Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет

Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына

жатады. Біздің елімізде рекреациялық қызмет көрсетудің жеке рекреациялық

салаға айналуына барлық мүмкіндіктер бар. Рекреациялық сала дегеніміз не?

Әр бір салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір

функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады.

Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялық саланың құрылымын

анықтау өте қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы: туризмнің

мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға

қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар саны нақты емес,

яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялық саланың

шекарасы нақты болмайды. Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлауда да

қиындықтар туады.

Материалды және материалды емес игілікті пайдалану белгісі бойынша

рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялық салаға

жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиындықты «туризм

индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм

индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі

техологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар,

рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да

пайда болады. Қазіргі кезде рекреациялық саланы халық шаруашылықтың

жоспарына қосу тиіс. Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,

рекреация, рекреациялық шара, рекреациялық іс-әрекет түрі, рекреациялық

іс-әрекет циклі.

Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір

түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана

ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін

қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай

тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық

шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/.

Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп

қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек

жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с.

Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт

шараның басын қосадыРекреациялық-емдеу шаралары – бұл арнайы шаралар жүйесі,

санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен

емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық-

сауықтыру шараларының түрі әр алуан болып келеді. Бұған кіретіндер:

қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс,

саңырау-құлақтарды жинау және т. б.

Рекреациялық-спорт шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға

бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су

спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу

және т. б. Рекреациялық-танымдық шаралар адамды рухани дамытуға

арналған. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың

құбылыстарымен танысу және т. б.

16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,

Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір

түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана

ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін

қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай

тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық

шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/.

Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп

қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек

жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]