- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру
- •3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық
- •4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге
- •6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет
- •8. Қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер дегенді қалай түсінесіз? Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің
- •9. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз
- •11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,
- •12. Бос уақыттың негізгі функциялары; пайдалану сипаты бойынша бос уақыттың бөлінуі Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •13. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
- •14. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?
- •15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет
- •16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,
- •17. «Рекреациялық шаралар» деген не? Олардың түрлерін атап шығыңыз. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •18. Рекреациялық әрекеттің түрлері мен циклдері, тәуліктік, демалыс және өмір циклдерінің құрылымы Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (рэт) – жай рекреациялық шараларды
- •19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар
- •20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •21. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторларын анықтау Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •22. «Рекреациялық сала» деген не?Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •23. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз. Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •24. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттары қандай? Оларды анықтаған кеңес және шетел ғалымдары кім болған? Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •25. Бұрынғы ксро-да рекреациялық мәселелерімен кім айналысқан? Бұрынғы ксро-да география
- •26. В.С. Преображенскийдің территориялық рекреациялық жүйе (трж) ұғымына сипаттама беріңіз.7-сурет Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде
- •27. Рекреациялық іс-әрекет жіктелуінің негізі қандай? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •30. Рекреациялық географияның өзге де ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз. Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •31. Жалпы және аймақтық рекреациялық география ұғымдары
- •3) Туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, кемпингтер,
- •35. Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу міндеттері
- •41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
- •46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру
- •47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру
- •48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру
- •49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
- •56. Табиғи кешеннің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •57. Техникалық құрылыстардың трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •58. Қызмет көрсетушілердің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •59. Басқару органның трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суре
- •60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
- •61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
- •64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
- •68. Туризмнің хх ғасырдың екінші жартысындағы қарқынды дамуының басты себептерін атап шығыңыз.
- •69. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторларын сипаттап беріңіз
- •70. В.М. Кривошеев пен и.В. Зориннің матрицасын жасау 3кесте
41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша)
– қайта қалпына келу, recreatіon (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-
әрекеттің өзгеруі.
"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы
мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір
циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын
сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар
мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді
болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты
жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің
тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың
табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді
рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан
басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация
өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос
уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе
демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер
бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге
саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен
құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық
қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып
кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе
одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады:
"демалушы" және "рекреант" – кең мағынадағы түсініктер, ал "турист" – тар
мағынаны білдіреді. Бос уақытын үйінде жатып, өткізетін адамдар
демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерінен тыс
жерде өткізетін адамдар жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын
адамдар да жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал
"экскурсия" латын тілінен келген сөз – жол жүру, серуендеу, көрікті көз
тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени
ескерткіштер, мұражайлар, және т. б.).
"Экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе
ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге
тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия"
түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық
маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен
саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп
тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай
болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың
тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ,
мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы
да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді.
Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық
рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден
тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да
кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая
бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз,
демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік (2-
сурет) /
42. Рекреациялық қажеттіліктерді қалыптастыратын факторларды құрастыру
Рекреацияның түрін таңдағанда адам немесе топ алдын ала белгілі бір
мақсат қояды. Жеке адамның немесе бір топ адамдардың қажеттілігі түрлі
белгі бойынша жіктеледі. Сондықтан рекреациялық кажеттіліктерді жүйелі
түрде зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстарын экономикалық, медико-
биологиялық, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде
жүргізеді. Осыған байланысты рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуына
белгілі бір фактор тобы әсер етеді.
Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар /1/:
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі;
туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет
пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық); көлік
инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреациялық
аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың
әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-
қонуы; ұлттық дәстүрлер.
2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы
(урбандалу дәрежесі); халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы
мен мөлшері; орналасуының ерекшеліктері.
3. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік және мәдени
байланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке
тұлғаның құндылық бағыты.
4. Медико-биологиялық факторлар: халық денсаулығының жағдайы.
5. Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың
географиялық ерекшеліктері.
Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың
рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы анықталады.
Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның
мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын
ескереді.
Рекреациялық қажеттіліктер – бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер.
Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің
мүмкіншілігіне байланысты.
Рекреациялық қажеттіліктердің медико-биологиялық аспектісі
санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады.
Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар
тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделуде жиынтық балансын
жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық қажеттіліктің әлеуметтік-психологиялық зерттеулері
әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаған
ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.
43. Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымын жасау
44. Рекреациялық іс-әрекеттің жіктемесін жасау
45. Рекреациялық шаралардың типологиясын жасау
Қалпына келтірілген топ |
Даму тобы |
||
Рекреациялық емдеу шаралары |
Рекреациялық сауықтыру шаралары |
Рекреациялық спорт шаралары |
Рекреациялық танымдық шаралар |
Қатаң түрде анықтау әдісі бойынша санаторлық-курорттық емдеу шарасы: бальнеологиялық (минералды сумен)емдеу,батпақпен емдеу |
Таза ауада жүру және мөлшерлі физикалық салмақпен қыдыру,суға жүзу,әр түрлі ойындар,саңырауқұлақ және жеміс-жидек теру, күн мен ауа ваннасы,пассивті тынығу т.б. |
Адамның күш-қуатын өсіру шарасы(спортты ойындар,моторлы су спорты,ұзақ уақытқа сапарға шығу,шаңғы спорты,тау шыңдарына шығу т.б.) |
Адамды рухани дамыту шарасы(мәдени және табиғи ескерткіштерді көру,мұражайларға бару,табиғи және қоғамдық құбылыстармен танысу т.б.) |
