Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру

Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер

ететін жағдайларды фактор деп, басқа түрлерін – шарттар деп атайды.

Туризмнің дамуы мен оның территориялық ұйымдастырылуына көптеген

факторлар мен шарттар әсерін тигізеді: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-

географиялық, демографиялық, ғылыми-техикалық, саяси және т.б.

Рекреациялық қажеттіліктер рекреациялық саланың территориялық

ұйымдастыруының басты факторы болып саналады. Ал рекреациялық

қажеттіліктердің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық факторларымен

айқындалады.

Көрсетілген факторларды жүйелей отырып, оларды 2 топқа бөледі.

Осылай бөлуді Преображенский В.С., Азар В.И., Зорин И.В., П. Мариот

атақты ғалымдар ұсынды.

1. Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар. Олар

демалыстың түрлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар,

олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.

2. Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар

туризмнің түрлі формаларымен айналасуға адамдарды тартады. Бұл

факторлар туризмнің табиғи, мәдени-тарихи ресурстарымен,

халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен (табыс

деңгейі, бос уақыттың болуы) байланысты.

Бұл екі фактор аумақ жағынан шоғырланған және шоғырлабаған болып

бөлінеді.

Шоғырланбаған факторлар – рекреациялық шаруашылыққа халық

шаруашылық деңгейде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешеннің

қоғамдық-экономикалық үрдісімен байланысатын туғызушы және іске

асырушы фактор. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұл

факторларды ескереді.

Шоғырланған факторлар – туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін

анықтайтын, рекреациялық функцияларды белгілі бір жерге бекітетін,

кеңестікте нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы фактор. Мұндай

факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени

ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустрия мекемелерінің

орналасуын анықтайды

47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру

Рекреациялық қызметтер белгілі бір ауданда өндіріледі және

тұтынылады.

Ал Н.Н. Баранский айтқандай өндірілетін орын мен тұтынатын

орынның арасындағы аумақтық үзілістің болуы туризмде туристің

тұрғылықты орны мен демалыс орының арасындағы үзіліспен айқындалады.

Қоғамдық өндірістің даму деңгейі, халықтың тұрмыс жағдайы,

денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру қажеттілігі туғызушы

фактор ішінде маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік-экономикалық сипаты бар рекреациялық қажеттіліктер

туризм дамуының негізгі факторы болып саналады. Солар арқылы халықтың

физикалық және рухани күшін қалпына келтіру қажеттілігі іске асады.

Адамның психикасына кері әсерін тигізетін ғылыми-техникалық

революция, урбандалу үрдісінің дамуы туризммен айналасуға

қажеттіліктерді туғызатын факторлар болып табылады. Урбандалған үлкен

қалаларда табиғатта демалу сұранысы көбееді.

Туғызушы факторларға халықтың орналасуымен байланысты туристік

сұраныс аумағының біркелкі еместігі жатады

48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру

Н.Н. Баранский айтқандай өндірілетін орын мен тұтынатын

орынның арасындағы аумақтық үзілістің болуы туризмде туристің

тұрғылықты орны мен демалыс орының арасындағы үзіліспен айқындалады.

Қоғамдық өндірістің даму деңгейі, халықтың тұрмыс жағдайы,

денсаулығын, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру қажеттілігі туғызушы

фактор ішінде маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік-экономикалық сипаты бар рекреациялық қажеттіліктер

туризм дамуының негізгі факторы болып саналады. Солар арқылы халықтың

физикалық және рухани күшін қалпына келтіру қажеттілігі іске асады.

Адамның психикасына кері әсерін тигізетін ғылыми-техникалық

революция, урбандалу үрдісінің дамуы туризммен айналасуға

қажеттіліктерді туғызатын факторлар болып табылады. Урбандалған үлкен

қалаларда табиғатта демалу сұранысы көбееді.

Туғызушы факторларға халықтың орналасуымен байланысты туристік

сұраныс аумағының біркелкі еместігі жатады.

Іске асырушы фактор тобына халықтың туристік саяхат жасауға

қатысуы жатады. Бұған кіретіндер: туристік-рекреациялық ресурстар,

материалдық, мәдени, білім деңгейінің өсуі, көлік, қызмет көрсету

сұранысындағы прогресс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]