Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына

келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына

келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс

жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық,

қатынасу жатады.

Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге

болады. Рекреациялық іс-әрекет – бұл адамның бос уақытында пайда

болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін

жан-жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл

сайынғы болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын

зерттеу кезіндегі негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық

іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға

мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті

рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық

рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына

байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курорттық

рекреациялық объектілерімен байланысады. Сондықтан, бос уақыттың

бөлінуі бойынша рекреацияның келесі түрлерін айырады: қала ішіндегі

рекреация; демалыс күндерінде (уик-енд), қала маңында іске асатын апталық

рекреация немесе жергілікті рекреация; демалыс немесе каникул кездерінде

болатын жыл сайынғы рекреация.

5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге

болады. Рекреациялық іс-әрекет – бұл адамның бос уақытында пайда

болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін

жан-жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл

сайынғы болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын

зерттеу кезіндегі негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық

іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға

мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті

рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық

рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына

байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курорттық

рекреациялық объектілерімен байланысады. Сондықтан, бос уақыттың

бөлінуі бойынша рекреацияның келесі түрлерін айырады: қала ішіндегі

рекреация; демалыс күндерінде (уик-енд), қала маңында іске асатын апталық

рекреация немесе жергілікті рекреация; демалыс немесе каникул кездерінде

болатын жыл сайынғы рекреация.

6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет

Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала

құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет,

рекреациялық үрдіс түсініктері де жиі қолданылады, себебі еңбек етудің

және бос уақытты пайдалану түрлерінің өзгеруі демалысқа да қатты әсерін

тигізеді. Жақсы демалыс – бұл жай жатып, тынығу емес, ол – адамның іс-

әрекет түрлерінің ауысып тұруы. Шынында да, адам өзінің бос уақыттын

сауықтыру немесе спорттық, мәдени, танымдық мақсат үшін жұмсайды.

Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс

базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға

шығып тұру жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс

жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің

физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.

Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша)

– қайта қалпына келу, recreatіon (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-

әрекеттің өзгеруі.

"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы

мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір

циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын

сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар

мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді

болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты

жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің

тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың

табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді

рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан

басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация

өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос

уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе

демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер

бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге

саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен

құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық

қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып

кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе

одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады:

"демалушы" және "рекреант" – кең мағынадағы түсініктер, ал "турист" – тар

мағынаны білдіреді. Бос уақытын үйінде жатып, өткізетін адамдар

демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерінен тыс

жерде өткізетін адамдар жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын

адамдар да жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал

"экскурсия" латын тілінен келген сөз – жол жүру, серуендеу, көрікті көз

тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени

ескерткіштер, мұражайлар, және т. б.).

"Экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе

ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге

тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия"

түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық

маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен

саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп

тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай

болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың

тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.

Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ,

мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы

да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді.

Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық

рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден

тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да

кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая

бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз,

демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік 2-сурет

7. «Рекреациялық қажеттіліктер» деген не? Түсіндіріп беріңіз.Бурынгы КСРО рекреациялык география зерттеушілері рекреациялык іс-арекеттін кеністіктік-уақыттык динамикасы мен аумактык уйымдастырылуын когамдык,топтык,жеке рекреациялык кажеттіліктер аныктайды деп есептейді. Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің

объективті жағдайына байланысып, өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру

– өңдіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді. Рекреациялық

қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қалыптасады.

Рекреациялык кажеттіліктердін кенесттіктік-уакыттык динамикасы рекреациялык іс-арекетті уйымдастырудын аумактык формаларында корініс табады. Сондыктан рекреациялык кажеттіліктерді зерттеу барлык дәрежедегі рекреациялык аудандардын-демалыс пен туризм аясынын жалпы мемлекеттік сулбасынан накты демалыс аудандары мен курорттардын функционалды зоналауына дейін –аумактык уйымдастырылуынын казіргі және болашактагы формаларын зерттеуді керек етеді .

Табиги ортадагы демалыс турін тандау мен белгілі ландшафтка коз салу адам мінезі мен темпераменті сиякты коп нускалы болады. Дегенмен, тандауы кандай да болса ,осы сураныстарды осыган арнайы болінген жерсіз канагаттандыруга болмайды. Демалыс уйымдастыру ушін жер таратылуы колайлы физикалык-географиялык жайларынан бурын журт кажеттіліктеріне орай откізілуі кажет.

Жеке тулганын колы бос уакытындагы алеуметтік белсенділігі онын кажеттіліктері мен кундылыктарына байланысты. Рекреациялык кажеттіліктер –субъектілер мен сырткы орта арасындагы ,омирдин шын мәніндегі және кажетті жагдайлары арасындагы кайшылыктарды рекреациялык іс-арекеттер аркылы шешу формасы болып табылады. Рекреациялык кажеттіліктер алеуметтік-экономикалык даму урдісі кезинде сырткы ортанын объективті факторлары асерінен калыптасады жане омір онімдерінін ондіріс тәсіліне ,алмасуына жане таратылуына толыгымен байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі

жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке

жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттіліктер

қоршаған ортаның факторларына байланысты болады. Рекреациялық

кажеттіліктер – қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді /1/.

Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер – қоғамның барлық мүшелерінің

денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін

қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық

шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін

анықтайды. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі болып саналады.

Топтық рекреациялық қажеттіліктер – белгілі бір топтың әлеуметтік-

демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін,

мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтынатын

арнайы тобына жанұяны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және

танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі

де әлеуметтік топ ретінде қарқынды дамып келе жатыр.

Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер – жеке адамның денсаулығын

қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық

шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара

рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара байланыста болады. Жеке-

дара рекреациялық кажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық

қажеттілік құрылымына әсер етеді, олар арқылы жалпы қоғамдық

қажеттіліктер іске асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]