Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру

бос уақыт – демалуға,

физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған

уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт

және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт . Бос уақыт

адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға

жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке кетеді

физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-

әрекет түрлерінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.

Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына

келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына

келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс

жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық,

қатынасу жатады.

Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге

болады. Рекреациялық іс-әрекет – бұл адамның бос уақытында пайда

болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін

жан-жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет.

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке

жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр

жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады.

Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл

күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір

болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір

бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категорияға ие болады. Демалыс кезіндегі

адамның іс-әрекеті келесідей жіктеледі /1/:

1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу,

спортпен шұғылдану);

2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырау-құлақ пен

жеміс-жидек жинау және т. б.;

3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға бару), өнер

саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және т. б.);

4. Интеллектуалдық іс-әрекет (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу,

теледидарды көру);

5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз

табысу;

6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;

7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау. Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала

құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет,

рекреациялық үрдіс түсініктері де жиі қолданылады, себебі еңбек етудің

және бос уақытты пайдалану түрлерінің өзгеруі демалысқа да қатты әсерін

тигізеді. Жақсы демалыс – бұл жай жатып, тынығу емес, ол – адамның іс-

әрекет түрлерінің ауысып тұруы. Шынында да, адам өзінің бос уақыттын

сауықтыру немесе спорттық, мәдени, танымдық мақсат үшін жұмсайды.

Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс

базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға

шығып тұру жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс

жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің

физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.

3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық

үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың,

әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол

көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс

уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан

ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға

және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған

уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және

тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға,

физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған

уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт

және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт Бос уақыт

адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға

жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке кетеді. Осылай

десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. "Белсенді іс-әрекет" пен

"демалыс" ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін.

Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-

әрекет түрлерінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.

Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына

келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына

келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс

жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық,

қатынасу жатады.