
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
Алғашқы грек даналарын «стихиялық немесе аңғал материалистер» деп атауға болады. Өйткені олар бастапқы мән ретінде атаған стихияларға (атомдар, гомеомериялар) материалды сипат тән. Ал кейбірін «аңғал идеалистер» деп атауға болады: олар болмыстың түпнегізі ретінде идеалды күштерді немесе мәндерді ұсынады.
Ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңіне – натурфилософияға космоцентризм тән. Яғни философияның орталық мәселесі ретінде Космос, оның құрлымы (космология) және шығуы (космогония) қойылды. Космостың шығуы туралы сұрақ болмыстың бастапқы түпнегізі туралы түсінікпен тікелей байланысты еді.
Алғашқы кезең философиясының еңбектерінен бізге бірде – бір шығарма толық жеткен жоқ – кейінгі антикалық авторлар арқылы цитата түрінде жекелеген фрагменттер ғана белгілі.
Ежелгі грек философиясының пайда болуы мен алғашқы даму кезеңдері Ионияда – Кіші Азияда басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолдарының қилысында орналасуы грек философтарының түрлі Шығыс ілімдерімен танысуына жағдай тудырды. Ионияны парсылықтар жаулап алғаннан кейін философия дамуы тоқтап, грек философтары Жерорта теңізінің батыс аудандарына көшуге мәжбүр болды.
Философия дамуының екінші географиялық орталығы – ұлы Грекия атанған Оңтүстік Италияның аудандары мен Сицилия аралдары болды. Қазіргі кезде грек философтарының алғашқы кезеңінің барлық философтарын «Сократқа дейінгілер» деп атау қабылданған.Ежелгі Грециядағы алғашқы, натурфилософиялық кезеңіндегі Сократқа дейінгі философиялық мектептер б.д.д. VII-Vғасырларда қалыптасу үстіндегі ежелгі грек полистерінде пайда болды.
Пифагор және пифагореизм
Негізін қалаушысы – Пифагор. Пифагореизмнің кейінгі дамуы – ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңінде пайда болып, антикалық дүниенің соңына дейін өмір сүрген пифагорейлік одақтың әрекетімен байланысты болды.Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы Самос аралында туылып, Египет пен Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп өз мектебін – Пифагорлік Одақты – ғылыми –философиялық және саяси қауымдастықты құрған ежелгі грек философы.Пифагорға «Пифагор теоремасының» дәлелін тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымнан теориялық ғылымға айналдыру
Философиялық көзқарастары. Пифагорды Ежелгі Грецияның ең бірінші идеалисі деп санауға болады. Өйткені болмыстың түпнегізі ретінде ол идеалды мәнді – сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды. Сандар арасындағы пропорциялар Әлемдік Гармонияны құрайды. Пифагорға бұл ойдың келуі туралы аңыз бар: бірде шеберхана тұсынан өтіп бара жатқан ол салмағы әртүрлі балғалардың төске ұрылғанда түрліше дыбыс шығаратынын байқайды. «Әрбір балғаның көлемі мен салмағы, демек, барлық байланыстар сандар арқылы өлшенеді. Олай болса сандар – нәрселер мен заттарға иелік етеді, сандар дүниені басқарады» деп шешеді Пифагор. Сандар геометриялық фигуралармен байланысты. Барлық материалды денелерді құрайтын бес стихия да санмен байланысты. Мысалы, Жер – кубтық формадағы бөлшектерден құралады;
Пифагор философиясында бұрын мифологияда айтылмаған бесінші стихия – Эфир туралы түсінік бірінші пайда болды. Пифагор Эфир бөлшектері – додекаэдрлерден құралғанына сенді. Орфиктер сияқты, Пифагор да жанның алмасуына – денеден денеге көшетініне сенді.Пифагор пікірінше, дүниенің ортасында Жер тұр. Эфирдегі басқа аспан денелерінің барлығы Жерді айналып қозғалуда, Эфирдегі әрбір планета қозғалған сайын монотонды түрде, өзіне ғана тән, белгілі дыбыс беріп, ал ғарыштық денелердің дыбыстары жиналып келіп нәзікте әуенге сезімтал адамдар ғана ести алатын мелодия құрайды.Пифагор құрған Пифагорлік одақ ғылыми- философиялық және саяси бірлестік болды. Одақ – жабық ұйым, ал оның ілімі – құпия болды. Пифагорлік Одаққа азат адамдар, бірақ көпжылдық дайындық пен тексеруді сәтті өткендер ғана қабылданған.
Элей мектебіМектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының атымен аталады. Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс» «қозғалыс» - филосиялық ұғымдарын қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын ғана баян еткен болса, элеаттықтар алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік, тәндік дүниенің «елес» екндігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне – ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.
Ілім тағдыры. Элеаттықтар ілімі Платон мен Аристотель және олардан кейінгі бүкіл европалық философияға ықпал етті, ал Зенон апориялары әлі күнге дейін толассыз қызығушылық пен шешу жолдары туралы талпыныстарға толы.
Атомизм Демокрит – Элладаның Абдера қаласында туылып, Афиныда
өмір сүрген, көп саяхаттап Египетте, Вавилонда, мүмкін Үнді мен Эфиопияда болған, әрдайым адамда кездесетін ақыл таяздығын
әжуалаумен өткендіктен «Күлегеш» Демокрит атанған ежелгі грек философы.Демокрит түрлі салалар бойынша 70-ке жуық еңбек жазған деген мәлімет бар. Бірақ олардың бірде – бірі бізге жетпеген. Атомизм мәселесі Демокриттің «Большой домострой», «Малый домострой» еңбектерінде баяндалған.Демокрит пікірінше, болмыс түпнегізі: атом және атомдар қозғалатын бос кеңістік. Атомдар – заттың ұсақ, бөлінбейтін бөлшектері. Әрбір атом мәңгі және өзгеріссіз. Атомдар пайда болмайды және жойылмайды. Атомдардың саны шексіз, олар көлемі, формасы және кеңістікте күн сәулесі түскенде көрінетін шаң – тозаңы сияқты «билеп жүреді»
Дүниеде бар заттардың барлығы атомдардан және бос кеңістіктерден құралады, заттардың пайда болуы мен жойылуы – атомдардың бірігуі мен бөлінуінің нәтижесі. Уақыт өте барлық заттар ыдырайды, ал оларды құраған атомдар өз тіршілігін жалғастырады. Дәстүрлі төрт стихияны Демокрит басқа нәрсенің барлығы құралатын «орта басқыштар» деп атайды. Ауа, су, жер – түрлі формадағы атомдардан құралады, ал от – тек шар бейнелі атомдардан.