
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
«Этнос»: белгілі бір мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымы.
Этнос субъектісі (шынайы ұлт өкілі) ұғымының мәнін анықтау үшін біздің зерттеуімізге арқау болған Л.Н.Гумилевтің этнос теориясы. Ғалымның этнос туралы теориясын бағалауда әр алуан көзқарас болғанына қарамастан, оның жекелеген идеялары – «пассионар теориясы» этнос субъектісін қалыптастыруда маңызды әрі аса құнды деп ойлаймыз.
«Эндогамия» - ұлттың биологиялық төлтума бітімін сақтап, оның жойылып кетуінің алдын-алады. Бұл теория аралас некенің сандық шегін анықтап, одан аттау ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді. Ұлы ойшылдарымыздың «толық адам», «түзу адам», «сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымдары Л.Н.Гумилевтің «пассионар» теориясымен сәйкес келеді, әрі бірін-бірі толықтырады. «Толық адам» ұғымы жас ұрпақтың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін адам қалыптастыру мақсатында пайдаланылса, «пассионар» ұғымында рухы биік, ұлттық сана-сезімі жоғары Адам қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Мұндағы айтарымыз пассионарий адамдар – мол рухани психикалық қайрат иелері, олар бар күшін жоғары мақсатқа – ұлт (этнос) мүддесіне жұмсайды, оны өзінің жеке мүддесінен анағұрлым жоғары қойып, баю, дүние жиюға емес, жан-тәнімен ұлт мүддесіне қызмет етуге сарп етеді.Олар басында аз болғанымен, көпшілікті өзіне ілестіре алады, этносының есінде, тарихта қалатын шаруалар тындырады.
Л.Н.Гумилевтің айтуы бойынша, этностың пайда болуы пассионарлық дүмпуден басталып, соның күші жойылғанша этнос ішіндегі пассионарийлер мен субпассионарийлердің күресінен, текетіресінен құралып, ғасырлар бойы созылып, этностың құруымен аяқталады. Ол дүмпу – пассионарий адамдардың әрекеті, ондай адамдар этностың гүлденуін қамтамасыз етеді.Бастапқыда олар бастаған этнос соғысып, бабаларымыздың айтуынша, «тізесі барды бүктіріп, басы барды игізіп», өзін танытып, өміріне қажетті кеңістік, жер, ландшафт иемденіп, соның қожасы болады.Сол жерде тұрып, дамып, гүлдеп, мәдениеті шарықтап, толастайды.Заман өте этностың пассионарийлері азайып, субпассионарийлері көбейіп, ол әлсіреп, рухани азайып, мәдени тозып, жоқ болады.Ал адамзат тарихы одан әрі жалғаса береді.Біздің зерттеуімізге негіз болған Л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түйіндейтін болсақ, ұлттың қалыптасуының, дамуының өзара байланысты, үйлесімді сатылары, көптеген жылдарға созылады.Дамудың жаңа кезеңі келесі пассионарлық күштің әсерінен болады.Бұл жерде жаңа пассионарлық популяция пайда болады.Ол ескі этносты жоймайды, керісінше, этногенездік процестің дамуына жол ашатын жаңа ұлт өкілін, яғни этнос субъектісін дүниеге әкеледі.
Этникалық жүйелер деп мыналар есептеледі:
Биологиялық жағдайы қалыптасқан адамдар тобы (арыстандарда прайд)
Адамдардың ландшафтқа қалыптасу формасы
Біркелкі комплементарлық адамдар тобы, өздерінің бірлігін мойындайтын және басқа этникалық жүйелерге өздерін қарсы қоятын адамдар
Өздерін ұстау нормалары бірдей адамдар тобы
Бір тамырдан шыққан және синхромдық тарихы бірдей адамдар тобы
Тұрақты эволюциялық жүйелер
Иерархиярлық құрылымдар
Этникалық жүйелер жалпы жағдайда мыналар болуы емес: Тіл, Дін, Мәдениет, Заң бірақ, болуы да мүмкін.
Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады. Сонымен қатар пассионарилердің айналадағы адамдардың мінез-құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адам ұжымдарының белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып, жекелеген пассионарилердің белгілерін сипаттай келе Л.Н. Гумилев әр дәуірлерде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Александр Македонский,Ганнибал, Корнелий Сулла, Шыңғысхан, Жанна д'Арк, Ян Гус, Протопоп Аввакум және басқа да тарихи түлғалардың өмірі мен қызметін талдай келе Гумилев белсенді өмірге деген ішкі құлшынысы материалдық құндылықтарды іздеуден де, әлеуметтік ортаның шарттарын таңуынан да тұрмайтын оларды біріктіретін барлығына тән ортақ белгілер кешені бар екенін анықтады. Керісінше, көптеген пассионарилердің жоғары белсенділігі айналасындағылардың айыптауына ұшырап, түсініспеушілігін тудырды, ақыр соңы қазаға да әкелді. Пассионарлықты популяциялық деңгейде (этникалық ұжымдардың белсенділігі ретінде) және индивидуалды деңгейде (мінез- құлық шабыты) сипаттай отырып, Л. Н. Гумилев бұл феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды.