Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,

демалыс, рекреация және туризм саналады. "Бос уақыт" – рекреациялық

үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың,

әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол

көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады.

Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша)

– қайта қалпына келу, recreatіon (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-

әрекеттің өзгеруі.

"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы

мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір

циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын

сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар

мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді

болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты

жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің

тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың

табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді

рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан

басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация

өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос

уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе

демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер

бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге

саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен

құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық

қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып

кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе

одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады:

"демалушы" және "рекреант" – кең мағынадағы түсініктер, ал "турист" – тар

мағынаны білдіреді. Бос уақытын үйінде жатып, өткізетін адамдар

демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерінен тыс

жерде өткізетін адамдар жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын

адамдар да жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал

"экскурсия" латын тілінен келген сөз – жол жүру, серуендеу, көрікті көз

тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени

ескерткіштер, мұражайлар, және т. б.).

"Экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе

ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге

тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия"

түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық

маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен

саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп

тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай

болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың

тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке

жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр

жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады.

Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл

күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір

болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір

бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категорияға ие болады

Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ,

мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы

да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді.

Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық

рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден

тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да

кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая

бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз,

демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]