
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру
- •3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық
- •4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге
- •6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет
- •8. Қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер дегенді қалай түсінесіз? Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің
- •9. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз
- •11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,
- •12. Бос уақыттың негізгі функциялары; пайдалану сипаты бойынша бос уақыттың бөлінуі Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •13. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
- •14. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?
- •15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет
- •16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,
- •17. «Рекреациялық шаралар» деген не? Олардың түрлерін атап шығыңыз. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •18. Рекреациялық әрекеттің түрлері мен циклдері, тәуліктік, демалыс және өмір циклдерінің құрылымы Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (рэт) – жай рекреациялық шараларды
- •19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар
- •20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •21. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторларын анықтау Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •22. «Рекреациялық сала» деген не?Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •23. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз. Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •24. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттары қандай? Оларды анықтаған кеңес және шетел ғалымдары кім болған? Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •25. Бұрынғы ксро-да рекреациялық мәселелерімен кім айналысқан? Бұрынғы ксро-да география
- •26. В.С. Преображенскийдің территориялық рекреациялық жүйе (трж) ұғымына сипаттама беріңіз.7-сурет Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде
- •27. Рекреациялық іс-әрекет жіктелуінің негізі қандай? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •30. Рекреациялық географияның өзге де ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз. Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •31. Жалпы және аймақтық рекреациялық география ұғымдары
- •3) Туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, кемпингтер,
- •35. Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу міндеттері
- •41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
- •46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру
- •47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру
- •48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру
- •49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
- •56. Табиғи кешеннің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •57. Техникалық құрылыстардың трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •58. Қызмет көрсетушілердің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •59. Басқару органның трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суре
- •60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
- •61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
- •64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
- •68. Туризмнің хх ғасырдың екінші жартысындағы қарқынды дамуының басты себептерін атап шығыңыз.
- •69. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторларын сипаттап беріңіз
- •70. В.М. Кривошеев пен и.В. Зориннің матрицасын жасау 3кесте
49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
. Біздің елімізде рекреациялық қызмет көрсетудің жеке рекреациялық
салаға айналуына барлық мүмкіндіктер бар. Рекреациялық сала дегеніміз не?
Әр бір салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір
функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады.
Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялық саланың құрылымын
анықтау өте қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы: туризмнің
мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға
қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар саны нақты емес,
яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялық саланың
шекарасы нақты болмайды. Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлауда да
қиындықтар туады.
Материалды және материалды емес игілікті пайдалану белгісі бойынша
рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялық салаға
жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиындықты «туризм
индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм
индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі
техологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар,
рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да
пайда болады. Қазіргі кезде рекреациялық саланы халық шаруашылықтың
жоспарына қосу тиіс.
50. Рекреациялық географияның ғылыми әдістерін анықтау
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,
аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,
социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,
яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін
қолданады.
Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі екі бағытта жүргізіледі:
1) генетикалық талдау – ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мен
даму кезеңдерін қарастырады;
2) болжам әдісі – болашақта болатын рекреациялық қызмет көрсету
мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды.
Картографиялық әдіс. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын,
туристік ағымдардың қозғалуын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге
болады. Сонымен қатар картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың
функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданады.
Математикалық талдау мен моделдеу әдісін жиналған мәліметтерді тез
өндеу үшін пайдаланады.
Социологиялық зерттеулерде негізгі қолданатын әдістер – анкеталық,
интервью алу, құжаттарды оқып-зерттеу (мысалға туристік жолдамаға
тапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы).
Баланс әдісі рекреациялық қажеттіліктерді, рекреациялық ресурстарды,
материалдық-техникалық базаның сыйымдылығын ескеріп, ТРЖ-нің дамуын
жоспарлау мен болжамдау және талдау жасау үшін қолданатын есептеу
әдістерінің жинағы.
Жоғарыда айтылған әдістермен қатар рекреациялық географияда
экономикалық, медициналық-биологиялық әдістер және рекреациялық
қызмет көрсетудің экономикалық әсерлігін анықтау үшін, туристік сұраныс
пен ұсыныстарды болжамдау үшін сараптау әдісі қолданады.
51. Рекреациялық географияда жүргізілетін зерттеулердің тарихи және статистикалық әдістерін сипаттау
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,
аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,
социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,
яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін
қолданады.
Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі екі бағытта жүргізіледі:
1) генетикалық талдау – ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мен
даму кезеңдерін қарастырады;
2) болжам әдісі – болашақта болатын рекреациялық қызмет көрсету
мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды
Социологиялық зерттеулерде негізгі қолданатын әдістер – анкеталық,
интервью алу, құжаттарды оқып-зерттеу (мысалға туристік жолдамаға
тапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы).
52. Рекреациялық географияда жүргізілетін зерттеулердің картографиялық және баланс әдістерін сипаттау
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,
аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,
социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,
яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін
қолданады.
Картографиялық әдіс. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын,
туристік ағымдардың қозғалуын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге
болады. Сонымен қатар картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың
функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданады
53. Рекреациялық географияның әлеуметтік ғылымдарымен байланысын көрсету
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,
аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,
социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,
яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін
қолданады.
54. Рекреациялық географияның қоғамдық ғылымдарымен байланысын көрсету
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,
аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,
социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,
яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін
қолданады.
55. Демалушылар тобының ТРЖ басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
Территориялық рекреациялық жүйелер, демалушылар
тобы, табиғи кешен, техникалық құрылыс, басқару органы, зерттеулер
ТРЖ-нің негізгі қасиеттері оның жеке элементтерінің қасиеттерімен ғана
емес, сонымен қатар оның құрылымының қасиеттерімен және элементтер
арасындағы байланыспен де айқындалады. ТРЖ элементтерінің өзара
байланыстары туралы мәліметті жинақтау матрица байланысы түрінде болуы
мүмкін, оларды ТРЖ-нің элементтері құрайды. Ол үшін В.М. Кривошеев пен
И.В. Зорин (1979) ұсынған әдіс-амалдарын пайдаланады. ТРЖ элементтері
матрица жолымен талданатын, белсенді шағын жүйе ретінде алға шығып,
тапсырысты қабылдаушы болып саналады. Матрица бағанындағы сол
элементтер тапсырыстарды қанағаттандыратын ресурстар ретінде
қарастырылады.
ТРЖ-нің басты элементі (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық
шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің кеңестік-уақыттық құрылымның таңдауы
арқылы байланысады.
"Демалушылар тобының" "табиғи кешенмен" байланысы аттрактивтік
(тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері
арқылы жүзеге асырылады.
Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және
объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтығымен немесе пейзаждың
әртүрлілігімен сипатталынады. Осыған байланысты рекреациялық
географияда табиға кешендерге баға берудің ерекше бір түрі бар –
эстетикалық баға беру.
Табиғи кешендердің сыйымдылығы мен тұрақтылығы – бұл
рекреациялық іс-әрекет кезіндегі демалушылар тобы мен табиғи кешен
арасында болатын байланыстарды көрсетіп тұрады. Шектелген аумақта
демалушылардың мөлшерден тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялық
дағдарысқа әкеледі. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін жіберілетін
салмақты анықтау және ландшафты қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын
рекреациялық шараларды ұйымдастыру қажет.
Табиғи кешендерге технологиялық баға бергенде, рекреациялық
шараларды өткізуге олардың сыйымдылығы мен жарамдылығы
анықталғанда, пайдалу кезіндегі олардың тұрақтылығын ескеру қажет,
сонымен қатар рекреациялық аумақтардың қабілетін көтеру үшін арнайы
шараларды ұйымдастыру керек.
Табиғи кешеннің комфорттылығы – бұл адам организміне жағымды
жағдайдың әсер ету ұзақтығы. Бұл көрсеткішті медициналық-биологиялық
баға бергенде қолданады. Бағаланатын объектісі климат болса, оны бағалау
субъектісі – демалыс кезіндегі адам организмінің қал-жағдайы.
Адам организмнің қал-жағдайы мен метеорологиялық көрсеткіштердің
(ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы)
байланыстарының анализі ауа райы кластарының рекреациялық
типологиясын құрастыру және демалуға арналған комфортты кезеңінің
ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.
"Демалушылар тобының" "техникалық құрылыстар" шағын жүйесімен
байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық сияқты жүйелі
қасиеттер арқылы көрсетіледі. Рекреациялық ағым өзінің құрылымы жағынан
әртекті болғандықтан, рекреациялық шаралар жүргізу үшін арнайы
мекемелер мен аумақтарды қажет етеді. Сонымен қатар орналастыру
орындарының сыйымдылық және комфорт жағынан бірдей еместігі
рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б.)
бөлуді қажет етеді.
"Демалушылар тобы" "қызмет көрсетушілерден" жоғары сапада қызмет
көрсетуін талап етеді, олардың өз ісін терең білетін, мұқиятты және әдепті
болғанын қалайды және олардан демалушылардың сұранысына ықыласпен
қарауын күтеді. Өз ісін жоғары дәрежеде білу кәсіптік (профессионализм)
ұғыммен анықталады. Тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына баға беру
арқылы қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтауға болады. Ол үшін
анкетирование жүргізеді немесе шағым және ұсыныстар кітапшасына талдау
жасайды.
Туристік саяхатқа дайындық және өткізу кезінде демалушылар тобы
ақпарат қызметтерін талап етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын жүйелерінің
жағдайы, туристік қызметтің түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін
қызметтердің технологиялық ерекшеліктері туралы толық ақпарат алғысы
келеді. Бұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің "басқару органы" беріп
тұруы қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық деп сипаттауға болады.
Жарнама-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле, радио
жарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы
мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық
ағымдарды реттеп тұруына үлкен әсерін тигізеді.