
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі қалай іске асырылады? Мысалдар келтіру
- •3,«Бос уақыт» деген не? Қазіргі адамның өмірінде қандай орын алады? "Бос уақыт" – рекреациялық
- •4.Бос уақыттың қандай функцияларын айыруға болады? Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •5. Рекреациялық іс-әрекет мезгілдері мен аумақтық белгілері бойынша қалай сипатталанады? Жоғарыда айтылғаннан "рекреациялық іс-әрекеттің" анықтамасын беруге
- •6. Демалыс, рекреация және туризм анықтамаларының ара – қатынасын ашып көрсету 2-сурет
- •8. Қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер дегенді қалай түсінесіз? Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің
- •9. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз
- •11. Рекреациялық географияда пайдаланатын негізгі түсініктер: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт,
- •12. Бос уақыттың негізгі функциялары; пайдалану сипаты бойынша бос уақыттың бөлінуі Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына
- •13. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсетіңіз. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді /1/: 1)
- •14. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?
- •15. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктер: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс-әрекет
- •16. «Рекреациялық іс-әрекет» деген не? Оның ерекшеліктері қандай? Рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық қажеттілік,
- •17. «Рекреациялық шаралар» деген не? Олардың түрлерін атап шығыңыз. Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •18. Рекреациялық әрекеттің түрлері мен циклдері, тәуліктік, демалыс және өмір циклдерінің құрылымы Рекреациялық іс-әрекеттің түрі (рэт) – жай рекреациялық шараларды
- •19. «Рекреациялық іс-әрекет циклы» деген не? Адам өміріндегі қандай циклдерді білесіз?Күнделікті өмірде рекреациялық шаралар алмасып тұрады. Шаралар
- •20. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндесі орны, оның географиялық және басқа ғылымдармен байланысы Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •21. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторларын анықтау Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •22. «Рекреациялық сала» деген не?Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •23. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз. Рекреациялық қызмет көрсету өндірістің материалдық емес сферасына
- •24. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттары қандай? Оларды анықтаған кеңес және шетел ғалымдары кім болған? Рекреациялық саланың территориялық ұйымдастыруына елеулі әсер
- •25. Бұрынғы ксро-да рекреациялық мәселелерімен кім айналысқан? Бұрынғы ксро-да география
- •26. В.С. Преображенскийдің территориялық рекреациялық жүйе (трж) ұғымына сипаттама беріңіз.7-сурет Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде
- •27. Рекреациялық іс-әрекет жіктелуінің негізі қандай? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •28. Рекреациялық іс-әрекет түрлеріне сипаттама беріңіз. ? Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір
- •30. Рекреациялық географияның өзге де ғылымдар арасындағы байланыстары жөнінде айтып беріңіз. Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста
- •31. Жалпы және аймақтық рекреациялық география ұғымдары
- •3) Туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, кемпингтер,
- •35. Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу міндеттері
- •41. Демалыс, рекреация және туризм түсініктерінің қатынасын көрсету 2-сурет
- •46. Рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастыру факторлары мен шарттарын құрастыру
- •47. Қажеттіліктерді (сұранысты) туғызушы факторларды қалыптастыру
- •48. Рекреациялық қажеттілікетерді іске асыратын факторларды қалыптастыру
- •49. «Рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын және олардың өзара қатынасын, айырмашылығын ашып көрсету
- •56. Табиғи кешеннің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •57. Техникалық құрылыстардың трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •58. Қызмет көрсетушілердің трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суреттеп беріңіз.
- •59. Басқару органның трж басқа шағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын суре
- •60. Рекреацияның негізгі мақсаттық функцияларын атап беріңіз.
- •61. Рекреацияның түпкі мәні және негізігі қоғамдық функцияларын ашып көрсету
- •64. Туризм және экскурсия анықтамалары, олардың айырмашылығы
- •68. Туризмнің хх ғасырдың екінші жартысындағы қарқынды дамуының басты себептерін атап шығыңыз.
- •69. Рекреациялық іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шоғырланған және шоғырланбаған факторларын сипаттап беріңіз
- •70. В.М. Кривошеев пен и.В. Зориннің матрицасын жасау 3кесте
1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң және теріс көріністерін, туризмге тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғыл.-тех. және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.
Ең алдымен, өнеркәсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің ұлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылым және техника жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғыл.-зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесінде ғылыми-техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңі: ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуімен; өндіріс құралдары мен шаруашылық қарым-қатынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғыл. ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, кешенді зерттеу қарқынының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейлінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, «ғаламдық проблемалар» деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми-техникалық революцияның басты ғыл.-тех. бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан.
Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы ғылыми-техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға шығарып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми-техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықтық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықар. деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мыс., табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғыл.-тех. жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артып келеді