
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру
- •3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық
- •4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге
- •6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет
- •8. Қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер дегенді қалай түсінесіз? Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің
- •9. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз
- •11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,
- •12. Бос уақыттың негізгі функциялары; пайдалану сипаты бойынша бос уақыттың бөлінуі Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •13. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
- •14. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?
- •15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет
- •16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,
- •17. «Рекреациялық шаралар» деген не? Олардың түрлерін атап шығыңыз. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •18. Рекреациялық әрекеттің түрлері мен циклдері, тәуліктік, демалыс және өмір циклдерінің құрылымы Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (рэт) – жай рекреациялық шараларды
- •19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар
- •20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •21. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторларын анықтау Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •22. «Рекреациялық сала» деген не?Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •23. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз. Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •24. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттары қандай? Оларды анықтаған кеңес және шетел ғалымдары кім болған? Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •25. Бұрынғы ксро-да рекреациялық мәселелерімен кім айналысқан? Бұрынғы ксро-да география
- •26. В.С. Преображенскийдің территориялық рекреациялық жүйе (трж) ұғымына сипаттама беріңіз.7-сурет Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде
- •27. Рекреациялық іс-әрекет жіктелуінің негізі қандай? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •30. Рекреациялық географияның өзге де ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз. Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •31. Жалпы және аймақтық рекреациялық география ұғымдары
- •3) Туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, кемпингтер,
- •35. Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу міндеттері
- •41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
- •46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру
- •47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру
- •48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру
- •49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
- •56. Табиғи кешеннің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •57. Техникалық құрылыстардың трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •58. Қызмет көрсетушілердің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •59. Басқару органның трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суре
- •60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
- •61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
- •64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
- •68. Туризмнің хх ғасырдың екінші жартысындағы қарқынды дамуының басты себептерін атап шығыңыз.
- •69. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторларын сипаттап беріңіз
- •70. В.М. Кривошеев пен и.В. Зориннің матрицасын жасау 3кесте
60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына түрлі мақсат қояды.
Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді –
танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік /1/. Сонымен қатар, танымдық
функциясына барлығы да зор мән береді.
Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи
орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл
қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным
– адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі.
Табиғи-климаттық көрікті орындарына қолайлы климат, желсіз ашық
күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады.
Мәдени-тарихи орындары – бұл сәулетті ескерткіштер, мұражайлар,
көркем галереялар, театр және басқа да объектілердің жиынтығы.
Этнографиялық объектілерге – жергілікті халықтың салт-дәстүрі, киімі,
асханасы, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары жатады.
Шаруашылық объектілерге белгілі бір аудан шарашылығының жетістіктері
жатады.
Туризм арқылы сауықтыру – адамның физикалық және психологиялық
шаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының
әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған
адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол
адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамның психо-физиологиялық қасиеттері,
дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор.
Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсатты
орындауға тәрбиелейді.
61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
Қазіргі шақта рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол
адамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас
жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және
психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-
жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі,
казіргі өмір салтының элементі.
Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
медико-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5)
экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлы-курорттық емделуде
байқалады. Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндіріс және өндірістен
тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басу жолы болып отыр.
Мәдени-әлеуметтік функциясы – бұл рекреацияның ең басты жетекші
функциясы. Мәдени талғам – бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну.
Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және
әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен
мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы – жұмыс
күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбек қабілеті
артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функциялар
атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын
жедел дамыту; 2) еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет
көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық
аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын
балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді; 4) шетелдік валютаны алу
көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен
жақындатады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен
жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен
сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына
келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар,
демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі
реттеледі.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік
аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғатты
оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді
керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың
түрлерін дамытады.
62. Демалыс кезіндегі адам әрекетінің жіктелуі
Демалыс кезіндегі
адамның іс-әрекеті келесідей жіктеледі /1/:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу,
спортпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырау-құлақ пен
жеміс-жидек жинау және т. б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға бару), өнер
саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және т. б.);
4. Интеллектуалдық іс-әрекет (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу,
теледидарды көру);
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз
табысу;
6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
63. Демалыс және рекреация анықтамалары, олардың айырмашылығы
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке
жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр
жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады.
Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл
күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір
болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір
бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категорияға ие болады.
Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс
базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға
шығып тұру жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс
жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің
физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.
Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша)
– қайта қалпына келу, recreatіon (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-
әрекеттің өзгеруі.
"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы
мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір
циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын
сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар
мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді
болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты
жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің
тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың
табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді
рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан
басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация
өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ,
мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы
да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді.
Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық
рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден
тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да
кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая
бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз,
демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік