсаттың едәуір ауытқуын қадағалайды, белгіленген мақсатқа жету үшін осы ауытқуларға түзету енгізіледі.

Қорытынды бақылау.Мұның маңызды екі қызметі бар.Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік бередеі.Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік болады.Қ.Бды екінші қызметі мотивацияға ықпал етеді.егер ұйым басшысы мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда әрине нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]