
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық эәне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) және синтез(қиыстыру,біріктіру) әдістері үлкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объектіні онша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау әдісін анализ деп атайды.Таным процесі анализбен шектелмейді. Объектінің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу керек. Бұл синтез әдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез – адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде өмірге келген әдістер. Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бұған кереғар әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуді дедукция деп атайды. Адам сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдап,біле алады, ал оның ішкі мәнін, даму заңдылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады. Сонда абстракциялау дегеніміз зерттелуге жататын заттың, объектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Жекелеген абстаркциялаудан әрі қарай ой жүйесі енді нақты затқа бағыт алып қозғалуға тиіс, сонда ғана таным процесі нәтижелі болмақ. Ғылымда бұл әдіс абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу немесе идеализация деп аталады. Зерттеліп отырған объектіні жан-жақты даму үстінде қарастыру үшін тарихи және логикалық әдістер қолданылады. Тарихи әдістің мәні объектінің пайда болу, қалыптасу және даму жолын тарихи тұрғыдан барлық бұрылыстары мен кездейсоқтықтарын ескере отырып, даму кезеңдерін хронологиялық ретпен зерттеп шығуға келіп саяды. Логикалық әдіс тарихи процестің басты мазмұнын, өзегін қамтиды. Ол объектінің даму жолындағы елеулі, мәнді кезеңдерді, негізгі заңдылықтарды көрсетеді. Сондықтан тарихи және логикалық әдістер өте тығыз байланыста болып, бірін – бірі толықтырып отырады. Мәселен, адамзат тарихы дүниедегі барлық халықтардың даму жолын, олардың ұлттық, табиғи және т.б ерекшеліктерін қамтиды. Дегенмен, олардың бәрінің дамуында ортақ мәнді жақтар мен заңдылықтар бар екені сөзсіз. Осы заманғы ғылыми танымда жүйелік – құрылымдық әдіс немесе модельдеу әдісі кең қолданылады. Бұл әдіс зерттелетін объектіні өте күрделі, өзіне тән құрылымы, құрамындағы элементтердің жүйелі байланысы бар құбылысы ретінде қарастырады.
53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
Ақиқат мәселесі, яғни күмәнсіз, шынайы, адекватты білім мәселесі Ежелгі Грекияда қойылып ,пайымдалған. Элеаттар мен софистер әсіресе сезімдік қабылдауға негізделген біздің біліміміз қоршаған орта туралы шынайы мәлімет беріп және оны дұрыс бейнелейтініне күмән келтірген болатын. Платон мәңгі және өзгермейтін идеялар туралы білім ғана мүмкін, ал сезімдік әлем туралы мәлімет, пікірлер жалған деп санады.Сондықтан да объективті құбылыстар мен білімнің арасындағы сәйкестікті бекіту мәселесі пайда болды. Философияда мұндай сәйкестік ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: «ажыратылғанды-ажыратылған,байланысқанды – баййланысқан дер есептейтін адам шын сөйлейді, ал жалған сөйлейтін адам- заттардың нақтылығы туралы кері ойлайтын адам». Аристотельдің бұл сөздері ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол біздің заманымызға дейін жетті. Бұл концепция бойынша, ақиқат – бұл объективті құбылыстар мен үдерістер және жекелеген ұғымдар арасындағы сәйкестік емес, белгілі бір түйіндер, яғни пікірлер және істің объективті жағдайы арасындағы сәйкестік болып табылады.Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектика заңдары бойынша дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды.Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді.Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын тереі танып, оларды синтездеп және осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз. Салыстырмалы және абсолютті ақиқат диалектикасының ерекшелігі, біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады.Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер қоршаған әлем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасы көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, «есептеуге» және «өлшеуге» болатынын айқындайды. Қазіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырылған теориялар мен формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың абсолютті дәл күмәнсіз білімге жақындағанын көрсетеді.