Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_shpor_shygaru_kerek (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
227.09 Кб
Скачать
  • Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.

Жалпы тарих араб тилинен аударганда зерттеу,окигалар жонинде ангиме дегенди билдиреди (Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған. Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ»деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық (Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады, сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін, нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың, сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздың ата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы, грек, латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

Тарих тол енбегинде тарих тек гылым ушин зерттелмейди ол ен алдымен тарихтан тагылым сабак алу ушин зерттеледи деп жазган.

2.Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтартарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзатқоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

  1. Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

  2. Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

  3. Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.Ерекшелігі: Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге

+3

сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды. Төменгі палеолиттік ескерткіштер Қазақстанның Жамбыл облысындағы Қаратаудан 50-жылдары табылды (мұны тапқан Х. Алпысбаев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, сонымен бірге Шу өзенінің оң жағалауындағы Қазанғап қоныстары белгілі. Бұл жерлерден көбінесе тастан жасалған шапқыштар табылған. Ортаңғы палеолиттің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағынан табылған Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан, Маңғыстау түбегінен мустье дәуірінің қоныстары табылған. Бұларға Сарысу өзені бойындағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылының маңындағы қоныстар жатады. Қазба жұмысы кезінде бизонның, ақбөкеннің, арқардың, жабайы жылқының, т. б. сүйектері, ал құралдардан қырғыштар, сүйір ұштықтар, пышақ тәріздес пластиналар ұшырасты. Жоғарғы палеолит ескерткіштері Орталық және Шығыс Қазақстаннан да табылған. Батпақ – 8, Семізбұғы, Қарабас – 3, Агренсор – 2 осындай ескерткіштер тобына жатады. Неолиттік ескерткіштерден Есіл өңіріндегі – Атбасар мен Торғай үстіртіндегі Маханжар мәдениетін, Ақмола облысындағы – Атбасар мәдениетін, Төлес мәдениеттерін, Оңтүстік Қазақстандағы – Қараүңгір, Атырау облысындағы – Шатпакөл, Құлсары – 1–5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды тұрақтары, Маңғыстаудағы Шебір – 7, Сенек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Семек-10, Ақтау қаласы маңындағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтарды айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Маятас, Бөген, т. б.), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, т. б.), Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко– 2), Атбасар маңынан (Тельман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қарағанды маңында Сарыарқадан (Әкімбек және Қарағанды – 15), Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауынан (Виноградовка – 2а, -12), Торғай ойпаңы ауданынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қостанай қаласы маңынан (Дачная және Евгеньевка), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыстаудан (Шақпақата – 2, Қызылсу – 1, т. б.) табылды.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді». Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдысты жасау әдістері: а)таспалықәдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері;

ә) отпен үгіту әдісі;

б) ұңгіп қазу әдісі.

Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Қоғамдық қатынастар. Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда,Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді. Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған. Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.

4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді.Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал.Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған.Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі.Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді.Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді.Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген.Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады. Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән. Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі та­уары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.

Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.

Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасыр­ларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.

Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.

Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).

Жібек жолындағы тауарлар.

Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары та­сылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.

Жібек жолының маңызы.

Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуен­дері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.

6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.

Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).

Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады. Үйсіндердің саяси құрылымы. Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты. Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған. Шаруашылығы. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған. Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді. Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау шатқалынан табылған.

Қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған. Шаруашылығы.Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған. Қаңлылардың діні. Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]