Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_ME31k_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.85 Кб
Скачать

28. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз

Бұл тәсіл көшбасшының жеке қасиеттеріне емес, оның мінез-құлығына көп көңіл бөледі: олар не істейді, қалай істейді. Бұл тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі бар – басқарудың жалғыз оптималды стилінің бар екендігі. Мінез-құлықтық тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл – басқарушының қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы. Зерттеушілердің ойынша көшбасшылық мінез-құлықтың екі негізгі типіне негізделеді: тапсырмаға бағытталған мінез-құлық және бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық. Тапсырмаға бағытталған мінез-құлық,яғни бұл жерде жұмысқа көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, ол бәрінен бұрын жобалау мақсатының қамын ойлап, сыйақы арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады. Бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық:мұнда адамға көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, олар еңбек өнімділігін көтеруде, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жолына көп көңіл бөледі. Мұндай басшы өзара көмекке сүйенеді, жұмысшылардың шешім қабылдауына, қатысуына толықтай мүмкіндік береді. Басқарушы түрлері. Автократ өте төменгі деңгейдегі бағынушыларының қажеттілігін әрқашанда өтеуге тырысады. Автократ негативтік күштеуден қашқалақтап, оның орнына сыйақы қолданып, ол игілікті автократ атағына ие болады. Игілікті автократ бағынушылардың көңілі мен амандығы жағынан белсенді қамқорлық көрсетеді, бірақ шешімді өзі қабылдау мен орындау билігін сақтап қалады. Демократиялы басшы өте жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін әсер ету механизмін қалайды. Ол қажеттіліктер: керек– жараққа қажеттіліктер;жоғары мақсатты қажеттілік; автономиялар;өзінше ойын жеткізу қажеттілігі. Демократиялы басшы бағынушыларға өзінің еркін күштеп міндеттеуден қашады.Либералды басқарушылық – басқарушының неғұрлым сирек қатысуымен сипатталады, ал топтың өзіндік шешім қабылдауға толықтай мүмкіндігі бар.

29.Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз

Ресми ұйымдар дегеніміз – мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы тағайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады. Ресми ұйымның қызметкерлері шешетін міндеттердің, тапсырмалардың сипаты оларды әрқашанда бір- бірімен араласып, өзара іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Ресми ұйымдардың ерекшелігі- олардың алдын-ала жоспарланған түрде құрылуы. Адамдардың ресми ұйымдарға кіруінің негізгі себептері: ұйым мақсатына жету үшін өз үлесін қосқысы келеді, үлкен табыс іздейді, осы ұйымда жұмыс істеу беделіне қызығады. Ресми ұйымның құрылымы мен түрі басшы органдарымен саналы түрде жобалаудың көмегі арқылы жасалынады. Ресми ұйым лидері- ресми түрде берілген өкілеттіктерді қолдану арқылы нақты көрсетілген салада қызмет жасайды.

Әлеуметтанушы Амитаи Етциони формальды ұйымдарды үш маңызды түрге бөледі: өз еркімен құрылған, мәжбүрлеу арқылы және утилитарлы( пайда табу үшін). Өз еркімен құрылған ұйымдар- өз еркімен кіретін және өз еркімен шығатын адамдар тобынан тұрады. Мысалы, шахмат клубы, ауған соғысының ардагерлері, балық аулаушылардың ұйымы. Олар бұл үшін пайда немесе ақша алмайды. Тек өздерінің уақытын тиімді өткізу үшін немесе адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін, өзіне көмек көрсету үшін осы ұйымға кіреді.

Бірнеше мәжбүрлеуші ұйымдардың мүшелері өзіне –өзі қарсы шығады. Адамдар жаны ауыратын адамдардың емханасына түсуі,түрмеге жабылуы немесе әскерге кетуі мүмкін. Бұл топтағы адамдар отбасыларынан,достарынан айырылып қалады. Олардың киімдерін , жеке заттарын алып қою арқы ұйымның қатаң тәртібіне үйретеді. Олар қара жұмыстар істеп, ұйым мүшелерін қорлайтын сөздер де айтуы мүмкін.

Сонымен қатар, адамдар арнайы мақсаттармен құрылған, пайда табуды көздейтін утилитарлы ұйымдардың құрамына кіреді. Олар: университеттер, корпорациялар, фермерлік ассоциациялар, мемлекеттік және жеке фондтар. Бұл ұйым мәжбүрлі ұйымдар мен өз еркімен құрылған ұйымдардың арасында болады. Мысалы: сізді ешкім корпорацияға жұмысқа кіргізуге қинамайды, бірақ еген сіз жақсы өмір сүргіңіз келсе, бұл қызметке келісуіңіз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]