Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
198.97 Кб
Скачать

49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.

Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: материалист Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалек­тиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.

Тарихи материализмнің гносеологиялық мәні:

  • қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде адамдар өздерінің өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше, объективті, олардың еркінен тәуелсіз өндірістік қатынастарға түседі (еңбек өнімдерін сату, материалдық өндіріс, еңбек бөлінісі);

  • өндірістік қатынастар, өндірістік күштердің деңгейі экономикалық жүйені құрайды, ал бұлар қоғамдық қатынастардың, қоғамның мемлекеттік институттарының базисі болып табылады;

  • аталған мемлекеттік және қоғамдық институттар, қоғамдық қатынастар қоғамдық базистің қондырғылары болып есептеледі;

  • базис пен қондырма бір-біріне әсер етеді;

  • өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейіне және базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялар бөлініп шығады – алғашқы қауымдық құрылыс (өндіргіш күштер өндірістік қатынастар деңгейі төмен, қоғамның бастамасы); құл иеленушілік қоғам (экономика құлдыққа негізделген); өндірістің азаттық тәсілі – ерекше қоғамдық экономикалық формация экономика бұқаралық, ұжымдық мемлекет қаиаң бақылауға алған азат адамдардың, жер өңдеушілердің еңбегіне негізделген (Ежелгі Египет, Месопотамия, Қытай); феодолизм (экономика ірі жеке жерменшігіне және тәуелді шаруалар еңбегіне негізделген); капитализм (өнеркәсіп өндірісі, жалдамалы жұмысшылар еңбегіне негізделген); социалистік (коммунистік) қоғам тең құқықты адамдардың ерікті еңбегіне негізделген. Бұл қоғамда жеке меншік жоқ, меншік мемлекеттік.

  1. Өндіргіш күштердің өсу деңгейі өндірістік қатынастардың өзгеруіне және қоғамдық-экономикалық формация мен қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына алып келеді;

  2. Экономикалық деңгейі, материалдық өндіріс, өндірістік қатынастар қоғам мен мемлекеттің тағдырын, тарихтың барысын анықтайды.

  1. Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Ганс Гадамер философияны таным позициясынан – түсіну позициясына ауысуға, көшуге шақырды. Адам болмысы оның өз болмысы туралы уайым – толғауынсыз мүмкін емес. Адам өмір бойы, біріншіден, тәжірибе жинақтайды (ол тәжірибенің көп құрайды), екіншіден , әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады. «Әлемдік тәжірибені» өткен ұрпақтан қазіргіге және қазіргі ұрпақтан – келешекке берудің басты жолы – кітап, ондағы мәтіндер «тіл». Демек, мәтін тілін талдау, оны түсіну – ұрпақтар арасындағы жетекші бағытқа айналуға тиіс. Герменевтика – түсініктің, түсіндірменің, интерпретацияның теориясы мен практикасын зерттейтін философиялық бағыт. Өз атауын герменевтика құдайлар мен адамдар арасында байланысшы рөлін атқарған: құдайлар еркін адамға, ал адамдар тілегін құдайларға жеткізумен айналысқан ежелгі грек құдайы Герместің атынан алады.

Герменевтика қарастыратын негізгі сұрақтар: 1)түсіну, түсінік қалай мүмкін болады? 2)мәні түсінік болып табылатын болмыс қалай құрылған (түсінудің құрылымы қандай?).

Герменевтиканың басты идеясы: Тіршілік ету дегеніміз түсінілу.

Герменевтиканың зерттеу пәні мәтін болып табылады.

Герменевтиканың фундаменталды ұғымдары: 1) «герменевтикалық үшбұрыш» - мәтін авторы, мәтіннің өзі және оқырман үшеуі арасындағы өзара қатынас; 2) «герменевтикалық шеңбер» - түсіну процесінің циклдық сипаты.

Герменевтика – герменевтикалық жағдайдың – мәтінді дұрыс теңдеу мен түсіндіру қажеттілігі – тууына байланысты пайда болды.

Алғашқы герменевтер – Інжіл мәтіндері арқылы берілген құдыретті ойды ашып, «түсіндірумен» айналысқан ортағасырлық теолог-схоластар (Ф.Аквинский т.б) болды.

Қазіргі заманғы философ-герменевтерге: Ф.Шлейермахер, М.Хайдеггер, Г.Гадамер, П.Рикер жатады.

Ганс Гадамер философияны таным позициясынан – түсіну позициясына ауысуға, көшуге шақырды. Адам болмысы оның өз болмысы туралы уайым – толғауынсыз мүмкін емес. Адам өмір бойы, біріншіден, тәжірибе жинақтайды (ол тәжірибенің көп құрайды), екіншіден , әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады. «Әлемдік тәжірибені» өткен ұрпақтан қазіргіге және қазіргі ұрпақтан – келешекке берудің басты жолы – кітап, ондағы мәтіндер «тіл». Демек, мәтін тілін талдау, оны түсіну – ұрпақтар арасындағы жетекші бағытқа айналуға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]