Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рекр ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
137.03 Кб
Скачать

28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір

түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана

ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін

қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.

Рекреациялық іс-әрекет белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұндай

тәсілдерді "рекреациялық шаралар" деп атайды. Сонымен, "рекреациялық

шаралар" – бұл рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асырудағы тәсілдер /1/.

Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреациялық шараларды бөліп

қарауға болады: суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек

жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т.с.с.

Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт

шараның басын қосады

Рекреациялық-емдеу шаралары – бұл арнайы шаралар жүйесі,

санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен

емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық-

сауықтыру шараларының түрі әр алуан болып келеді. Бұған кіретіндер:

қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс,

саңырау-құлақтарды жинау және т. б.

Рекреациялық-спорт шаралары, негізінен, адамның күш-қуатын дамытуға

бағытталған. Бұған кіретіндер: спорттық ойындар, желкенді және моторлы су

спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу

және т. б. Рекреациялық-танымдық шаралар адамды рухани дамытуға

арналған. Бұған жататындар: мәдени ескерткіштерді көру, табиғаттың

құбылыстарымен танысу және т. б.

Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды жай рекреациялық

шаралар дейді.

Жай рекреациялық шара – бұл ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық

29.Рекреациялық географияда қолданатын зерттеу әдістерді ашып көрсету

Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық,

аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін,

социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.

ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет,

яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін

қолданады.

Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі екі бағытта жүргізіледі:

1) генетикалық талдау – ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мен

даму кезеңдерін қарастырады;

2) болжам әдісі – болашақта болатын рекреациялық қызмет көрсету

мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды.

Картографиялық әдіс. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын,

туристік ағымдардың қозғалуын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге

болады. Сонымен қатар картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың

функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданады.

Математикалық талдау мен моделдеу әдісін жиналған мәліметтерді тез

өндеу үшін пайдаланады.

Социологиялық зерттеулерде негізгі қолданатын әдістер – анкеталық,

интервью алу, құжаттарды оқып-зерттеу (мысалға туристік жолдамаға

тапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы).

Баланс әдісі рекреациялық қажеттіліктерді, рекреациялық ресурстарды,

материалдық-техникалық базаның сыйымдылығын ескеріп, ТРЖ-нің дамуын

жоспарлау мен болжамдау және талдау жасау үшін қолданатын есептеу

әдістерінің жинағы.

Жоғарыда айтылған әдістермен қатар рекреациялық географияда

экономикалық, медициналық-биологиялық әдістер және рекреациялық

қызмет көрсетудің экономикалық әсерлігін анықтау үшін, туристік сұраныс

пен ұсыныстарды болжамдау үшін сараптау әдісі қолданады. реациялық географияда қолданатын зерттеу әдістерді ашып көрсету

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]