
- •1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
- •Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептерінің ілімдерін талдаңыз
- •4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясының (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер) қарастырған негізгі мәселелерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •8.Сократ философиясының басты мәселесін ашып көрсетіңіз.
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімін талдаңыз.
- •Аристотель “материя” және “форма” түсінігіне қандай анықтама берді? Талдау жасаңыз.
- •11. Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеяларын сипаттаңыз (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.Б.)
- •12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
- •16.Қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •23 Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •25. Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.
- •30. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерінің (бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент) мәнін ашып көрсетіңіз.
- •31.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •32. Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •34. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер қалай қалыптасты? Мәнін ашып көрсетіңіз
- •35. Платон философиясы: “идея” теориясы кейін қай философтардың ілімдерінде көрініс тапты? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •36. Марксизм философиясының ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •37.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық сана.Сананың тағы қандай түрлерін білесіз? Сипаттап, салыстырыңыз.
- •38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •41. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптерін сипаттаңыз.
- •Мәдениет және өркениет дегеніміз не? Осы мәселеге қатысты қандай философтардың ілімдерін білесіз? Оларды салыстырыңыз.
- •43. Таным дегеніміз не? Танымның түрлерін сипаттап, салыстырыңыз.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •46. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •47.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктерін (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) сипаттаңыз.
- •48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •51. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси, құқықтық және діни сананың мәнін ашып көрсетіңіз.
- •52. Танымның теориялық деңгейінің әдістерін (анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу мен идеализация, тарихилық пен логикалық, моделдеу) сипаттаңыз.
- •53. Ақиқаттағы салыстырмалылық пен абсолюттіліктің, нақтылық пен абстрактіліктің арақатынасы қандай? Мәнін ашып көрсетіңіз.
- •54. Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы мәселе ретінде.
- •55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •Адам. Жеке адам және тұлға мәселесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі.
- •60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері
38. И. Кант философиясындағы «априори», «апостериори», «антиномия», "бұлжымайтын императив" ұғымдарына анықтама беріңіз.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу».
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
«Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770).
«Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм).
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді:
1) Апостериори ( лат. А роsterori- келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.
2) Априори (лат. А ргіогі - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.
И.Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті. Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек.
Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта отырып, априори теориясын ұсынды: 1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз, а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді. 2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, «антиномиялар» тудырады. Антиномия - (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) – 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.
Ал адамгершіліктік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заңы адамның абсолюттік еркіндігін реттеуші. Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Бұлжымайтын императив (категорический императив) - Кант ұсынған адамгершілік заңы: сен өзіңе басқаның қиянат жасағанын қаламасаң, сен де басқаға қиянат жасама. Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже.
Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив (Кант философиясының бұл ұғымы қазақ тіліндегі философиялық әдебиетте «категориалды императив», «әдептілік императиві» деп аударылып, аталып жүр. Менің ойымша, Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданғанымыз жөн) парыз ұғымына негізделген. Кант парызды аса жоғары бағалайды. Оның пікірінше, парыз рацио-налды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән табиғи қасиет. Кант үшін парыз категориясы антропологиялық мәселелерді шешуге кілт болды деуге болады, себебі адам өзі мен адамзат алдындағы парызын орындау жолында өзінің рухани-адамгершіліктік мүмкіндіктерін жүзеге асырады, өз тағдырын өзі жасай алатындығын, табиғи инстинктерді жеңіп, адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді.
Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны».