Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.97 Кб
Скачать

56. Мәдениет және өркениет.

Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды терең теориялық мәнді ұғымдардың бірі. Мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениет субьектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологгиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады. Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп отырады. Мәдениет көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады,  мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды.  Табиғи ортаны игеріп, қоғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл — өркениеттілі пен мәдениет өзара тығыз байланысты және бір обьективті негізде дамиды. Мәдениет және өркениет.Бұл екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Оның екі түрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние. Біріншісіне – үй, өндіріс, киім-кешек, екіншісіне – қисса, ертегі, өлең-жыр, діни ғылыми ұғымдар жатады. Өркениет деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада –алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында  — бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, тар мағынада — әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері Үнді өркениет, Вавилион өркениеті т.б. Айталық, тағылық құрылымға қарағанда, құлдық қоғам көп ілгері дамығандық.Мұнда таптар бар, мемлекет пайда болған, жазу қолданылған, тәртіп орнатылған. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі дейді. Бірақ бұл даму шегі емес. Қоғам одан әрі дами береді. Бұл қркениеттен екінші өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны кесіп пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не?Біздіңше, егер мәдениет дамудың көбінесе обьективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда, менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ менен тыс тұрған не материалдық , не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол обьектінің маған тиімділігі , игілігі. Мәселен, қарапайым арбада, қазіргі жеңіл машинада, өнер-білім де мәдениет жетістіктері, ал енді сол арбаны да, жеңіл машинаны да, өнер –білімді де пайдалану маған жасалған жеңілдік, игілік. Мәселен, жұмыс істеу, сөйлей білу, жүріп-тұрудың да мәдеиеті бар. Ал енді сол мәдениетті игеру өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мәлениетті болды.Соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік . Солай да болды. Енді бүгін ол ұғым нақтыланды, ауыл мәдениетінің де қоғамға пайдалы , бағалы жақтарын көрсетіп отыр. Мәдениетті игеру, бойға сіңіру, қоғам мақсатына жұмсау- міне, өркениеттілік дегеніміз осы. Ол ең алдымен прогресске, заңдылыққа, ізгілікке, әділеттілікке байланысты.

Жоғары дамыған күрделі техникада, ғылыми табыстар да әртүрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел. Ол елде езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге жәрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа ұмтылған елдердің теңдігін аяққа басуда бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]