- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру
- •3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық
- •4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге
- •6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет
- •8. Қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер дегенді қалай түсінесіз? Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің
- •9. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз
- •11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,
- •12. Бос уақыттың негізгі функциялары; пайдалану сипаты бойынша бос уақыттың бөлінуі Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •13. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
- •14. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?
- •15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет
- •16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,
- •17. «Рекреациялық шаралар» деген не? Олардың түрлерін атап шығыңыз. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •18. Рекреациялық әрекеттің түрлері мен циклдері, тәуліктік, демалыс және өмір циклдерінің құрылымы Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (рэт) – жай рекреациялық шараларды
- •19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар
- •20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •21. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторларын анықтау Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •22. «Рекреациялық сала» деген не?Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •23. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз. Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •24. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттары қандай? Оларды анықтаған кеңес және шетел ғалымдары кім болған? Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •25. Бұрынғы ксро-да рекреациялық мәселелерімен кім айналысқан? Бұрынғы ксро-да география
- •26. В.С. Преображенскийдің территориялық рекреациялық жүйе (трж) ұғымына сипаттама беріңіз.7-сурет Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде
- •27. Рекреациялық іс-әрекет жіктелуінің негізі қандай? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •30. Рекреациялық географияның өзге де ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз. Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •31. Жалпы және аймақтық рекреациялық география ұғымдары
- •3) Туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, кемпингтер,
- •35. Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу міндеттері
- •41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
- •46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру
- •47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру
- •48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру
- •49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
- •56. Табиғи кешеннің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •57. Техникалық құрылыстардың трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •58. Қызмет көрсетушілердің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •59. Басқару органның трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суре
- •60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
- •61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
- •64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
- •68. Туризмнің хх ғасырдың екінші жартысындағы қарқынды дамуының басты себептерін атап шығыңыз.
- •69. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторларын сипаттап беріңіз
- •70. В.М. Кривошеев пен и.В. Зориннің матрицасын жасау 3кесте
64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос
уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе
демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер
бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге
саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен
құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық
қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып
кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе
одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады:
"демалушы" және "рекреант" – кең мағынадағы түсініктер, ал "турист" – тар
мағынаны білдіреді. Бос уақытын үйінде жатып, өткізетін адамдар
демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерінен тыс
жерде өткізетін адамдар жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын
адамдар да жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал
"экскурсия" латын тілінен келген сөз – жол жүру, серуендеу, көрікті көз
тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени
ескерткіштер, мұражайлар, және т. б.).
"Экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе
ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге
тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия"
түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық
маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен
саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп
тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай
болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың
тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
65. Рекреациялық қажеттіліктердің социологиялық зерттеулері
Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде
жүргізіледі. Оларда мынадай кезеңдер болуы мүмкін /1/:
1. Демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық
деректердің негізінде зерттеу;
2. Рекреацияның мәні мен оның болашақта дамуы туралы алдын ала
болжамдар жасау;
3. Халық арасында анкеталық жауап алуды жүргізу;
4. Рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;
5. Репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ережелерді
құрастыру.
Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін таңдау зондаж әдісі
қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сұрап
шығу. Сауалнама жүргізу аумақ бойынша бөлінеді: адамның жұмыс орнында
және демалыс орнында. Жұмыс орында жүргізілетін сауалнамалар
рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын
анықтайды. Рекреациялық аудандағы сауалнамалар реркеацияның мазмұнын,
демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттандыру дәрежесін анықтайды
66. Ұлттық саябақ түсінігі, оның міндеттерін ашып көрсету
Табиғи-рекреациялық саябақ арқылы рекреацияны ұйымдастыру мен
табиғат қорғау мақсаттыры үйлесіп орындалады.
Алғашқы ұлттық саябақ – Йеллоустон саябағы 1872 жылы
ұйымдастырылды. Ұлттық саябақта экологиялық, тарихи және эстетикалық
құндылығы бар табиғи кешендер мен объектілер орналасады. Ұлттық
саябақта табиғатты қорғау мақсаттары экологиялық білім берумен,
туризммен және халықтың демалуымен үйлеседі. Ұлттық саябақтардың
негізгі мақсаттары мынадай: 1) ең тамаша табиғи (немесе адам әсерінен аз
өзгерген) ландшафтарды қорғау; 2) табиғи ортада ғылыми зерттеулер
базасын ұйымдастыру; 3) танымдық туризм үшін жағдай жасау; 4) табиғат
қорғауға арналған тәрбие жұмысын жүргізу. Яғни ұлттық саябақ
рекреациялық қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған.
Ұлттық саябақтардағы рекреациялық іс-әрекет маңызды болса да, ең
басты функциясы емес. Сондықтан елді мекен аралығындағы аумақтарда
туризм мен демалыс мақсаты ең маңызды болып есептелетін рекреациялық
саябақтар ұйымдастырылғаны жөн. Қазіргі орман-саябақтары мен қала маңы
ормандарына қарағанда, рекреациялық саябақ құрылымы жағынан ұлттық
саябаққа, ал рекреациялық функциясы жағынан орман-саябаққа ұқсауы
керек. Орман-саябақтың екі анықтамасын келтірейік.
1. Орман-саябақ – демалуға арналған орманның бір бөлігі. Ол демалысқа
керек құралдарымен жабдықталған орман. Рекреациялық саябақ адамның
рекреациялық қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Кесіп сатуға
арналған ағаштарды өсіру тек қосымша кәсіп болуы мүмкін.
2. Орман-саябақ дегеніміз – қысқа мерзімді еркін демалысқа арналған
және қайта құрылу арқылы белгілі бір ландшафтық жүйеге келтірілген
жабдықталған орман. Бұл жағдайда орман-саябақ рекреациялық, сәулеттік-
көркем өнерлік, санитарлық-гигиеналық, танымдық және орман
шаруашылық функцияларын біріктіріп үйлестіретін кешен болып табылады.
Орман-саябақтарда демалыс күнгі туризм, экскурсиялар мен серуендеу,
тыныш демалыс, жағажайлар мен су станцияларындағы дема-лыс, жеміс-
жидек пен саңырауқұлақ теру, басқа да, саябақтың жергілікті
ерекшеліктеріне байланысты рекреациялық шаралардан тұратын еркін
демалыс ұйымдастыруға болады.
67. Рекреацияның қоғамдық функцияларының түрлерін сипаттап беріңіз.
Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
медико-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5)
экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлы-курорттық емделуде
байқалады. Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндіріс және өндірістен
тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басу жолы болып отыр.
Мәдени-әлеуметтік функциясы – бұл рекреацияның ең басты жетекші
функциясы. Мәдени талғам – бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну.
Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және
әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен
мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы – жұмыс
күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбек қабілеті
артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функциялар
атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын
жедел дамыту; 2) еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет
көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық
аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын
балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді; 4) шетелдік валютаны алу
көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен
жақындатады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен
жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен
сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына
келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар,
демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі
реттеледі.
