Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_ME31k_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
202.85 Кб
Скачать

23. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.

Басқаруқызметіпроцесіндешешімқабылдауеңтүйіндімәселе. Шешімқабылдаубасқарупроцесініңміндетті, қажеттібөлігі. Басшыныңкезкелгенәрекетіісжүзіндебелгілібіршешімқабылдауданбасталады. Қабылданғаншешімбүкілұжымныңэкономикалықжәнеәлеуметтікнәтижелеріне, әрбіржұмыскерлергеқолацлынемесеқолайсызәсеретуімүмкін. Сондықтандашешімқабылдағанадамөзінеүлкенжауапкершілікжүктейді. Шешімдерді жіктеу Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор.Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу, реттру үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді. Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

  1. Әкімшілік шешімі

  2. Оғамдық ұйымдар шешімі т.Б.

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелеу, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.  Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы жіне ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.  Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті және жедел деп бөледі. Болашақ шешемнің орындалуына ұзақ уақыт керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспестивалық шешімге жатады. Мұндай міселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан перспективалық жоспарларда көрсетіледі.  Ауыл шаруашылығыкәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе пиімді сипаты болды. Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға “келісу” және “қарсы болу” жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз аңдауы біледі. Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжаудау үшін білімін пайдаланады. Сөйіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындақтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықары бар. Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. 

Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – “ми шабуылы” тәсілі. Мұның мәнісі эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.  Мұндайда мынадай қағиданы басшылыққа алады. Әуелі бір проблемаға назар аударады. Содан кейін кез келген идеяни, оның орынды-орынсыздығына немесе практикалық құндылығы күмәнде ьолып тұрса да қарастырады. Ұсынылғын ұсынысты сынауға немесе бағалауға тыйым салынады. Жаңа идеяны генерациялауды қолдайды, әрі көтермелейді, творчествалық ахуалды қуаттайды. “ми шабуылы” нәтижесі бойынша секцияға қатысушылар анкета толтарады және “мақсат тармағы” жасалады. Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудін ұсынылған варианттарын талқылайды, “жақтаушылар” мен “қарсылық” білдірушілердің пікірін таразылап ең қолайлысын таңдауға тырысады. Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді.  Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы білдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.  Пікір жинау тәсілі. Проблемалар жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады.  Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады. Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті. Дельфа тәсілі” (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфийлік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауын, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.

24.Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз. Бұл тәсіл көшбасшылықты жүйелі түрде зерттеудің алғашқы талпыныстарының бірі. 1900-ші жылдардың басында көптеген ғалымдар келесі сауалға өз назарларын аударды: адамның қандай қасиеттері оны ұлы көшбасшыға айналдырады? Мысалы: Наполеон Бонапарт, Абрахам Линкольн, Махатма Ганди және т.б. Бұл теория «ұлы адамдар» теориясы деген атау алды. Ол бойынша адамдар нағыз көшбасшы болып қалыптаспайды, олар көшбасшы болып туады. Бұл теория бойынша басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталған, егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші бола алар еді. Бұл ерекшеліктер мынадай: интеллект пен білім деңгейі; әсерлі сыртқы келбет; адалдық; дұрыс бағыттағы ақыл; экономикалық және әлеуметтік білім; өзіне деген сенімділік. Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады.Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуте болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді.Бұл ерекшеліктер төмендегідей: Интеллектуалды білім деңгейі,Әсерлі сыртқы келбет (бейне), Адалдык, Дұрыс бағыттағы ақыл т.б. Басқару қызметіме айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс.. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды. Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғышарты болып табылады. Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп-салдарларды жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты – басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету.Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен, бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де басқару стилін жетілдіруде маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар, қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]