- •2.Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз м.Қашқари, ж.Баласағұни, Ибн Сина.
- •21. Найман мен Керейт ұлыстары.
- •22. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы 1219-1224 жж.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •26.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •28. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •31. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
- •33. XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •35.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •37.Xyii-xyiii ғ. Басындағы қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •39. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •48. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
- •49.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •51 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
- •54.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •59. ХХғ. Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •60. 1916 Ж .Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •61.1917Ж. Ақпан рев.Нан кейінгі Қазақстан.
- •63. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •66.1917 Жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •67. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •68. 1917 Ж. Екініші жалпықазақ съезі.Алашорда үкіметі.
- •69. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •70. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •71. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі, себептері мен нәтижелері.
- •72. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •73.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •74. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
- •75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
- •77.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
- •79. 1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •80.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
- •81. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •83.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
- •84.1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •85.1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •86.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •87.Қр мемлекеттік рәміздері.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.
- •93.Қр қазақ тілінің мәртебесі.
- •94.«Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •95. "Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы.
- •96. Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •97 Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •98. Қазақстан - әлемдік қауымдастықта.
- •99. Тәуелсіз қр құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •100.Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан Қаз.Мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ххІғ жаһандық мәселелері.
- •102.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.
29 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады. Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
Қазақ халқының қалыптасу үрдісі көне заманнан б.з.б ІІ\І мыңжылдықтан басталады.Қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде тіршілік еткен сақ, сармат,үйсін, қаңлы тайпаларының маңызы ерекше. Антрополг Смағұловтың пікірі бойынша « сақ ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андроновтарға ұқсас»Қ\ға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласу нәтижесінде моңғолойдтық белгілер біліне бастады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно\демографиялық жағдайды өзгертті. ХІІІғ басында Шыңғыс хан қысымына шыдыай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бүкіл үрдіске өз үлестерін қосты.ХІІІғ басында моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды.Антропологиялық үрдістер жаңа өзгерістерге ұшырады.Моңғол тайпалары түркіленді,түрік тілінде сөйлей бастады.Қазақ жерінде түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды(маңғыт,барлас). Моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200ж кешеуілдетті.Этносаяси қауымдастық-белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. Өазақ халқының этникалық қалыптасуында басты рөл атқарушы – Ақ Орда тайпалары. Қазақ халқының құрылуын жеделдеткен жағдайдын бірі-оның құрамына қыпшақ, үйсін тайпалар одағының
енуі. Бұл этникалық топтар құрамында қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат,маңғыт,жалайырлар болды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып,қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.
