
- •2.Мотивацияға(ынталандыру) басқару функциясы ретінде анықтама беріңіз.
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •5. Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз
- •1. Ресми ұйымдар
- •2. Бейресми ұйымдар.
- •2. Өзара көмек3. Өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
- •4. Өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.
- •Ұйымдық өзгерістердің табиғатын түсіндіріп, айнымалылардың өзара байланысын: мақсаттардың, құрылымның, технологияның, міндеттердің және адамдардың түсіндіріңіз
- •8. Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз.
- •9. Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •10. Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •11. Ішкі орта және оның факторларына сипаттама беріңіз
- •12. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз.
- •13. Бақылау түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз
- •14.Болжаудың сапалық әдістерін анықтап сипаттама беріңіз.
- •16. Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •17. Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •18. Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз Бақылау - бұл ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс.
- •20, Бақылау үрдісінің кезеңдері.
- •23. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Оғамдық ұйымдар шешімі т.Б.
- •Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •27.Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •28. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •29.Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •31.Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз.
- •31. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз:
- •32. Дивизионалды құрылым
- •34. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •37.Басқарудағы жүйелік тәсілдің мәнін ашыңыз.
- •38. Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз. (толық емес)
- •39.Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз.
- •40. Менеджер ұғымына анықтама беріп оған қойылатын талаптарды атаңыз
- •43.Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?
- •Мүмкіндіктері (Opportunities): шет ел мемлекеттеріне мобильділік бағдарламары бойынша 1-2 семестрге оқу мүмкіндігі, мемлекет тарапынан мықты қолдау
- •Қатерлері (Threats): жеке университтер ашылу салдарынан және жалпы бәсекелестік, университет төңірегінде жемқорлық туралы алып-қашпа әңгімелер оқу орнының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін
- •1.«Қақтығыстардан қашу», бұл адамның дау-жанжалдан алыс болуы, яғни стресске ұшырамау үшін.
- •2.Қарсы күрес, конкуренция – бұл өз көз-қарасынды қандай да болсын бағамен қабылдау басқа қатысушылардың пікірін сынға алмау
- •3. Тактикалық жоспарлау
- •52. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •Хоторндық эффект
- •Хоторндық тәжірибенің басқару теориясына ықпалы.
- •59. Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, кейбір ғылыми менеджменттің және бюрократияның қағидаларының қолдануын сипаттаңыз. Қалай ойлайсыз, осы сипаттамалар ұйымдарда мәңгі болады ма?
- •Ғылыми басқару
30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
Ұйымға әсер ету сипаты бойынша тура (макро орта) және жанама (микро орта) әсер ететін орта деп бөлу қалыптасқан.
Тура әсер ету ортасына жабдықтаушы, тұтынушылар, бәсекелестер, сонымен қатар ұйым қызметіне тікелей әсер ететін мемлекеттік органдар мен құқықтық нормалар жатады.
Жанама әсер етуші факторлар ұйым стратегиясын жасағанда есепке алынады. Бұл жалпыэкономикалық жағдай, мысалы цикл фазасы, жұмыссыздық деңгейі, инфляция қарқыны, технологиялық прогресс, саяси климат және т.б.
Сыртқы ортаның күрделілігі тек элементтердің көп саны мен әртүрлілігінен ғана емес, сонымен қатар олардың өзара байланысынан көрініс табады. Мұнда өзара байланыстың екі деңгейін бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, бұл бір фактор элементтерінің өзара байланысы. Мысал ретінде нақты жабдықтаушылар арсындағы, бәсекелестер арсындағы, заңшығарушылық базаның элементтері арсындағы, ұйым қызметін реттейтін мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты айтсақ болады. Екіншіден, бұл сыртқы ортаның әртүрлі факторлары арасындағы өзара байланыс. Мысалы саяси тұрақсыздық инвестиция ағынын қиындатады, сәйкесінше технологиялық жаңарту бәсеңдеп, ресурстар жеткізілімі күрделене түседі және т.б.
Сыртқы ортаның күрделілігі ұйымның ішкі өзгерілмелілеріне әртүрлі әсер етеді, бұл әсіресе күрделі құрылымдағы ұйым болғанда анық көрініс табады.
Екінші сипаттама ол бірнеше жағдайларда көрінетін – қарқындылық. Сыртқы орта қарқындығы халықаралық сипатқа ие ( сыртқы нарықта операциялар жүргізетін, шетел филиалдары бар ж.т.б.) ұйымдар қызметіне әсерінің өсуіне әкеледі.
Сыртқы ортаның үшінші сипаттамасы – белгісіздік.
Басқарушылық шешім қабылдау кезінде сыртқы ортаның күрделілігі мен қарқындылығын есепке алу үшін ақпарат қажет. Бірақ мұндай ақпараттың нақтылығы шешім қабылдау кезінде шектелген. Нақты жағдайға арналған ақпаратты алу мен нақтылауда да ұйымның мүмкіндіктері де шектелген. Сыртқы ортаның күрделенуі мен қарқындылығы әсерінен ақпаратқа қажеттілік артады, ал оны алу тез өзгеретін нақты жағдайда қиындай түседі. Бұл сыртқы ортаның белгісіздігін күшеюіне әкеп соғады.
Тура әсер ету ортасы.
Тура әсер ету ортасының негізгі факторлары болып мыналар табылады:
-ресурспен жабдықтаушылар;
-өнім мен қызмет тұтынушылар;
-бәсекелестер;
-ұйым қызметіне тікелей әсер ететін мемлекеттік органдар мен нормативті актілер.
Тура әсер етуші ортаны анализдеу жеке факторларды қарастыру және олардың өзараәрекетін қарастыруды қамтиды.
Ресурспен жабдықтаушылар ұйымның әртүрлі ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ресурстардың негізгі түрлері: материалдық, еңбектік, қаржылық және ақпараттық.
Материалдық ресурстармен қамтамасыз ету – бұл шикізат пен жартылай фабрикаттармен, комплект жасайтын бөлшектер мен түйіндермен, құрылғылар мен энергиямен басқа шарттарды орындаған кезде қажеттіліктердің көлемі мен құрылымына сәйкес жабдықтау.
Қаржылық ресурстармен жабдықтау қажетті ресурстардың, инвесторлармен, қаржылық және коммерциялық құрылымдармен, бюджетпен, жеке тұлғалармен қарым-қатынас көлемі мен құрылымын негіздеу.
Заманауи ұйым үшін менеджментті сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету ролі артып келеді. Бұл өткізу нарығы, бәсекелестер мемлекеттік саясат артықшылықтары, өнімнің жаңа түрлерін жасау және т.б. туралы ақпараттар болуы мүмкін.
Ұйымды саны, құрылымы, жалпы және кәсіби дайындық деңгейі, жас шамасы жағынан сәйкес келетін еңбек ресурстарымен жабдықтау маңызды орынға ие. Бұл жерде ең маңыздысы басқарудың жоғарғы буын жоғары квалификацияланған менеджерлерді шақыру, сонымен қатар қабілетті басқарушыларды оқыту.
Тұтынушылар өндірілген тауар мен қызметтерді тұтынады. Сұраныс көлеміне байланысты ірі және ұсақ тұтынушылар деп бөледі. Ірі тұтынушылардың талаптарын ескеру ұйымның сәтті жұмыс жысауы үшін қажет. Тұтынушыға қарым қатынасына байланысты ұйымның әртүрлі стратегиясы туралы айтуға болады: өндіріліп қойған өнімді сату; тұтынушыға қажет өнімді өндіру; өндірілетін өнімді тұтынуға шақырып, өз тұтынушысын қалыптастыру [3].
Мемлекеттік және муниципалдық органдар да ұйымға тікелей әсер етеді, сәйкесінше, тура әсер ету ортасына жатады. Бұл салықтық және санитарлық инспекциялар, статистикалық есеп органдары және т.б.
Ұйымның жабдықтаушылар және тұтынушылармен өзара қатынасы нәтижесінде тура әсер етудің ең маңызды сипаттамасы — шаруашылық байланыстар жүйесі құрылады.
Келесі сипаттама бұл – нарықтық орта жағдайы. Мұнда ең алдымен орта түрі анықталады: монополия (таза, табиғи), олигополия, немесе моноплиялық бәсекелестік.
Бәсекелестер әртүрлі объектілер үшін жүргізулері мүмкін. Дәстүрлі түрде — өнімді өткізу нарығы үшін. Қазіргі уақытта бұл айырбасталатын өнім өндірушілермен күрес, ақша және тұтынушылар үшін күрес.Бәсекелестік объектісі ресурстар болуы мүмкін: еңбектік, қаржылық және материалдық, ғылыми-техникалық жасаулыр және т.б.Мемлекеттік әсер ету мемлекеттік органдар және заңнама арқылы жүзеге асады. Заңды түрде жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары, салықтық, кедендік қатынастар, еңбекті қорғау, белгілі бір өнімді өндіру шарттары, тұтынушылар құқығын қорғау, қоршаған ортаға экологиялық ауыртпашылық және т.б. реттеледі.$Мемлекеттік органдар атқаратын қызметтеріне қарай реттеуші және бақылаушы деп бөлінеді. Осы кезде ұйымдарға әсер етудің алуан түрлері қолданылады – лицензия беру, салық қойылымдары мен жеңілдіктер орнату, бағалар тарифі мен деңгейін бекіту, құрылыс орнын анықтау және т.б.