Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар

неғұрлым аралас болса, рекреациялық іс-әрекет соғұрлым әсерлі болып,

рекреациялық қажеттілік қанағаттанарлықтай бола түседі.

Барлық рекреациялық іс-әрекет түрлері рекреациялық іс-әрекет циклімен

бірігіп, соның құрамына енеді. Белгілі уақыт ішінде қайталанып тұратын

рекреациялық шаралардың комбинациясын "рекреациялық іс-әрекеттің

циклі" (РӘЦ) деп атайды /1/. Мысалға, тәулік циклдерді, демалыс кезіндегі

циклдерді, өмірлік циклдерді айырады. Тәулік циклі белгілі бір уақыт ішінде

бірнеше рет қайталанып тұрады. Мынадай циклдер болуы мүмкін: ұзақ

демалыс, өмір циклі, белгілі жастар циклі (балалық шақ, жастық шақ, есейген

шақ) және т.б. Ұзақ демалыс циклі тәулік циклдерінен құрылады. Бірақ бұл

кезде бірдей тәулік циклдері қайталанбайды. Мысалға, санаторлы-курорттық

емдеу үш кезеңдерден тұрады: адаптациялық, емделу, экскурсиялық. Әр

кезеңнің өзінің тұрақты тәулік циклдері қалыптасады. Рекреациялық іс-

әрекеттің өмір циклдері рекреация түрлерінің, география аудандарының

ауысып тұруынан көрінеді. РЭЦ-ді рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық

функциясы бойынша жіктейді. Осыған байланысты емдеу, сауықтыру,

спорттық және танымдық рекреациялық іс-әрекет циклдерін айырады

20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста

болады, әсіресе географиямен, оның ішінде экономикалық және әлеуметтік

географиямен, халық географиясымен, физикалық және медицина география-

сымен /1/.

Экономикалық және әлеуметтік география рекреациялық қызмет

көрсетуді территориялық әлеуметтік-экономикалық кешендердің элементі

тұрғысынан қарастырып, ел шаруашылығының салалық және аумақтық

құрылымына туризмнің тигізетін әсерін біліп-түсінуге қатысады.

Экономикалық және әлеуметтік географияның әдістері рекреациялық

аудандардың сыйымдылығын анықтау үшін, рекреациялық қажеттіліктер мен

ресурстардың балансын құрастыру үшін қолданылады.

Халық географиясы рекреациялық қызмет көрсетудің орналастыру

жүйесіне тигізетін әсеріне талдау жасап, курортты қалалар мен ірі курорттық

агломерацияның қалыптасып, дамуын қарастырады. Халық географияның

әдістерін рекреациялық қажеттіліктер мен туристік ағымдардың

географиясына болжам жасау үшін және рекреациялық жүйелерді

жұмысшылармен қамтамасыз ету үшін қолданады.

Физикалық география табиғи кешендердің құрылымы, тұрақтылығы және

өзгеріп тұру туралы ақпарат береді. Сонымен қатар ландшафтарды

технологиялық, физиологиялық және эстетикалық жағынан бағалап, табиғи

кешендердің рекреациялық салмаққа тұрақтылығы мен сыйымдылығын

анықтап тұрады. Физикалық географияның әдістерін ландшафттарға тиетін

рекреациялық салмақтың нормаларын анықтау үшін, табиғатты қорғау

шараларын ұйымдастыру үшін және ландшафттарды рекреациялық

құлдыраудан сақтау үшін қолданады.

Медициналық география адам организміне табиғи жағдайдың тигізетін

әсерін, жаңадан игерілген рекреациялық аудандарда организмің бейімделуін

оқып түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық география санаторлы-

курорттық ем алуға адамдардың қажеттілігін, рекреациялық ортаның

психофизиологиялық комфорттылығын анықтайды. Медициналық

географияның әдістерін рекреациялық қызмет көрсетудің әсерлігін анықтау

үшін және әр түрлі аурулардан сақтау үшін (профилактикалық шаралады

ұйымдастыру) қолданады.

Жоғарыда айтылған пәндер рекреациялық аудандарды аумақтық бірлік,

яғни объекті ретінде қарастырмайды. Сондықтан жалпы рекреациялық

географиямен қатар аймақтық рекреациялық географияны дамыту қажет.

Аймақтық рекреациялық география рекреациялық географияның бір

бөлігі болып, бір жағынан оның теориясы мен әдістеріне сүйенеді, ал екінші

жағынан рекреациялық аудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау

үшін салалық географиялық ғылымдардың ақпараттарын пайдаланады.

Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудандардың

заңдылығын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың

қалыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялық географияның негізгі

міндеті – аудандарға бөлу, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық

шаруашылық саласының дамуын келістіру, қоршаған ортаны қорғау және

рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.

Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге

бағытталған. Ең алдымен рекреациялық қажеттіліктерді терең зерттеу, ТРЖ-

нің әсерлігін көтеру.

Рекреациялық географияның әдістерін жетілдіру мен теорияны одан әрі

дамыту жүйелі түрде қолға алынбаса практикалық мәселелерде дұрыс шешім

қабылдау мүмкін болмайды. Теориялық міндеттерді дамыту екі бағытта іске

асырылуда. Біріншісі, халық шаруашылығының арнайы саласы ретінде

рекреациялық қызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыруының заңдылығын

анықтау. Екінші бағыт – рекреациялық аудандастыруды терең зерттеу,

әсіресе аудан қалыптасуының жағдайы мен факторларын анықтау,

рекреациялық аудандар сипаттамасының бағдарламасын жасау, олардың

ұқсастығын белгілеу.

Рекреациялық географияның әдістерін жетілдіру мақсатында

статистикалық талдауды, математикалық және картографиялық моделдеуді

одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың

әдістеріне сүйеніп, рекреациялық заңдылықтарды белгіленген нормаға,

стандартқа келтіру үшін арнайы әдістерді табу қажет. Сонымен қатар

рекреациялық географияның маңызды міндеттерінің бірі – халыққа

рекреациялық іс-әрекеттің түрлері туралы толық ақпарат беріп тұру.